| (Ұ)Күз туралы әңгіме жүргізу. Мұнда егін, жеміс жинау науқаны туралы әңгімелесу. Сабақта жеміс жинайтынымыз туралы айту. 10 оқушыны тақтаға шығарып, соңғы оқушыға 2 алма беру.Қалған оқушылар қолын көтереді. Олар бақтағы алма ағаштары. -Қанша ағаштың жемісі жиналған? - барлығы қанша ағаш? Қанша алмағаштың жемісі жиналмаған? -10 санын қалай шығарып алуға болады? 10 санының басқа сандардан қандай айырмашылығы бар? 1 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0- бір таңбалы сандар. Қалай ойлайсыңдар? Неге олар бір таңбалы сандар деп аталады? (МК) 10 санымен жұмыс жүргізу. Слайд 2-3 Сан түзуіндегі сандарды санату.10 санының сан түзуіндегі орнын көрсету. Он саны- екі таңбалы сан.Ол екі цифрмен жазылады. Сан түзуінде 10 санының сол жағында бір таңбалы сандар, оң жағында екі таңбалы сандар орналасады. Тірек сөздермен таныстыру Он-десять-ten Екі таңбалы сан- двузначное число-two digit number Бір таңбалы сан- однозначное число- one digit number (Ұ)Суретте барлығы қанша сан бар? Слайд 4 Сандарды бір және екі таңбалы сандарға бөлу. (ТЖ) Қанша жеміс бар? Құрамы бес оқушыдан топ құру. Барлығы жемісті 10 данадан жинайтынын айту. 1-алша, 2-өрік, 3- алмұрт, 4-алма, 5-банан санап, 10-ға дейін толықтырады. (Ж) Шығарып көр Санды 10-ға дейін толықтыр. Сұрақ белгісінің орнына қандай санды қоямыз? 10 10 ? 5 7 ? 10 10 ? 6 9 ? Сергіту сәті Сергіту сәті: Аяқпенен топ, топ, топ, Алқымменен лоп-лоп-лоп, Бір оңға, бір солға Айналайық кел мұнда! Қолымызды бір сілтеп, Басымызды шайқайық, Бір оңға, бір солға Ойнайықшы, кел мұнда! Секіреміз жоғары, Қиын емес секіру, Бір оңға, бір солға, Секірейік кел мұнда! (ӨТәж) Домино тастары арқылы 10 санын шығару Домино тасының екі жартысында да, нүктелер саны 10 болатындай етіп теріп алу керек.Мысалы 5 пен 5, 6 мен 4 т. с.с Дәптермен жұмыс. (31б) Сан түзуіндегі сандарды жазу. Сан түзуінде 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастыру. және 10 санының орнын табу.10 санын айналдыра қоршау. Әрбір қапта 10 көкөніс болатындай етіп, суретті толықтырып сал. Суреттегі берілген әр қаптағы көкөністі санау, содан кейін әр қаптағы көкөністің саны 10 болу үшін жетпей тұрған көкөністі салу. Сергіту сәті 1, 2, 3 ал қанеки ұш. 4, 5, 6, 7 анау ауыл шеті 8, 9, 10 ал қанеки қон. |