СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Просмотр содержимого документа
«1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу 1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту 1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну»

Пәннің аты:

Сауат ашу

Уақыты:

23.09.2016

Кабинет:

6

Мұғалім:

Әуеш Г.Ә

Сабақтың тақырыбы

Мен ақынмын

Жалпы мақсаты

1.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу

1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту

1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну

Мақсаты

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Күтілетін нәтиже

Сызба арқылы сөйлемді оқи алады. Сурет бойынша шағын әңгіме құрап айта алады.

Негізгі идеялар

Берілген тапсырмаларды дұрыс және қатесіз орыедау

Сабақта қолданылатын материалдар:

Кеме суреттері, теңіз суреті, смаиликтер

Оқыту әдістері:

Сұрақ – жауап

«Миға шабуыл әдісі»

Топтық жұмыс



І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық. 2 мин

Сыныбымыз тап – таза,

Борда дайын тақтада.

Денемізді жинақтап,

Отырайық партаға.

Сыныпты топқа бөлу. 2 мин

Мұғалімнің әс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Балалар бүгін біз теңізге саяхатқа шығамыз. Теңізде қандай жануарлар болады? Теңіз жануарларын таңдату арқылы топқа бөлу.

Оқушылар теңіз жануарларын таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді:

1.Балықтар

2.Тасбақалар

3.Дельфиндер

4.Акулалар



ІІ. Өткен сабақты еске түсіру. 4 мин

Мұғалімнің әс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

«Миға шабуыл» әдісі. Өткен сабақта өткен дыбыс,буын, сөз деген не еді? Қане есімізге түсірейікші.

Кемені суға жіберу үшін сұрақтарға жауап алу:

  1. Сауат ашу кітабынан нені үйрендік?

  2. Дыбыс дегеніміз не?

  3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  4. Әріп дегеніміз не?

  5. Әріптерден не құралады?

  6. Сөзден не құралады?

  7. Сөйлем қандай әріппен жазылады?

  8. Сөйлемнің соңына не қойылады?

Өте жақсы кемеміз теңізге шықты.

Берілген сұрақтарға жауап береді.



ІІІ.Балықтар тапсырмасы. Топтық жұмыс. 4 мин

Мұғалімнің әс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Суреттерге қарап осы сөздерді буынға бөледі.

1 – топ: Мек-теп, ор-ман

2 – топ: Қар-лы-ғаш, жа-ну-ар

3 – топ: От-ба-сы, кө-лік

4 – топ: Ба-лық, ба-қа

Әр топтан 1 оқушы сөздерді буынға бөліп, талдайды.



IV.Теңіз жұлдызы тапсырмасы: Жаңа сабақ. 8 мин

Мұғалімнің әс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен ақынмын» деп аталады. Сабақтың мақсаты ақын туралы мәлімет алады. Сөйлем құрастырамыз. «Ақын» деп өлең, тақпақ шығаратын адамдарды айтамыз. Жұмбақтарды шешу. 4 топқа оқулықтағы 4 жұмбақты шешкізу.

Жұмбақ шешімін табу



Сергіту сәті:

Көзімізді жұмамыз,

Балық болып жүземіз.

Ұстап алып біреуін,

Қазанға әкеп саламыз.

Мұғалімнің әс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәтін ұйымдастыру және оқушылардың іс-әрекетін қаадағалау.

Өлең жолдарын қимылды қозғалыстармен орындау



V.Теңіз шаяны тапсырмасы. Дәптермен жұмыс 6 мин

Мұғалімнің әс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ауада жазғызып үйрету. Дәптердегі тапсырманы дұрыс орындауын қадағалау. Теңіз толқыны әуенін қосып қою.

Дәптердегі тапсырманы орындайды

Қорытындылау : Ақын деп кімді айтамыз?

Қандай ақындарды білесіңдер?

Арамызда ақындық қасиеті бар балалар бар ма?

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлекция:

Оқушылар смаиликтер арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Бағалау:

Мұғалім оқушылардың ұпайларын санап бағалайды.