| Дәптермен жұмыс Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қаламды ұстай білуді қалыптастыру. (Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау. – Балалар, кеудемізді көтеріп, иығымызды тік ұстаймыз. Аяғымызды жерге тигізіп, партада түзу отырамыз. Дәптер көлбеулігін сақтау. Дәптерімізді партаға қоямыз. Бір ұшы кеудеміздегі түймеге қарама- қарсы және көлбеу жату керек. Дәптеріміз парта- ның шетіне екі саусақ жетпей тұрады. Жазған сайын дәптерімізді жылжытып, кітаптың астына кіргізіп отырамыз.) жаттығу. Жұмбақты айтады. Шешуін тапқызады. Жұмбақтың әр жолы бас әріппен жазылатынына және тыныс белгілеріне назар аудартады. Шешуін тапқан оқушыға кері байланыс береді. Жұмбақтың шешуі: сабын. Артикуляциялық жаттығулар. «Тәттітосап» жаттығу. Жеке оқушыларға ауызша дыбыстық талдау жасатады. Көркемжазғызады. жаттығу. Сурет атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап айтады: тарақ, айна, зымыран, алма, лақ, ыдыс,қоян. Шығатын сөз: тазалық. «Доп» ойыны. Өзін-өзі тануға үйрету мақсатында жүргізіледі. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір- біріне мұқият қарап, допты кезекпен лақтырып, дене мүшелерін атайды. Допты қағып алған оқушы соған байланысты дене қозғалысын айтады. Тиісті қимылды бірінші болып айтқан оқушы жеңеді. Мысалы: Қол – жазады, заттарды көтереді. Бас – ойлайды, ауырады т.б. | Көркем жазу Мөлдір, көбік сөздерін көркем жазады. 2-жаттығу. Балалар жұмбақтың шешуін табады. Артикуляциялық жаттығулар жасайды. 3-жаттығу. Көркем етіп көшіріп жазады. Ауызша дыбыстық талдау жасайды. Жылдам, ұшқыр жауап береді. | ҚБ. «Отшашу» арқылы бір-бірін бағалау. | |