Тамаша! Топтармен таныстық. Енді кім бірінші боп бастайтынын анықтау үшін екі капитанды ортаға шақырамыз. Сулифа ойнап білесіңдерғо! Ал бастаймыз...
Тамаша! Бастаймыз. Алғашқы сайысымыз «Көп сөйлеме» ойыны. Әр ойыншыға 30 секунд беріледі. Берілген уақыт ішінде ойыншы өз командасына ұсынылған тақырып бойынша мүмкіндігінше көп сөз көрсетуі керек. Әр сөз 1 ұпаймен бағаланады.
Кім бірінші? Дайынбыз ба? Ысқырықпен бастаймыз, ысқырықпен аяқталады. Мен сөздерді көрсетіп тұрам. 1) Дүкен, қауырсын, шатыр, кесе, копьютер, сүлгі, бор, гүл.
Келесі топтан... 2) Дәрумен, журнал, оқушы, от, қоңырау, мақта, қасық, тауық.
3) Ханшайым, тақта, қоян, галстук,құдық, слайд, караоке, қар.
4) Ой, айдаһар, шар, қаз, саябақ, қаламсап, ине, қасық.
5) Газет, торғай, бұрыш, қыран, ноутбук, етік, жаңбыр, маска .
6) Мұғалім, көзілдірік, қарындаш, сурет, сөмке, торғай, телефон, газет.
7) Би, ұштағыш, циркуль, өрмекші, саусақ, етік, теледидар, торт .
8) Нан, ән, уақыт, сабын, күн, вк, микрофон, күнтізбе.
Ойын қызықты болып жатқан сияқты. Ұпайларыңыз...Уайымдамаймыз алда әлі ойындар бар. Келесі ойын «Суреттер сөйлейді». 40 секунд уақыт беріледі. Ойыншылар өз командаларына жасырылған мақалдарды сурет салу арқылы түсіндіреді. Ұпайы аз команда бастайды.
1)Таяқ еттен, Сөз сүйектен өтеді.
2) Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
3) Су ішкен құдығыңа түкірме.
4) Отан отбасынан басталады.
5) Досы жоқ адам, тұзы жоқ тағам.
6) Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
7) Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.
8) Туған жердің күні де түні де ыстық.
«Бетпе-бет».Бұл капитандар сайысы. Ортаға екі топ капитандары ортаға шақырылады. Команданың өзге ойыншылары қолы байлаулы күйде бір сөзді бірдей өз капитандарына кезекпен түсіндіреді.Қай капитан бірінші болып тапса соның тобына ұпай есептеледі. Дұрыс жауап 30 ұпайға тең.
Дайынсыздарма? Ал кеттік. 1мин уақыт. «К»әрпінен басталатын сөздер. Көпшік, кітап, кеме, крем, көлеңке, кино, кілт, колготки, көз, кабинет.
Енді «С» әріпі. Сырға, сағат, сызғыш, сабын, сыйлық, сыпырғыш, сегіз, сиыр, сөз, саябақ.
Ұпайларыңыз...