www.ZHARAR.com
Өткізген: Алтайбаева Г.К.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелердің тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Алғыс айту күні - 1 наурыз»; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
Ризашылық әні Сөзі мен әні Луиза Хейдікі
Ризамын бүгінге ,
Ризамын бүгінге ,
Ризамын бүгінге ,
Ризамын қазірге !
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге ,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге .
Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық біл-діруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
3. «Аппликация»жаттығуы: Бұл бөлім бойынша әр оқушы өзі таңдап алған түсінен сыйлық жасап оқушылар бір-біріне рахмет және алғыс айта отырып сыйлау.
4. Топпен жұмыс. Эссе жазу: 1 топ: Әкеге
2 топ: Анаға
3 топ: Ұстазына
5. Миға шабуыл: Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз?
Сонымен, рақметке лайықты кімдер? Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге- қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа - жылуы үшін...
Қорытынды:
Балалар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.
Назарларыңызға рахмет!