СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Әнші қыз.

     Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт:

- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

– О-о! Әншi болу үлкен арман. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi  ұстазы.

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.

Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.

Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген  ана:

– Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады.

– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек?

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi.

– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

– Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң,  ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды.

Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария да қатты сүйсiндi. Бiр күнi сабақтан әндетiп келе жатқан Бұлбұлға қарсы жолыққан  қария:

– Бұлбұл балам, – дей бергенi сол едi:

- Ата, уақытымды алмаңызшы, – деп, алды-артына қарамай жүрiп кеттi.

Атай қапа болып қала бердi.

Ертесiне қария болған жайды ұстазына баяндап бердi.

Ұстаз Бұлбұлмен оңаша сөйлестi.

– Кешегi күнiңнiң қалай өткенiн маған  баяндап бершi.

Бұлбұл бiрдеңенi сезгендей жолда тоқтатқан қарияны кiнәлай сөйледi.

– Асығып бара жатсам, ерiгiп жүрген Бүркiт деген кiсi «тоқта» деп едi, тоқтамадым.

– Жо-жо-жоқ! Бұлбұл, сен қатты қателестiң. Көргенi көп кiсiлердiң сөзiн бiр күн емес, өмiр бақи тыңдасаң да артық етпейдi. Есiңде болса ұстаздың қатаң талабына шыдасаң арманыңа жетесiң деп едiм ғой. Сондай талаптың бiрi жүрген жерiңде жұртқа жұғымды болу, соңыңнан жақсы сөз iлестiру.

– Иә, иә, – деді Бұлбұл .

Сол күнi Бұлбұл Бүркiт ақсақалдан кешiрiм сұрады.

Осы оқиғадан кейiн ұстаз шәкiртiнiң өзгергенiн байқады. Бiрнеше күн өткенде ұстазы Бұлбұлды шақырып:

– Бұлбұл, ендi екеумiздiң өнер жолындағы сабағымыз басталады, – дедi.

- Мұғалiм, ендi басталады дегенiңiз қалай, сiз менi бұрыннан берi әншiлiкке үйреткен жоқсыз ба?

– Жоқ. Мен сенiң бойыңдағы тамаша талантты танығаныммен, өнерге әлi баули қойғаным жоқ. Оған кедергi болған сенiң мiнезiңдегi кемшiлiктер. Есiңде болсын, өнер-бiлiмге ұмтылған әрбiр жеткiншек мiнезiне мiн, өнерiне сын айтылмайтындай тәрбиеленуi керек. Үйде де, түзде де мейiрбан, шыншыл, жақсы адамдарға жақын жүргенi абзал.  Сонда ғана елге сүйкiмдi болмақ.

– Мұғалiм, бұл өсиетiңiз тек әншiлерге байланысты ма?

- Жақсы адам болам деген жеткiншектiң бәрiне қатысты нәрсе. Сен халық алдында жүресiң. Ол сенiң ең бiрiншi сыншың, ақылшың, қолдаушың. Ал халық алдына шыққан әншiден жақсылық, iзеттiлiк, инабаттылықты көрiп барып талантын таниды. Сен осы жолда аз да болса сабақ алдың. Ендi сенi әншiлiкке баулу қиын емес. Ол сенiң өзiңде тұнып тұр. Сен менi түсiндi деп ойлаймын.

– Түсiндiм мұғалiм, түсiндiм. Мен сiздi бүгiннен бастап ұстаз деп айтайыншы?!.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әнші қыз

 

1. Бұлбұл ержеткен соң кім болуды  армандады?

А. Биші

В. Мұғалім

С. Әнші

Д. Дәрігер

 

 

2. Ата аналар жиналысында Бұлбұлдың анасы қызы жайлы не деп айтты?

А. Өте тәртіпті қыз.

В. Көп ұйықтайды, арманшыл.

С. Кей кезде бұзық болады.

Д. Өте жақсы оқиды.

 

 

3. Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қандай күйде болды ?

А. Қып-қызыл боп кеттi 

В. Іштей қатты қуанды

С. Мазасы кетті

Д. Қатты қобалжып , қорқып отырды.

 

 

4.   Ұстаздың Бұлбұлға қойған қатаң талаптарының  бiрi ?

 

 

1__________________________________________________________________________________________________________________

 

5. Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария қандай сезімде болды?

А. Бұлбұл үшін уайымдады.

В.  Оның ән айтқаны қарияға ұнаған жоқ.

С. Қобалжып отырды.

Д. Қатты сүйсінді.

 

6. Не себептен атай қапа болып қалды? Бұлбұлдың жасаған қылығы дұрыс па?

  2______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

7.  Мәтіннен ұстаздың Бұлбұлға айтқан нақыл сөзді тауып көшіріп жаз.

 

 1

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

8.Бұлбұлдың анасы қызын неге теңеді?

  2

__________________________________________________________________

 

 

 

9. Сен Бұлбұлдың орнында болсаң қайтер едің?

 

 1_________________________________________________________________________________________________________________________

 

10. Бұлбұл қандай теріс қылықтар жасады ?Оның жасаған істеріне қарап,  айқындайтын мысал келтір .

  3____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

11. Ойланып көр, өмірде осы оқиғадағы Бұлбұлға ұқсайтын адамдарды кездестірдің бе?

 

БІР  мысал келтіріп көр.

  3_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар»

Мектеп_______________________________________________________

Сынып________________________________________________________

Т.А.__________________________________________________________НҰСҚАУ

Бұл жұмысты орындау үшін сізге алдымен әңгіме немесе мақаланы оқып шығып, сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Кей тапсырма оңай болса, басқасы қиын болып көрінуі мүмкін. Сізге әр түрлі сұрақтарға жауап беру керек болады. Кейбір сұрақтарда 4 жауап нұсқасы ұсынылады. Сіздің ойыңызша дұрыс деген жауапты тауып, сол жауап нұсқасын қоршап белгілеңіз.


Үлгі ретінде мынадай бір сұрақ берілді. Қалай дұрыс жауап беру керектігі төменде көрсетілген.


1 МЫСАЛЫ

1. . «Төрт ана » өлеңінің авторы кім?

А . Ғафу Қайырбеков

В. Мұхтар Шаханов

С. Әдібай Табылды

Д. Тайыр Жароков


Мысалда В әріпі қоршалған түрде белгілеу керек, өйткені бұл өлеңнің авторы Мұхтар Шаханов. Егер сіз ойыңызды өзгертіп басқа нұсқаны таңдаймын десеңіз, өзіңіз ойлаған нұсқаны қоршаңыз. Жұмысты орындай отырып, оқылған мәтінді қайтадан бірнеше рет қарап шығып, сұраққа жауап табуға болады.


Кейбір тапсырмаларды орындағанда өз жауабыңызды жазуға, оған арнайы орын берілген. Төмендегі үлгіге қараңыз.


2 МЫСАЛЫ

2 Әңгімеленіп отырған әңгімедегі оқиға қай жыл мезгілінде болған?


1

_______________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________



2 мысалдың қасында қарындаштың суреті және оның жанында 1 цифры салынған, егер сіз сұраққа жауап берсеңіз, 1 ұпай аласыз.


3 мысалдың қасында қарындаштың суреті және 3 цифры салынған, егер сіз сұраққа жауап берсеңіз , онда 3 ұпай аласыз.


3 МЫСАЛЫ

3.Әңгіменің соңын бір мезгілде қызықты да, қайғылы не қылады? Өз ойыңды білдіру үшін, не туралы оқығаныңды пайдалан.


3

_______________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________

___________________________________________________________________________________________________________________




























Әнші қыз.

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт:

- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

– О-о! Әншi болу үлкен арман. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi  ұстазы.

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.

Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.

Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген  ана:

– Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады.

– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек?

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi.

– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

– Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң,  ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды.

Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария да қатты сүйсiндi. Бiр күнi сабақтан әндетiп келе жатқан Бұлбұлға қарсы жолыққан  қария:

– Бұлбұл балам, – дей бергенi сол едi:

- Ата, уақытымды алмаңызшы, – деп, алды-артына қарамай жүрiп кеттi.

Атай қапа болып қала бердi.

Ертесiне қария болған жайды ұстазына баяндап бердi.

Ұстаз Бұлбұлмен оңаша сөйлестi.

– Кешегi күнiңнiң қалай өткенiн маған баяндап бершi.

Бұлбұл бiрдеңенi сезгендей жолда тоқтатқан қарияны кiнәлай сөйледi.

– Асығып бара жатсам, ерiгiп жүрген Бүркiт деген кiсi «тоқта» деп едi, тоқтамадым.

– Жо-жо-жоқ! Бұлбұл, сен қатты қателестiң. Көргенi көп кiсiлердiң сөзiн бiр күн емес, өмiр бақи тыңдасаң да артық етпейдi. Есiңде болса ұстаздың қатаң талабына шыдасаң арманыңа жетесiң деп едiм ғой. Сондай талаптың бiрi жүрген жерiңде жұртқа жұғымды болу, соңыңнан жақсы сөз iлестiру.

– Иә, иә, – деді Бұлбұл .

Сол күнi Бұлбұл Бүркiт ақсақалдан кешiрiм сұрады.

Осы оқиғадан кейiн ұстаз шәкiртiнiң өзгергенiн байқады. Бiрнеше күн өткенде ұстазы Бұлбұлды шақырып:

– Бұлбұл, ендi екеумiздiң өнер жолындағы сабағымыз басталады, – дедi.

- Мұғалiм, ендi басталады дегенiңiз қалай, сiз менi бұрыннан берi әншiлiкке үйреткен жоқсыз ба?

– Жоқ. Мен сенiң бойыңдағы тамаша талантты танығаныммен, өнерге әлi баули қойғаным жоқ. Оған кедергi болған сенiң мiнезiңдегi кемшiлiктер. Есiңде болсын, өнер-бiлiмге ұмтылған әрбiр жеткiншек мiнезiне мiн, өнерiне сын айтылмайтындай тәрбиеленуi керек. Үйде де, түзде де мейiрбан, шыншыл, жақсы адамдарға жақын жүргенi абзал.  Сонда ғана елге сүйкiмдi болмақ.

– Мұғалiм, бұл өсиетiңiз тек әншiлерге байланысты ма?

- Жақсы адам болам деген жеткiншектiң бәрiне қатысты нәрсе. Сен халық алдында жүресiң. Ол сенiң ең бiрiншi сыншың, ақылшың, қолдаушың. Ал халық алдына шыққан әншiден жақсылық, iзеттiлiк, инабаттылықты көрiп барып талантын таниды. Сен осы жолда аз да болса сабақ алдың. Ендi сенi әншiлiкке баулу қиын емес. Ол сенiң өзiңде тұнып тұр. Сен менi түсiндi деп ойлаймын.

– Түсiндiм мұғалiм, түсiндiм. Мен сiздi бүгiннен бастап ұстаз деп айтайыншы?!.























Әнші қыз


1. Бұлбұл ержеткен соң кім болуды армандады?

А. Биші

В. Мұғалім

С. Әнші

Д. Дәрігер



2. Ата аналар жиналысында Бұлбұлдың анасы қызы жайлы не деп айтты?

А. Өте тәртіпті қыз.

В. Көп ұйықтайды, арманшыл.

С. Кей кезде бұзық болады.

Д. Өте жақсы оқиды.



3. Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қандай күйде болды ?

А. Қып-қызыл боп кеттi

В. Іштей қатты қуанды

С. Мазасы кетті

Д. Қатты қобалжып , қорқып отырды.



4. Ұстаздың Бұлбұлға қойған қатаң талаптарының бiрi ?



1__________________________________________________________________________________________________________________



5. Ауыл сахнасынан жап-жас Бұлбұлдың әсем әнiн тыңдаған Бүркiт қария қандай сезімде болды?

А. Бұлбұл үшін уайымдады.

В. Оның ән айтқаны қарияға ұнаған жоқ.

С. Қобалжып отырды.

Д. Қатты сүйсінді.


6. Не себептен атай қапа болып қалды? Бұлбұлдың жасаған қылығы дұрыс па?

2______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



7. Мәтіннен ұстаздың Бұлбұлға айтқан нақыл сөзді тауып көшіріп жаз.


1

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



8.Бұлбұлдың анасы қызын неге теңеді?

2

__________________________________________________________________





9. Сен Бұлбұлдың орнында болсаң қайтер едің?


  • 1_________________________________________________________________________________________________________________________

10. Бұлбұл қандай теріс қылықтар жасады ?Оның жасаған істеріне қарап, айқындайтын мысал келтір .

3____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



11. Ойланып көр, өмірде осы оқиғадағы Бұлбұлға ұқсайтын адамдарды кездестірдің бе?


БІР мысал келтіріп көр.

3_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!