Ортасы | Бұйымды жасаудың кезеңдерін талқылау. Нобай құрастыру; Материалдарды таңдау; Бұйым жасау; Бұйымды әсемдеу. Ой қозғау сұрағы: Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер? Композицияның қандай заңдылықтары бар? Зергерлер әшекей бұйым жасауда қандай заңдылықтарды ескерген? Зергерлік бұйым жасауда қандай металл түрлері қолданылады, неліктен? Қандай асыл тастарды пайдалануға болады және адам ағзасына қандай пайдасы бар? Сен өзің қандай қолайлы материалдарды қолданып зергерлік бұйым жасар едің? Практикалық тапсырма. Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін нобай орындауға кіріседі. Нобай альбомда орындалады. Қойылған сұрақтардың жауаптарын сараптап, оқушылар зергерлік бұйымдарға қолайлы материалдар таңдайды және бірнеше нобай үлгілерін жасайды. Нобай жасау барысында, таңдалған материалдарын ескеру қажет. Мысалы; фольга, сым түрлері, картон,түрлі түсті тастар, бисер, жіп түрлері т.б. Жұмыс барысында ұлттық нақыштар көрініс табуы қажет.Әр оқушы жасаған нобайларын іске асыру жоспарын құрастырады. Жасаған нобайлары мен жоспарын жұпта талқылайды. | Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | Дискриптор Бұйымның нобайы мен сызбаларын сызады. Заманауи қолда бар материалдардың ерекшеліктерімен таныс. Көркемдік материалдармен экперимент жүргізеді. | Голландтық өнертапқыш ластанған ауадан зергерлік бұйымдар жасап шығармақ https://www.youtube.com/watch?v=PSouWmG20XA |