СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 сынып Аналар күні сценарий

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«1 сынып Аналар күні сценарий»

№19 орта мектеп







Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Айналайын, ақ Анам!»









Сынып: 1 «Ә»












2019 оқу жылы

Тақырыбы: «Айналайын, ақ Анам!»

Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машақаттандыру;

Көрнекілік: аналар туралы қанатты сөздер, шарлар.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар. Бүгін бізде үлкен мереке. Ол – аналарға арналған «Айналайын ақ Анам!» деп аталып отырған ашық тәрбие сағаты. Бұл сабақ 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне байланысты аталып отыр. Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.

1-о: Айзере: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі Ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

(Әуен ойнап сыныпқа оқушылар бір-бірлеп кіреді.)

Мұғалім: 1910 жыл 8-наурызда Данияның астанасы Копенгагенде болған социалистердің халықаралық ІІ конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша халықаралық әйелдер күні белгіленді. Ол алғаш рет Германияда, Австрияда, Швейцарияда, Данияда 1911 жылдан бастап мерекеленді.

Хормен: Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар!

(Сыныпқа көктем мезгілі кіреді.)

Дильназ: - Сәлеметсіздер ме? Құрметті аналар, ұстаздар, қыздар, бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын, әр жанұяға шаттық тілеймін!

Көктемде құстар сайрайды,

Жерде гүлдер жайнайды.

Алақайлап балалар,

Мәз болысып ойнайды.

(Оқушыларды топқа бөлу. Әр оқушы өзіне ұнаған гүлдерді алады, сол гүлдер бойынша топқа бөлініп отырады.)

1-топ: Шуақ

2-топ: Бақыт

3-топ:Тіршілік

4-топ:Мейірім

І бөлім.

Ана деген қандай адам?

1-о: Самал:Ана – бізді дүниеге әкелген адам, «Ана» ең қастерлі, ең аяулы сөз.

2-о:Абу: Ана деген сөздің өзі ыстық.

3-о: Алихан.Ана – өмір гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде жылы естіледі.

4-о: Толғанай: Ана десе әр баланың тілегі ақ, мейірімі ұшаң теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.

5-о: Ана – сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

6-о: Диас: Ана – әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам.

7-о: Диана.Ана – әр үйдің алтын қазығы.

8-о: Кәрім: Ана ақылды болса, бала дана болады.

9-о: Раяна Б: Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі.

10-о: Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде емес пе?

11-о: Мансүр: Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем.

12-о: Мейіржан: Ана – тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

ІІ бөлім:

Аналар жайында өлең-жырлар.

Рухия: Анашым, ортамызға келсең күліп,

Болады Алатаудай еңсем биік.

Балалық қарызымды өтеймін бе

Әлемнің жақсылығын берсем жиып.

Кәусар: Менің анам – мұғалім,

Күн секілді білгенге.

Шашырайды шуағы

Ол сыныпқа кіргенде.

Қуаныш: Ана – біздің гүліміз,

Ана – біздің күніміз.

Ұландарды қуантып.

Ұзақ өмір сүріңіз.

Айанат: Мәпелейсің мені, анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам,

Құшағыңда қысылмай.

Жібек: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

6-о:Ақторғын: Өнерлі боп өсеміз,

Өмір сырын шешеміз.

Өсіріп ой-сананы,

Қуантамыз ананы.

7-о: Асылжан: Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз.

8-о: Ақылжан: Бізді өсірген апатай,

Еңбегіңде зор екен.

Құтты болсын, апатай,

Құтты болсын мерекең.

9-о: Б.Іңкәр: Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайым, құттықтаймын,

Бүгін сенің мерекең.

10-о: Айдын: Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

11-о: Абылай: Сен жалықпай жетектеп,

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

12-о: М. Раяна: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

ІІІ бөлім:

Мақал-мәтелдер.

1-топ: Шуақ (жалғастыру)

1. Ананың сүті – бал,

Баланың ... (тілі – бал.)

2. Ана сүті ... (бой өсіреді,)

Ана тілі ой өсіреді.

2-топ: Бақыт (қима қағаздардан құрастыру)

1. Ана жүрегі – теңізден терең.

2. Ағайын – алтау,

Ана – біреу.

3-топ:Тіршілік (жоғалған сөзді табу)

1. Қыз «қуыршақ» дейді,

Бала «...............» дейді. (құлыншақ)

2. Ана көрген – тон ........,(пішер)

Әке көрген – оқ жонар.

4-топ:Мейірім (сәйкестендіру)

1. Ананың құшағы жылы,

Күннің шуағы жылы.

2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

IV бөлім:

Аналармен ойын «Қағазбен орау»(«Мумия» ойыны).

Шарты: ортаға 4 ана мен 4 оқушы шақырылады, анасы баласын қағаз біткенге шейін тез орау керек.

V бөлім:

«Менің анам.» (анасының даусын тану)

Шарты: ортаға 5 оқушы шығады, оқушылардың көзін матамен жауып, бірнеше ана өздерінің балаларын еркелететін сөздерін айтады, оқушылар сол арқылы өз анасын табады.

Мұғалім: Міне, бүгінгі кешімізде аяғына жетті. Барлық аналарымыз бақытты және аман-сау болсын! Қош-сау болыңыздар!









Скачать

© 2019, 3366 16

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!