СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1 сынып "?нші т?лдер" ана тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

ана тілі 1 сынып     Саба?ты? та?ырыбы: ?нші т?лдер

Саба?ты? ма?саты: 1. Т?рт т?лік мал жайлы білімдерін тере?дету, ж?йелеу.  Бірлесіп ж?мыс жасай отырып, о?ушыны? ?з пікірін білдіруге, ойын д?лелдеуге, ?згені? ойын ты?дай білуге баулу.                                                                                                   2. Ой — ?рісін, с?здік ?орын байыту, м?нерлеп,т?сініп о?уда білім-білік да?дыларын дамыту                                                                                                                                                   3.?аза? хал?ыны? ?мірін т?рт-т?лік малмен байланыстыра отырып, о?ушыларды т?рт т?лікті ??рметтеуге, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: Т?лдер суреті, постер, білім а?ашы                                                                                                    ?діс-т?сілі: с?ра?-жауап,т?сіндіру,??гімелеу                                                                            Т?рі: Жа?а саба?

Саба?ты? барысы: І ?йымдастыру кезе?і.

Просмотр содержимого документа
«1 сынып "?нші т?лдер" ана тілі»

ана тілі 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Әнші төлдер

Сабақтың мақсаты: 1. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу.  Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. 2. Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп,түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту 3.Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төлдер суреті, постер, білім ағашы Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу Түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Психологиялық дайындық:«Ақ тілек. Әсем күлкі»
- Көңіл - күйлеріңіз қалай?
- Керемет!(қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарың қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынталарыңыз қалай?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше сабағымызды бастайық!
- О, о, о (бас бармағын көтереді)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. «Төлдер»

  • Жарайды, олай болса үйге қандай тапсырма берілді?

  • Ендеше үй тапсырмасына дайын оқушы бар ма?

Жақсы, оқушылар біз бұл уйге берілген төлдер өлеңінде құлын мен бота туралы білдік. Ендеше қалған төлдер туралы бүінгі тақырыпта білетін боламыз. Олай болса, әнші төлдер мен бөрте лақ өлеңдеріне назар аударайық. Бұл өлеңді оқып бермес бұрын мен авторы туралы мағлұмат беріп өтейін. Ілияс Жансүгіров – ақын. Ол 1894 жылы мамырдың 5-інде Алматы облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Ақсу ауданнында дүниеге келген. 1938 жылы дүниеден өткен. Бұл өлеңді бірінші мен сендерге оқып беремін. Сосын сендер оқисындар.

ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін пысықтау: Сұрақ-жауап

-Балалар біз қандай тарауды өтіп жатырмыз?

-Төрт түлікке қандай малдар жатады?

-Олардың бізге беретін қандай пайдасы бар?

-Біздің Маңғыстауда төрт түліктің қайсысын көбіне өсіреді?

-Төрт түліктің пірін кім атайды?

-Төрт түліктің төлдерін кім атап береді?

Жарайды, олай болса ары қарай балалар «Төлін тап» ойынын ойнаймыз. Барлығымыз дайын отырайық. Қазір сендерге тақтада суреттер беріледі. Сендер сол сурет бойынша әр малдың төлін табасыңдар.

IV. Жаңа сабақ

  • Жарайсыңдар балалар,ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Әнші төлдер»

  1. Ендеше балалар дәптерімізді ашып,бүгінгі күннің жадымен тақырыпты жазамыз.

2. Көркем жазу: Қозы,бұзау, лақ

  • Олай болса балалар барлығымыз оқулықтағы 37- жаттығудың 1.тапсырмасын 1 оқушы оқиды. 2 тапсырмасын екінші оқушы оқиды.

  • Тақтаға 7 оқушы шығып бір-бір сөзден жазып, жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызады.

V.Сергіту сәті: Ән «Қошақаным»

№5 өзіндік жұмыс:
1. Бес сөзден тұратын сөйлемді белгіле:
А) Айгүл ауылға барды.
Ә) Әжем маған қолғап тоқып берді.
Б) Атамның көзілдірігін алып бердім.
2. Қай сөз буынға дұрыс бөлінген:
А) бұл - т
Ә) көл - ең - ке
Б) кө - лең - ке
3, Тасымалданбайтын сөзді тап:
А) шағала
Ә) асық
Б) белдік

  1. Үй жануарларының  дыбысын есту арқылы олардың қай жануардың дыбысы екенін анықтау.

  2. Әр топ дыбысына қарай тапқан жануарларға байланысты сипаттама айтады.

  3. Әр топ ақылдасу арқылы бір оқушыдан қорғайды.

VII. Қорытынды:

  • Оқушылар, біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?

  • Сабақтың қандай сәттері ұнады?

  • Келесі сабақта нені үйренгіңіз келеді?

VIIІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма. 38-жаттығу. «Әнші төлдер» өлеңін жаттау