Негізгі бөлім. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына жаттығуларды жетік білуіміз керек: -бір орында ұзындыққа секіру, -үш қадам жасап секіру, -жылдам жүгіріп келіп секіру. Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі: қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп,аяқты бүгіп секіру. Ұзындыққа секіру: 1)екпіндей жүгіру, 2)жерден серпілу, 3)қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң жүгірсе,соғұрлым алысқа секіреді. Ұзындыққа секіруді жақсы секіру үшін мына тәсілдерді үйрену қажет: -тез жүгіре білу жаттығуын қайталау, -серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау, -жерге дұрыс түсе білу, Топтық жұмыс. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Оқушыларға баскетбол және волейбол доптары бейнеленген суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді. Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді. Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды. Секіру техникасын бағалау |