СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 маусым баалаларды қорғау күні

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 маусым балаларды қорғау күні 

тақпақтарб№ би

 

Просмотр содержимого документа
«1 маусым баалаларды қорғау күні»

Құрметті балабақшамыздың көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз.Бүгінгі төл мерекелерің құтты болсын Болашақтарың жарқын , аспандарың ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңдар.

Баршамызды бала тілмен баурайтын

Бала деген бір бақыт қой самғайтын

Ата – ананың арманы мен тілегін

Бала емеспе бал бұлақтан жалғайтын деп – хор «Достар » әні

«Алақай» тобының бүлдіршіндерінің тақпақтары

Айым Алақай ау алақай

Той тойлаймыз балақай

Қызарғанша алақан

Қол соғайық балақай

Жеткізген Біз бақытты баламыз

Ақылдымыз данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз

Жүргізуші Өнерлі өрге жүзер талаптанып

Қыран биік самғайды қанат қағып

Адам үшін парыз ғой өнер іздеу

Жүрген соң адам деген атақты алып – деп кезекті «Алақай тобының балапандарының «Гүлдер» биі.

Жүргізуші асфальтқа сурет салу

Ендеше мереке одан әрі жолға сурет салу жұмысын жүргіземіз, жауапты тәрбиеші Жалмағанбетова Гүлшат

Жүргізуші Спорт ойындарын тамашалау Велосипед жарысы. Жауапты тәрбиеші Нұрахметова Жазира

Ән айтайық қосылып

Сәбилердің бұл үні

Мақтап кетсін осы жұрт

Балалары деп үлгілі – деп Қулбаев Рамазанның орындауында « Жаса Қазақстан» әні

Жүргізуші Туыспыз біз бәріміз

Біз Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз – деп кезекті Жұлдызша тобының балғын балапандарын береміз

Асыл Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп

Қуанғанын күлгенін

Нурила Бүгін қызық бүгін той

Бәрің оны біліп қой

Ән де салып би билеп

Жалғастырсын ойды ой.

Жүргізуші Ақылды балапан бүгінгі

Көркейтер ертеңгі күніңді

Үйренген өнерін көрсетсін

Бүлдіршін балалар бүгінгі – дей келе кезекті «Жұлдызша» тобының сегіз қырлы, бір сырлы ұлдарының биі.

Би «Ұлдар» биі

Жүргізуші Тақпақ айтып кезектесіп бір – бірлеп

Кел қосылып , ән шырқайық, би билеп – кезекті Балапан тобының балғын бөбектерінің тақпақтарына береміз

Азат Отан сенің Ата – анаң

Отан досың бауырың

Отан өлкең астанаң

Отан досың бауырың

Хамза Туған жерде таламыз

Ертең жігіт боламыз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Келесі кезекті Балапан тобының бүлдіршіндерінің биіне кезек береміз

Би «Қаражорға»

Жүргізуші Жақсылыққа бақытқа

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл – деп «Ботақан» тобының балдарының тақпақтарына береміз

Перизат Сары, ақпыз, қарамыз

Бәрімізде баламыз

Бір қалада тұрамыз

Бір бақшаға барамыз

Гүлдария Ақ қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз татумыз

Биіктерге өрлейміз

Інжу Туыспыз біз бәріміз

Біз Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз

Жүргізуші Спорт ойындарын тамашалау Велосипед жарысы. Жауапты тәрбиеші Нұрахметова Жазира

Күлімде күн күлімде

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгінде

Қанат қақсын көгершін – дей отырып « Бөбек» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз

Әбілмансұр Біз бақытты баамыз

Ақылдымыз , данамыз

Ертеңгі күн еліміздің

Батырлары боламыз

Мөлдір Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша

Сымбат Бейбітшілік әніміз

Өнерліміз бәріміз

Қазақстан даласында

Жарасады сәніміз

Балабақша аясында

Жадырайды жанымыз

Наурызбай Айжанның орындауында «Той» Әні

«Қашықтыққа жүгіру» - жарыс тамашалау жауапты тәрбиеші. Балмағанбетова Айгерім

Жүргізуші Келесі кезегімізді «Гүлдер» тобының балғын балапандарының тақпақтарына кезек береміз

Гүлфайруз Алақай – ау, алақай

Той тойлайық, балақай

Қызарғанша алақан

Қол соғайық, балақан

Нұрлан Гүлмен келсін келер күн

Бала – бағы бар елдің

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің

Нұрайсын Бала, бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні – бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз

Жүргізуші Бізбен бірге бар әлем

Қуанады балаша

Қуанышқа бөленген

Өмір қандай тамаша – деп «Өнерлі балақан» сайысының мәнерлеп оқу номинациясының жүлдегері «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушісі Чаканова Әселді ортаға шақырамыз. «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқу.

Би «Буратино»

Жүргізуші Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп

Қуанғанын күлгенін- дей келе «Балдырған» тобының тәрбиеленушісі Бердіхан Ұлдайдың орындауында «Ертегілер» әні

Тақпақ

Дәурен Дос болып жүрейік

Ойнайық та, күлейік

Достық деген тамаша

Міне тұрмыз жараса

Жанасыл Жазым келді жарқырап

Қазым келді қаңқылдап

Гүлге қонды еөбелек

Қос қанаты қалтылдап

Би « Круто»

Жүргізуші Қазақстан сенсің менің сайран бағым

Кетпестей кіндігімнің байланғанын

Табысың тамашаңда толып жатыр

Баяндап тауысайын қайдан бәрін – деп Кулбаев Рамазанның орындауында «Жаса Қазақстан» әні

«Гүлдер» биі орындайтын Құлыншақ және Балбұлақ тобының қыздары

Жұргізуші Осыменен 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс – шарамызды аяқтаймыз.