СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есебі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фотосуреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивті есебі

«Бастамастан бұрын мақсатында ойла»

Махмуд Қашқари

«Әрбір ұстаз – білікті маман» деген қағидаға сәйкес бағдарламадағы 7 модульді әрбір ұстаз өз қажеттіліктеріне икемдеп, бейімдеп, өз мақсаттарына сәйкес өзгертеді, тереңдетуді, дамытады деген үмітпен ұсынып отыр.

Осы орайда мен өзімнің «Мектептегі іс-тәжірибемнің» негізгі мәселесі етіп, бүкіл оқыту барысында оқушының тілін дамытып, сөз байлығын арттыруды қолға алдым. Оның басты себебі ақпараттық технологияның космостық жылдамдықпен даму заманында оқушылардың тіл байлығының төмендеп, сабаққа зейіні азайып, қызығушылығы төмендеп, жаттанды білім алуына жол бермеу қажеттілігінен туып отыр.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сабақтарды жоспарлаудағы мақсатым нәтижеге жету.

Өтілген төрт сабағымның ішіндегі екінші «Күрделенген шылаусыз сөйлемдердің түрлері» тақырыбындағы сабағыма толығырақ тоқталып өтейін.

Сабағымның мақсаты: Оқушылардың өз ойын еркін айтуға үйрету.

Осы мақсаттармен қатар сабағымнан күтілетін нәтижесін де айқындап алдым: оқушылар күрделенген шылаусыз сөйлемнің анықтамасын құрады, күрделенген шылаусыз сөйлемнің ерекшеліктерін меңгереді. Өз ойларын еркін айтып салыстырады, әңгіме құрайды. Сабақты әдеттегідей емес, ғылыми-зерттеушілік сабақ түрде өткіздім. Алдыңғы сабағымда жоспарланған тапсырмаларымды уақытында үлгірмей, бірден күрделі тапсырмалардан бастап, оқушыларды шаршатып алдым. Сол кемшіліктерді жою мақсатында келесі сабағымды жүйелі, оңайдан күрделіге қарай тапсырмаларды орындау, уақытты тиімді пайдалану мақсатында орта мерзімді жоспарлаудағы 2 сабақта қолданылатын Фишбоун әдісін азайттым. Бұл тәсіл оқушыларыма күрделілік жағынан кедергі болады.

Сабақты бастамас бұрын оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайту, көңіл-күйін көтеру, бір-бірімен ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау және ынтымақтастық қарым-қатынас құру, мақсатында сыныптағы оқушыларға «қай ағашты таңдайсын» деген психологиялық тест ойынын қолдану арқылы топқа біріктірдім. Әр оқушының таңдаған ағашына қарай топқа бірігіп,шағын топ құрамында тапсырмаларды бірлесе орындайды.

Қай ағашты таңдайсын?(психологиялық тест)

Топқа біріккеннен кейін,барлық оқушыларға орындықтарыңның артына қараңдар дедім, әр топта бірақ орындықта смайлик жабыстырылған еді, смайлик жабыстырылған орындықтағы оқушы көшбасшы болады.Екінші топтың топ басшысы деңгейі төмен оқушы болып қалды,оқушылар бізді алып шыға алмайды басқа оқушы болсын деп реніштерін білдірді, бірақ З есімді оқушы топты намысқа тырысып алып шығатынын айтты.Мен оған қатты қуанып қалдым. Топ мүшелері топ басшысын сайлап алды.

Сабаққа белсенділік танытып, нақты, толық жауап берген оқушыларды арнайы смайликтермен бағалайтынымды түсіндірдім. Топтар орындарына жайғасқаннан кейін, оқушылар топ ережесін талқылап, қатаң ұстануға, бір-бірін тәртіпке шақырды.

Өткен сабақты (үй тапсырмасын) пысықтау, келесі сабаққа дайындығын тексеру мақсатында «толстые и тонкие» сұрақтарына оқушыларды тарттым.

  • Қандай сөз табын меңгеріп жатырмыз?
  • күрделенген шылаусыз сөйлемдер дегеніміз не ?
  • Орыс тілінде сөйлемдер неше түрге бөлінеді?
  • (оқушылардың жауабы)
  • Кім маған атап шығады?
  • (оқушылардың жауабы)
  • Сөйлемнің қандай түрлерімен біз таныспыз?
  • шылаусыз сөйлем туралы не білеміз?
  • (оқушылардың жауабы)

Оқушылар қойылған сұрақтарға өте сауатты және толық жауап берді. Оқушылардың шапшандыққа үйренгенін және өткен сабақты жақсы меңгергенін байқадым. Жауап берген оқушыны оқушылардың өздері уақытында бағалау парақшасына смайлик арқылы бағалап отырды.

Бұл кезең 5 минут уақытты алды. Бұл кезеңде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ішіндегі «диалог» модулі қамтылды.

Келесі кезең жаңа сабақты меңгертуде оқушылардың шығармашылығын дамытуда жазбаша және ауызша тапсырмаларды беруді жөн көрдім.

Жазу( жазбаша тапсырмалар) – ойлаудың шырқау биігі. Жазуда оқушы сонымен қатар «Мен» тұрғысынан өзінің ішкі жан дүниесін ашып, оны асқақтата түседі. Сол себепті де әр кезеңдерде жазу жұмыстарын жиі қолданып отырған орынды. Оқушылардың алғаш білімдерін бекіту мақсатында бірінші ғылыми жұмыс жүргізілді.«виды БСП» күрделенген шылаусыз сөйлемдердің тақтада жазу, яғни топтан бір оқушы шығып, тақтада жазып,сөйлемді синтаксистік талдау жасады Бұл тапсырманы Б есімді оқушы орындады.Морфологиялық, фонетикалық талдауды Қ.есімді оқушы талдады.Оның жіберген қатесін С.есімді оқушы реттеді

Қалған оқушылар өздерінің жұмысымен салыстырып, қателерін түзеп отырды. Б есімді оқушы күрделенген шылаусыз сөйлемнің ережесін жатқа айтып шықты. Б есімді оқушы үлгерімі орта оқушылардың қатарындағы оқушы. Бұл тапсырмада дарынды және талантты оқушыларды оқыту, бағалау модульдері кіріктірілді.Себебі зерттеуге алынған оқушыларым сабаққа түгел келген,сонымен қатар ыңғайлап алған тапсырмаларым да сәйкес келді. Келесі топтық жүмысты бастамас бұрын оқушыларды тым шаршатып алмау мақсатында сергіту сәтін жасаттым. Ха-ха, хи-хи,хо-хо ән дыбыстарын келтіру тапсырмасын топтар бөліп алды. Оқушыларға қызықты болды,алғашында ер балдар ұялыңқырап тұрды, сосын қыздардың демеуімен қосылып жақсы сергіту өтті. Оқушылардың белсенділігі ауызша бағаланды.

Келесі топтық жұмыста оқушылар алған білімдерін ары қарай дамыту мақсатында «ассоцирование»(байланыстыру) Бәйтерек, Медеу,Мега-Шымкент берілді олар өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғау керек еді,олар өз ойларын плакат бетіне түсіріп, ойдағыдай қорғап шықты.Бұдан түйгенім, мұғалім бағыт беру арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауына ықпал жасай алады екен. Өйткені мен оларға тек бағытты ғана сілтедім.Бұл сабақтың бекіту кезеңі болды. Топ басшылары талдау жұмыстарын жүргізе тұра, қателерді табуды, жұмысты бағалауға, ойын мүмкіндігінше жеткізуге үйренуге ұмтылды. Орыс тілінде мұндай талдаулар оқушыға оңай түспейді. Бұл тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынта жігерін арттырып қана қоймай, өздігінен пікір айтуға, еркіндікке, ойын ашық айта алуға, сөздік қорының молайуына ықпал жасайды. Осы тапсырмада оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, бағалау, акт, көшбасшылық пен басқару модульдері топтасып ықпалдастырылды. Мысалы:

І-топқа «Бәйтерек» берілді,бірақ бұл топ соңынан қорғады.

«Бәйтерек» деп әңгімеге тақырып қойған. Бәйтеректің бас қаламыз Астанаға не үішін қойылғаны, оның пайда болу тарихын қысқаша,түйінді етіп жеткізген

Б есімді оқушы (үлгерімі орта) үлкен мағыналы әңгіме құрды. Б есімді оқушы сөйлегенде барлық оқушылар тынышталып, назарларын бұрды. алайда ары қарай өздерінің фантазиясымен оқушылар жалғастырып кетті. Бұл тапсырмадан Б есімді оқушының шығармашылық қабілетінің жоғары, өзіндік тұжырымдамалар жасай алатындығына көзім жетті.

ІІ-топтан З есімді оқушы тапсырмаға белсенділігі мені қатты ойландырды. Олардың тобына Шымкент- Мегаорталығы берілген екен.Олар да өз белсенділіктерін танытып топта қызу талқылау жүріп жатты. Мен топ көшбасшысы З есімді оқушы не жасап жатыр деген оймен бақылай бастадым.Ол намысқа тырысып, бұл кешеннің ішінде не бар екенін де жазсақ бола ма ? деп жанындағы Д есімді оқушыдан сұрап, ол да әрекет етіп жатқанына көз жеткіздім.Топтық жұмысты топтың көшбасшысы З есімді қорғауда сөздік қоры жетіспегендіктен жеткізе алмады,алайда оның алға қарай ұмтылуы мені іштей қуантты.Тапсырманы орта деңгейдегі Б есімді оқушы әңгімеледі. Ол постер қорғауда шамасы жетпеген жерлерінде жан -жағына қарап, топтағы оқушылардан көмек сұрағысы келді.Кім жалғастыра алады? деп басқаға бағыттау сұрағы арқылы А есімді оқушыдан жалғастыруын сұрадым Б.есімді оқушының толықтырылмаған тұстарын тиянақтап түсіндіріп берді. А есімді оқушы ойлау қабілеті ерте дамыған, түсінігі жоғары жақсы оқитын оқушы. ІІІ топтағы оқушылар жұптық әңгіме арқылы постер қорғау керек еді. Осы сәтте көшбасшылық пен басқаруды байқадым. Зерттеуге алған дарынды оқушым А есімді оқушы диалогты зерттеуге алған Қ есімді(үлгерімі төмен) оқушы құратын болыпты. Оған қалай шығып сөйлейтінін түсіндіріп, тіпті қағазға жазып беріп жатқанын байқадым. «Жазып ал бір параққа не сөйлетініңді дегенде, Қ есімді оқушы менің парағымда жоқ деп жазғысы келмей, ауызша айта саламын десе де,А есімді оқушы оның мүмкіндігіне сенбей, не айтатынын жазып берді. Екеуі «Медеу» мұз айдынын «Бәйтерек», Шымкент - Мегаорталығымен байланыстырып тиянақтап,өте түсінікті тапсырмаға сәйкес кең көлемде әңгімеледі. А есімді оқушының арқасында Қ. есімді оқушы ортаға шықты.Осы тапсырма барысында, осы көріністерден әлуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым –жақын арадағы даму аймағы орын алады.

Осы тапсырманы орындау барысында Мырзахан Қуаныш, Тұрғанбай Асель, Асқар Бекасыл атты оқушыларға бақылау жүргізілді. Қ. орыс тілі пәнін аса жетік түсінбейтін оқушылар қатарына жатады. Ол тапсырма барысында топ басшысы А-нің нұсқауымен қажетті дүниелерді қағаз бетіне түсіріп отырды, топ жұмысына белсене атсалысты, өзіне артылған жауапкершілікті сезінді. Оның назары үнемі, ватманда болды, қажетті деп тапқандарын уақытқа сай түсіріп үлгеріуге тырысты, оның жазған сөздері мен салған суреттерін А. түзету кезінде аса бір шыдамдылық танытты. Ол топтың абыройы үшін және жұмыстың дұрыстығына қатысты пікірлерді қабылдай алды. Басқа топ мүшелеріне қарағанда топ басшысына анағұрлым жақсы көмектесті. Сол тапсырма барысында А. мәтіндегі дағдылардың толық көрініс табуына байланысты ешбір нәрсе қалып қоймауын қадағалауға тырысты, ол оның тапсырмаға жауапкершілікпен қарағанын, ұқыптылығын көрсетті. Қ есімді оқушыдан кетіп жатқан кемшіліктерді түзетіп отырды. Постерді дайындап күрделі шылаусыз сөзлемдердің түрлеріне сөйлемдер жазып, сәтті қорғап шықты.Оның осында тек көшбасшы емес, сонымен қатар әрбір сөйлемнің мазмұнына үңіле алатын қабілеті, қателіктері түзету іскерлігі көрініс тапты. Асқар Бекарыс ол басқа топта болды, тапсырма берілгеннен соң,ол акт ның көмегіне жүгінді, оның барысында қажет деп тапқан дүниелерді белгіліеп алды, өздерінің топтарына берілген ватман бетіне тақырып жазылып, әсемделгеннен соң ғана тұжырымдарын түсірді. Оның бұл топтағы жұмысы басты болмағанмен оның әрекеті жұмыс сапасына тікелей әсер етті.Аталған жұмысты бақылау жүргізу барысында оқушылардың қандай бір қабілеттері жайлы, жеке тұлғалық ерекшеліктерін білуге болатындығы анықталды, осы анықталған ақпаратты сабақтарда жауапты жұмыстар мен тапсырмалар беру барысында қолдану көзделді.

Топпен жұмысты орындау кезінде оқушылар өз ойларын, білгендерін ортаға салып, оны талқылады, талдады, пікірталас жүргізді. Өзгенің пікірін тыңдады, онымен санасты, өз ойын салыстырды, жинақтады, қорытынды шығарды, бір шешімге келді. Мерсердің (2001) сыныптағы талқылаудағы дәлелдің үш түрінің бірі- топтық әңгіме осы жерде көрініс тапты. Мен оқушылардан осындай ойлар айтылады деп күтпеген едім. Орыс тілі оқушыларға шет тілі ретінде оқытылады. Дегенмен олар орыс тілінде өз ойларын терең жеткізуге тырысып, білмегенін менен, бір-бірінен сұрап, ана тіліндегі білетін мақал-мәтелдерін орыс тіліндегі ұқсас мақалдарға теңеп талқылап жеткізе білді. Мен оқушылардың сыртынан іс-әрекеттерін бақылап, таң қалып тұрдым. Сонымен бірге Фриманның (1998) тексеру парағында зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдануға болады деген зерттеулеріндегі «мәселені шешу, икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік мысалдарының орын алғанына көзім жетті. Себебі,А сынды оқушым жанындағы Д. деңгейдегі оқушыға тақырыпқа байланысты сурет салуды, енді біріне оны бояуды тапсырды, және орта деңгейіндегі М.Ж.С сынды оқушыларды өзі бағыт беру арқылы алға жылжытты.Дарынды оқушы тек жақсы оқитын оқушы ғана емес бағқа қарларынан да көріне алатын оқушылар екеніне көзім жетті. Мысалы сурет салуға, бағыт бағдар беруге икемді.Олардың дарындылығымен бірге жақсы көшбасшы бола алатындығы көрініп тұрды.Ондай оқушылардың дарындылықтарын арықарай дамыту керек деп ой түйдім.

Демек, топпен жұмыс оқушылардың қарым-қатынас жасауына, ойлануына көп әсерін тигізеді. Бұл кезеңдегі тапсырманы орындаудың маңызы зор. Еркін ойлауға мүмкіндік береді, ақыл-ойын дамытады, шығармашылық белсенділігін арттырады, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығын жетілдіреді, жан-жақты ізденушілігін арттырады. Бұл тапсырмада оқушылар мен белгілеген нәтижеге қол жеткізді. Қалыптан тыс ойлар айтты, әңгіме құрды. СТО, талантты және дарынды оқушыларды оқыту да қоса қамтылып отыр., оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульдері топтаса ықпалдастырылды.

Сабақты қорытындылағанда мынадай сұрақтар қойдым:

  • Бүгінгі сабақ көңілдеріңнен шықты ма?
  • Тапсырмаларды орындағанда қиындықтар болдыма?
  • Тапсырмаларды жеке орындаған қиын ба, әлде топта орындаған ба?

(Әр оқушы өз ойын айтып кетті.)

Оқушылардың 30 пайызы екінші ассоциация(байланыстыру) тапсырмасы күрделірек болды деп мойындады,өйкені бұрын дәстүрлі сабағымыз мұндай әдісті қолданбағанымызды айтып өтті. Келесі сұрағыма топпен жұмыс жасау тиімді, әрі оңайырақ болды,бір –бірімізбен еркін ой алмастық сұрауға мүмкіншілік болды деді.

Ал оқушыларды жиналған смайликтерге қарай ауызша бағаладым. Оқушыларым белсенділік танытып, тапсырмаларды орындау барысында дұрыс орындамай қателер жіберсе де үлгерімі төмен оқушыларым да атсалысып отырды. Сөздік қоры жетіспегендіктен олар түсіндірмелі сөздік қорлар жиынтығын ақтарып жұмыс жасады.Сабақта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздім. Ер балдарым өз ойларын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралдарды табуға тырысты. Топ алдында сөйлеуге қалыптаса бастады. Оқушыларға «Бағдаршам сигналдарының » түстеріне сәйкес түрлі түсті А3 форматтағы парақшаларды топқа таратып бердім. Ол парақшалардағы түстердің міндетін оқушыларға түсіндіріп өткен соң, оқушы сабақты түсінгендігіне сәйкес түсті таңдап алды. Ғылыми-зерттеушілік сабақ болғандықтан,оқушының қандай деңгейде білім алғандығын осы түсті парақшалар арқылы білдім. Қызыл түс берілген тапсырма мен жаңа тақырыпты оқушының түсінбегендігі деп саналды. Қызыл түс көтерген оқушы болған жоқ. Себебі, топтық оқытуда топ мүшелері бір- бірімен және пікірлесу арқылы оқушылар еркін қарым- қатынас жасай алды.Тапсырма барысында бір біріне түсіндіріп, көмек қолын созып отырды.

Сары түс жаңа сабақты орта түсінген болып саналады.Олай болса жаңа сабақты оқушылардың 15 пайызы түсінбеген,сары түс көрсетті, себебі 2 оқушы үй тапсырмасына дайындалмай келген,1 оқушы өткен сабақта болмағандықтан түсінбеген. Олар өз қателіктерін мойындады. Жасыл түс- үй тапсырмасын және жаңа сабақты түсінген болса, оқушылардың 80 пайызы жасыл түс көтерді. Оқушылар дәлелдер арқылы әділ бағалау дағдысын қалыптастырды, сондықтан да Бағдаршам әдісі жоспарланған мақсатқа жетіп және қолдану кезінде сәтті орындалды.

ТЕОРЕТИК

- бәрін есте сақтай алмадым, бірақ

тапсырмаларды орындай аламын.

.

ПРАКТИК

. - барлық ережелерді білемін, тапсырма

орындау барысында қолдана аламын

ОҚУШЫ

– маған әлі түсініксіз, біраз жұмыс

дайындалуым керек

Сабақтың тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы оқушылар өз пікірлерін стикрлерге жазып, «бағдаршам» арнайы кері байланысқа жасалынған суретке жапсырды.

Сабақты қорытынды бағалау барысында, бағалау парақшасымен танысып олардың бірін –бірі бағалауын топпен бірге талдау жасадым.

Кері байланыс ұстаз бен оқушының арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Сонымен қатар ол өткен сабақты бағалау мен талдаудың, келесі сабақты жоспарлаудың тиімді түрі болып табылады. (МАН). Осы сабағым алдыңғы сабағыма қарағанда сәтті өтті деп айта аламын, өйткені топтық жұмыстарды оқушылар белсенділік танытып, сыни тұрғыдан әңгімелер құрып, қызығушылықтары артты. Мен ойлаймын егер де мұғалім шын пейілмен балаға білім бергісі келсе, ол міндетті түрде жетістіктерге жетеді, оқушыларда оны қолдайды.

Мектептегі тәжірибемнен түйгенім – балалардың кешегі жағдайына қарап, бағалауға болмайды. Әр оқушы мінсіз оқушы болуға талпынады. Тек мен оны шамшырақ етіп жандыра білуім керек. Сондықтан баланың өмірден өз орнын табуы үшін оның қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу, шығармашылық әрекетті жүйелі түрде жүргізу, берілген тапсырманы нақты нәтижеге жоспарлы түрде бағыттау мұғалімнен асқан шеберлікті қажет етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық /Үшінші (негізгі) деңгей (2015). – www.cpm.kz
  2. Үшінші деңгей курстарының үлестірмелі материалдары
  3. «Жас ғалым» балаларға арналған республикалық ғылыми-танымдық журналы 7-2012,8-2012,9-2012
Категория: Русский язык
30.03.2017 19:37


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!