Күні: 15. 12. 2015
Сынып: 1
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сандар қатарының қасиетіне сүйеніп, 1 санын қосу және азайту тәсілімен таныстыру. Санға 1-ді қосу үшін келесі санды атау, ал саннан 1-ді азайту үшін алдыңғы санды атау жеткілікті болатыны туралы қорытындыны тұжырымдау.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың тегі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, суреттер, сандар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Көздеріңді жұмыңдар. Сан қатарымен қадамдап жүріп жатқандарыңды елестетіңдер. Ойша 0-ден 10-ға дейін солдан оңға қарай қадамдадың дедік. Сонда не болар еді? енді ойша 10-нан 0-ге дейін оннан солға қарай қадамдадың делік. Сонда не болар еді?
ІІ. Өткен сабаққа шолу.
Ауызша есептеу.
Желпуіш цифрмен жұмыс(мұғалім тапсырманы оқиды, оқушылар желпуіш көмегімен қойылған сұрақтың жауабын көрсетеді).
4 санынан 1-еуі артық санды көрсет.
10 санынан 1-еуі кем санды көрсет.
6 санынан 1-еуі кем санды көрсет.
5 санынан 1-еуі артық санды көрсет.
1 санынан 1-еуі кем санды көрсет.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ойын «Артық фигураны тап». (Тақтада геометриялық фигуралар бекітіліп қойылған. Оқушылар артық фигураны табады және оның неліктен артық екенін дәлелдейді).
Өлеңмен берілген тапсырма.
Тоғайда жүрген кірпі
Қажетті түскі асқа
Саңырауқұлақ тапты.
Ақ қайыңның түбінде екеу болды,
Көк теректің жанынан біреу алды.
Сонда нешеу болады
Тоқылған себет ішінде?
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Оқулықтың суреті бойынша әңгімелесу жүргізіледі, сонда санға 1-ді қосқанда санағандағы келесі санның, ал саннан 1-ді азайтқанда санағандағы алдыңғы санның шығатыны туралы қорытынды тиянақталады. Оқушылар өз беттерінше диалог құрады және өз қорытындыларын дәйектеп береді. Төбешікте барлығы неше бала бар? Қане, санайық.
Алыста бір ұл бала келе жатыр, ол келгенде төбешіктегі балалар нешеу болады? Егер төбешіктегі балалардың біреуі сырғанап түссе, төбешектегі балалар нешеу болады? Және т.с.с.
№2 тапсырма. Бұл тапсырмада оқушылардың сандар қатары туралы алғаш білімі тиянақталады және көрнекілікке сүйеніп, 10 көлемінде 1 санын қосу және азайту тәсілі енгізіледі. Нәтижелерді оқушылар өздігімен жазады, тақтада сәйкес түсіндірме келтіріледі. №3, №4 тапсырмалар. Бұларды солдан оңға қарай және оңнан солға қарай санағанда алынатын нәтижелерге ерекше көңіл бөлінеді. Сандардың қатары келесі тапсырмаларды орындағанда көрнекі құрал ретінде пайдаланылады. Оқушылар №4 тапсырмада сандардың көршілерін табады, сонда сандар қатарына сүйенеді және №5 тапсырмада қалып қойған сандарды таңдап орнына қояды.
Шығармашылық тапсырма.
Мұнда амалдың таңбасы және сан таңдалады. Сондықтан алдымен қосу не азайту амалдарының бірі таңдалады, өйткені сандарды таңдау осыған тәуелді. Содан кейін теңсіздік тура болатын сандар таңдалады, сонда барлық мүмкін нұсқалар қарастырылады.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма. Сандар қатары туралы оқушылардың білімі тиянақталады. Дидактикалық «Кім жылдам» ойыны түрінде жүргіземін. №2 тапсырма. Оқушылар өз беттерінше орындайды, соңынан өзін өзі тексеру және кеткен қателерді талдау жүргізіледі.
№3 тапсырма қолдың моторикасын дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. 1 цифрын жазу дағдысына машықтанады. №4 тапсырма. Оқушыларға оқулықтағы №5 тапсырмадағы мысалдарды өз беттерінше шығару ұсынылады.
Ү. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Көңіл-күйлерің қалай?
- Қандай тапсырма сендерге ұнады?
- Қай тапсырманы орындау қиындық тудырды?
ҮІ. Мадақтау.