СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 19.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1-ден 10-ға дейінгі сандар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Просмотр содержимого документа
«1-ден 10-ға дейінгі сандар»

Тақырыбы: Санап үйренемін. 1-ден 10-ға дейінгі сандар.


Оқыту мақсаттары

        1. 20 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау.

        2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау.

Күтілетін нəтижелер

Барлық тəрбиеленушілер:

-10 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін

атайды.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-заттарды саны бойынша салыстырып, ара-арасынан олардың

реттік нөмірін атайды.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде сөйлемде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

бір, екі, …,он.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

–Заттардың санын қалай санау керек екенін түсіндір.

–Сен заттарды қалай санайсың?

–Санды жазудың қандай тəсілдерін білесіңдер?

Жазу:

Үзік сызықтарды бастырып жазу, біріктіру, сызықтар жүргізу.

Алдыңғы білім

Заттардың сандық ұғымы туралы алғашқы білім, геометриялық

фигуралар мен денелердің атауы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Басталуы

–5 0минут

Ынталандыру.

Педагог балаларды санау жағдайына тартады.

  • Сырымның досы көппе?

Біз сендермен 5-ке дейін санап үйрендік.

  • 6-дан 10-ға дейін санап үйренгілерің келеме?

Өзектендіру.

Педагог тақтаға 1-ден 5-ке дейінгі заттар тобын қойып, санауды ұсынады.






Ортасы

6–15

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Ары қарай педагог 6-дан 10-ға дейінгі топтарды қояды.

– Мына заттар тобын кім санай алады?

Жаңаны ашу.

(Т) Педагог балаларға №1 тапсырманың суретін қарауды ұсынады.

  • Қандай спорт жабдықтары бейнеленген?

  • Балалар залда немен айналасып жатыр?

Одан кейін балаларға суреттегі зат түрлерінің əрқайсысын санап, олардың санына сəйкес келетін қажетті цифрды жапсыруды ұсынады.

(Ө) №2 тапсырма өздігінен орындалып, кейіннен тексеріледі.

(Ж) Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды,

Балалар карточкаларды біріктіріп, заттардың санын атайды. Содан кейін əліппе-дəптердегі 3-тапсырманы өздігінен орындайды. Тура жəне кері санайды Педагог:

– Əрбір келесі фишкада нүктелер қаншаға көп, ал алдыңғысы қаншаға аз?–деп сұрайды(1 нүктеге). Педагог «алдыңғы сан, кейінгі сан» деген сөздерді дауыстап қайталауды ұсынады.

6-дан 9-ға (жəне 10-ға) дейінгі цифрларды есте сақтау үшін педагог шеңберлердің көмегімен оларды қағазға қоюды

ұсынады.

Балаларға 10 көлемінде заттарды, дыбыстарды, қозғалыстарды санау ұсынылады.

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша орындалады.












Үлестірмелі материалдар,


16–25

Жаңаны қолдану.

(Ж)Балалар əліппе-дəптердегі 4-тапсырманы өз беттерімен орындайды. Жазылған цифрларды саусақпен жүргізіп, олардың көру бейнесін тактильді түрде бекіту үшін сандарды ермексаздан жасау ұсынылады. 2-тапсырма ұсақ қол моторикасын дамыту үшін берілген.

(Ұ)Жиынтық полотнода педагог 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған карточкаларды жəне 1-ден 10-ға дейінгі заттар тобын ретімен бірінен кейін бірін қойып шығады.

Содан кейін сандарды заттар тобымен сəйкестендіруді ұсынады. Балалар сандарды өсу ретімен орналастырады, бірнеше рет хормен қатарды тура, содан кейін кері тəртіппен оқиды. Содан соң педагог балаларға мұны көздерін жұмып қайталауды ұсынады. Топтарда талқылау жүргізеді. Əр топ өзінің достарына жəне отбасы мүшелеріне есімдер бере алады.

Жиынтық полотно.






Əліппе-дəптер.

Рефлексия

26–30

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Əліппе-дəптер



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!