СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1-сыныпқа арналған ұзақ мерзімді тақырыптық жоспар (барлық пәннен)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әліппе Күнтізбелік –тақырыптық жоспар

(Барлығы – 98 сағат, аптасына -6 сағат)

Түсінік хат

            1. «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы  «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.2. Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының мынадай ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда  басшылыққа алынады:

дыбыспен жаттығу

оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту

әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу

білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу

3. Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.

4. «Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

5. Оқу бағдарламасының міндеттері білім алушының мынадай дағдыларын қалыптастыруды көздейді:

оқу әрекетіне бейімдеу

коммуникативтік дағдыларын (өз ойын толық жеткізе білу, өзгенің пікірімен санаса білу, әңгімелесу, сөйлеу әдебін сақтау) қалыптастыру

дыбыс, буын, сөз, сөйлем, сөйлеу (мәтін) туралы қарапайым түсінік қалыптастыру

тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) ажырату, салыстыру, топтастыру, талдауға үйрету

мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту

тілдік білімі мен дағдыларын тәжірибеде қолдана алу

дыбысты әріппен таңбалап, әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету

танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту

дыбыстан  буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға үйрету

ана тіліне, Отанына, туған еліне, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту

сөзді буындап оқуға, тұтас оқуға, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға машықтандыру

жеке тұлғалық қасиеті мен әлеуетін ашу

жазу дағдысын (қатесіз, көркем жазу) қалыптастыру

тұрақты зейіні мен есте сақтауын, логикалық ойлауы мен білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыру

сөздік қорын байыту

физиологиялық ерекшеліктерін ескеру және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау

«Әліппе» пәнінің мазмұны «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта  98 сағатты құрайды.  Оқу пәнінің мазмұны:

қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен

қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан

негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс)

орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады

«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 13 сағат,  әліппе кезеңі – 85 сағат) ұйымдастырылады.

«Әліппе» пәнінің мазмұны І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы (әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдері) арқылы жүзеге асырылады.

Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:

1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;

а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) –12 сағат;

с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;

2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;

ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ)  – 24 сағат.

 

Ескерту:  ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі.

 

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:

оқуәрекетінеқызығушылығынояту;

дыбыспен жаттығу: сөзге дыбыстық талдау жасау, сөзді созып айту арқылы неше буын бар екенін анықтау, сөздерді буынға бөлуге дағдыландыру,сөз ішіндегі және екі, үш буынды сөз ішіндегі дыбыстарды айыру, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дыбыстарды, буындарды қосып, сөз айтуға дағдыландыру;

сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;

жазуға даярлау (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба сызу, әріп элементтерін жазу);

сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және  қолдану дағдыларын қалыптастыру

) қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, зейінін тұрақтандыру;

 

байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

       Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін айқындауда А. Байтұрсынұлының шағын сөзді әдісі, дыбыспен жаттығу әдісі негізге алынды.

Ескерту: тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.

Әліппе кезеңінің міндеттері:

дыбысты әдіс арқылы жаңа дыбыс пен әріпті таныту;

дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту: дыбыстардан буын, буындардан сөз, сөздерден сөйлем құрап оқуға, жазуға үйрету.

дыбыстық талдау дағдыларын дамыту: мәтіннен/сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу;

оқу әрекеттерін дамыта отырып, тілдік дағдыларын жетілдіру; 

дыбысты дұрыс айтуға жаттықтыру;

сөзді біртіндеп тұтас, дұрыс, түсініп оқуға дағдыландыру;

естілген дыбыстардың типтерін, яғни фонемаларды ажырата білуге үйрету;

көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;

жеке дыбыстарды әріптермен таңбалау: әріптердің баспа және жазба түрлерін үйрету;

сөздік қорын байыту;

өз ойын жеткізе білуге үйрету.

Әліппе кезеңінің міндеттерін айқындауда А.Байтұрсынұлының дыбысты әдісі, жалқылаулы-жалпылау әдісі,  жазу-оқу әдісі негізге алынды. Ескерту:  І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі:

Әліппеге дейінгі кезең

Әліппе кезеңі

графикалық диктант

1-3 таңба

әріптік диктант

3-5 әріп

буын диктанты

3-6 буын

сөздік диктант

2-5 сөз

Диктант

3-12 сөз

Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.

 

«Әліппе»  пәнінің базалық білім мазмұны:

Тыңдалым мен айтылым:

 

Оқылым

 

Жазылым:

 

- мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу; 

-  сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

- фонетика: дауысты дыбыстар; дауыссыз дыбыстар; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрауы; сөздің дыбыс, әріп құрамын анықтау; сөздің дыбыс құрылымы туралы алғашқы білімдерді игеру;

 - орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;  

- сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;

- тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау;  көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу; 

- сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау, рөлдік ойындар) сөз әдебіне үйрену;

- сөздегі дыбыс саны мен ретін анықтау, дыбыстық талдау жасау;

- дыбыстардың мағына ажыратушы  қызметін түсіну;

- сөздер мен сөйлемдердің құрылымын сызба арқылы түсініп, тани білуі (сөздегі буын санын, сөйлемдегі сөз санын анықтау);

- сөздің мағынасын, сөйлемде айтылған ойды түсіну;

- дыбыс пен әріпті ажырату, дыбыстың айтылу ерекшелігін, әріппен  таңбаланатынын білу,  жазылған сөздің әріптік құрылымын тану;

- қазақ тіліндегі жұп дыбыстардың (а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і, л-р, н-ң, с-з, с-ш, ж-ш, п-б, к-қ, г-ғ) ерекшеліктерін тану, өзге  тілден  енген сөздерде кездесетін дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылану;

- сөйлемді (2-6 сөз), мәтінді (4-10 сөйлем) дауыстап оқу; түсініп оқу; 

- сөздерді оқу барысында дыбыс үндестігін сақтау;

- мәтін туралы жалпы түсінік қалыптастыру.

сурет, сызба түрінде берілген ақпаратты  түсіну;

 

- тілдік бірліктерді (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс) сызбалар арқылы модельдеу;

- жазу жұмысына дайындық (денені дұрыс ұстау, қолды дұрыс қойып отыру, дәптерді дұрыс қою, қарындашты, қаламды дұрыс ұстау); кеңістікте бағдарлау дағдысы (жазу жолы, жоларалық кеңістік, жолдың жоғарғы және төменгі сызығы, босаралық, көлбеу, тік); сурет салу, үзік сызықтар, ирек сызықтар, әріп элементтерін жазу;

- бас әріп пен кіші әріптерді талапқа сай көркем жазу; дыбыстардан буын, буындардан сөз құрап, әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, үздіксіз әрі үзбей (ырғақты) жазу;

- әр сөйлемнің бас әріптен басталатынын, сөйлем ішіндегі сөздердің бөлек жазылатынын, сөйлемнің соңына тыныс белгі қойылатынын білу, қолдану;

- көшіріп жазу, есту, есте сақтау арқылы сөздерді (3-7 сөз), жай сөйлемдерді (1-2 сөйлем) жатқа жазу, жазғанын үлгіге қарап тексеру;

- сөздерден сөйлем құрау;     

- қатесіз  және көркем жазуға  дағдылану;

- бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына арнайы қойылған аттар) ажырату, дұрыс жазу;

- сөйлеу барысында жалғауларды қолдана білу.

Ескерту: тыңдалымматериалыныңкөлемі: 30 сек-1мин.

 

Ескерту: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-ден аспауы керек.

 

 

 


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!