СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1-сынып «Бейнелеу өнері» пәнінен ұзақ мерзімді тақырыптық-күнтізбелік жоспар

Нажмите, чтобы узнать подробности

1-сынып «Бейнелеу өнері» пәнінен ұзақ мерзімді тақырыптық-күнтізбелік жоспар

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).
  2. «Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың мақсаты - көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру. Оқушыларға Қазақстан мен бүкіл әлемнің рухани және материалдық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі ретінде бейнелеу өнерінің жеке әлеміне тарту, олардың тұлғасын қалыптастыру мен дамытудың тиімді құралы болып табылады.

«Бейнелеу өнері» пәнін оқытудың міндеттері:

- адамгершілік тәжірибені байыту; адамгершілік-имандылық сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан халқының өнері мен мәдениеті және басқа да халықтардың өнері мен көркемдік мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;

- бейнелеу өнеріне деген қызығушылық пен әсемдік сезіміне тәрбиелеу;

- шығармашылық жұмыстарда қоршаған әлемге деген өзіндік оң қатынасына, оң көзқарасын білдіруге тәрбиелеу;

- сурет, кескіндеме, композиция, мүсін бойынша бейнелеу өнері сауаттылығының заңдылықтары мен негіздерімен таныстыру;

- бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, жануарлық жанр және т. б.) таныстыру;

- қоршаған заттардың пішінін, көлемін және құрылымын көру және түсіну қабілетін қалыптастыру;

- кеңістіктікте ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру;

- графикалық дағдыларды және түстану дағдыларын дамыту;

- моториканы, логикалық ойлауды, ойлаудың дербестігін және көркемдік идеяларды іске асыруды дамыту;

- әр түрлі көркемдік материалдармен жұмыс жасаудың дағдыларын игерту және әр түрлі бейнелеу өнері техникаларын игерту;

- шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін көре, ажырата, таңдай, зерделей, талдай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер және т. б.)

- балаларда сезімдік-эмоционалдық жағдаяттарын, зейіннің, жады мен қиялының дамуы;

- тәуелсіздік, мақсаттылық, дәлдік, еңбекқорлық сияқты жеке қасиеттерді қалыптастыру;

3. Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер

1-сыныпқа арналған «Бейнелеу өнері» оқу бағдарламасы мынадай қағидаттарды сақтайды:

Құндылыққа бағытталған тәсіл. Құндылықтардың идеялық негізі - Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; құрмет; ынтымақтастық; еңбек және шығармашылық; ашықтық; өмір бойы білімді игеру мен алу болып табылады.

Іс-әрекет тәсілі. Қоғам дамуының осы кезеңіндегі жалпы білім беретін мектептің маңызды міндеттерінің бірі-студенттерді білім қорымен "қамтамасыз ету" емес, сонымен қатар оларға өз бетінше ақпарат алуға және шығармашылық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға мүмкіндік беретін дағдыларды қалыптастыру. Осыған байланысты оқу үрдісінде оқушылардың оқу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін педагогикалық технологияларды енгізу өзекті болып табылады. Әрекет әдісі тек іс-әрекетті оқытуды ғана көздемейді, сонымен қатар ол  білімді терең және берік игеруді қамтамасыз етуі шарт.

Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл. Жеке тұлғаға бағытталған білім беру балалардың жеке, жас ерекшеліктерін (жас, физикалық, психологиялық, интеллектуалдық) ескере отырып, олардың тәрбиесіне, біліміне және дамуына, сондай-ақ кез-келген балаға ерекше тұлға ретінде қарауды көздейді.

Сараланған тәсіл. Білім алушылардың жас және жеке дара ерекшеліктерін есепке алумен сипатталатын оқыту, әрбір оқушыны оның мүмкіндіктері мен қабілеттері деңгейінде оқыту; оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшеліктеріне бейімдеу (бейімдеу).

Саралап оқыту барысында білім алушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес дамуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін түрлі әдістер, тәсілдер, оқыту нысандары және арнайы дидактикалық материалдар қолданылады.

Коммуникативтік тәсіл. Коммуникативті тәсілдің нәтижесі-қарым-қатынастың басқа қатысушыларымен өзара іс әрекет үрдісінде қарым-қатынас жасау, көркемдік образдық ойларды жеткізе білу мен беру және көркемдік идеялармен алмаса білу мүмкіндіктері. Оқу үрдісінде әртүрлі коммуникация құралдарын пайдалану оқушылардың сыни ойлауы мен дербестігін дамытуға ықпал жасайды. Оқу үрдісінде коммуникативтік тәсілге сәйкес қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, жеке және топтық іс-әрекет үрдісінде өздерінің көркемдік, шығармашылық жұмыстары мен басқалардың жұмысын бағалау мен талдауға ықпал ететін оқу тапсырмаларын қосу қажет.

Көркемдік-технологиялық тәсіл. Бұл оқушылардың материалдарды, құралдарды, бейнелеу өнерінің заңдылықтары мен ережелерін білу, жобалау және модельдеу және шығармашылық объектілерді дайындаудың технологиялық реттілігін таңдау мәселелерін шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті.

 

  1. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы құзыреттілік негізгі АКТ-дағдыларына негізделген және жұмыс, бос уақыт және коммуникация үшін технологияларды дұрыс және шығармашылық тұрғыда қолдануды қамтиды.

 

  1. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау туралы

 

            «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту нәтижелерін бағалау қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үрдісін уақтылы түзетуге мүмкіндік береді. Оқыту ұпайларын бағалауды қамтиды. Қалыптастырушы бағалау оқытудың белгілі бір кезеңінде оқу ақпаратының блогын оқып аяқтағаннан кейін жүргізіледі, оқушыларға кері байланыс беру, пән бойынша тоқсандық және жылдық бағалау кезінде «есептелінді» және «есептелінген жоқ» деген критериалды бағалау қағидасына сүйену керек.

 

2-тарау. «Бейнелеу өнері» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

 

6. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

 

        1-сыныпта  аптасына 1 сағат, оқу жылында 35 сағат

 

7. Бейнелеу өнері оқу пәнінің мазмұны бірыңғай оқу-тәрбиелік міндеттерді шешу үшін 4 блок түрінде топтастырылған: