Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны |
1-тоқсан (8 апта 32 =30+ 2 сағат) |
Кіріспе | -
Қазіргі замандағы физиканың рөлі | 10.1.1.1 - қазіргі замандағы физиканың рөлі туралы пікір айту және өз ойын дәйектеу; | 1 |
Физикалық өлшеулер | -
Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу №1 Зертханалық жұмыс «Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау» | 10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу; 10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау; 10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу; | 2 |
Кинематика | -
Теңүдемелі қозғалыс кинематикасының негізгі теңдеулері мен ұғымдары | 10.2.1.1 - жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін пайдалана отырып, теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру формуласын қорытып шығару; 10.2.1.2 - сандық және графиктік есептерді шығаруда кинематика теңдеулерін қолдану; | 2 |
-
Инвариантты және салыстырмалы физикалық шамалар Галилейдің салыстырмалылық принципі | 10.2.13 - инварианты және салыстырмалы физикалық шамаларды ажырату; 10.2.1.4 - жылдамдықтарды қосу мен орын ауыстыруды қосудың классикалық заңын есеп шығаруда қолдану; | 1 |
-
Қисық сызықты қозғалыс кинематикасы | 10.2.1.5 - қисықсызықты қозғалыс кезіндегі траекторияның қисықтық радиусын, дененің тангенциалды, центрге тартқыш және толық үдеуін анықтау; | 2 |
-
Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы №2 Зертханалық жұмыс «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу» | 10.2.1.6 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау; 10.2.1.7 - көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу; | 2 |
Динамика | -
Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары | 10.2.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру; | 2 |
-
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы | 10.2.2.2 - инертті масса мен гравитациялық массаның физикалық мағынасын түсіндіру; 10.2.23 - материалдық нүктенің гравитациялық өріс кернеулігі мен потенциалының қашықтыққа тәуелділік графигін түсіндіру; 10.2.2.4 - бүкіл әлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану; | 2 |
-
Абсолют қатты дененің инерция моменті | 10.2.2.5 - материалдық дененің инерция моментін есептеу үшін Штейнер теоремасын қолдану; | 2 |
-
Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы және оның кеңістік қасиеттерімен байланысы Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. | 10.2.2.6 - айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуін есеп шығаруда қолдану; 10.2.2.7 - айналмалы және ілгерілемелі қозғалысты сипаттайтын физикалық шамалардың арасындағы сәйкестікті жүргізу; | 2 |
-
№3 Зертханалық жұмыс «Көлбеу науамен сырғанайтын дененің қозғалысын оқып үйрену» | 10.2.2.8 - дененің инерция моментін тәжірибелік әдіспен анықтау; | 1 |
Статика | -
Массалар центрі. | 10.2.3.1 - абсолют қатты дененің және денелер жүйесінің массалар центрін анықтау; | 1 |
-
Тепе-теңдік түрлері. | 10.2.3.2 - әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру кезінде себеп-салдар байланысын орнату; | 1 |
-
№4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» | 10.2.3.3 - күштерді қосудың заңдылығын эксперименттік тексеру және күш шамасын тәжірибелік жолмен анықтау; | 1 |
Сақталу заңдары | -
Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы. | 10.2.4.1 - сақталу заңдарын сандық және эксперименттік есептерді шығаруда қолдану; | 2 |
Сұйықтар мен газдардың механикасы | -
Гидродинамика. Сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленнтік ағыстары. | 10.2.5.1 - сұйықтар мен газдардың ламинарлық және турбуленттік ағыстарын сипаттау; | 1 |
-
Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі. Көтергіш күш. | 10.2.5.2 - үзіліссіздік теңдеуі мен Бернулли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану; | 2 |
-
Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Стокс формуласы. Денелерді қапталдай ағуы | 10.2.5.3 - Торричелли теңдеуін эксперименттік, сандық және сапалық есептерді шығаруда қолдану; | 2 |
-
№5 Зертханалық жұмыс «Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу» | 10.2.5.4 - эксперименттің нәтижесіне әсер етуші факторларды анықтау және нәтижені жақсартудың жолдарын ұсыну; | 1 |
Жиынтық бақылау жұмысы | 2 |
2 тоқсан (8 апта 30+2 сағат) |
Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi | -
Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi. -
Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе. -
Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі | 10.3.1.1 - температура мен молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының байланысын сипаттау; | 4 |
-
Идеал газ. Газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеуi | 10.3.1.2 - идеал газ моделін сипаттау; 10.3.1.3 - МКТ-ның негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану; | 3 |
Газ заңдары | -
Идеал газ күйінің теңдеуі | 10.3.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін есептер шығаруда қолдану; | 2 |
-
Изопроцестер. Изопроцесстер графиктері. -
Дальтон заңы | 10.3.2.2 - тұрақты температура кезінде қысымның газ көлеміне тәуелділігін зерттеу (Бойль-Мариотт заңы); 10.3.2.3 - тұрақты қысым кезінде газ көлемінің температураға тәуелділігін зерттеу (Гей-Люссак заңы); 10.3.2.4 - тұрақты көлем кезінде қысымның газ температурасына тәуелділігін зерттеу (Шарль заңы); 10.3.2.5 - газ заңдарын сандық және графиктік есептер шығаруда қолдану; | 4 |
Термодинамика негiздерi | -
Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикалық жұмыс. Жылу мөлшері, жылусыйымдылық. | 10.3.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану; | 3 |
-
Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуі | 10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану; | 3 |
-
Қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Термодинамиканың екiншi заңы. -
Айналмалы үдерістер және оның ПӘК-і. Карно циклі. | 10.3.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау; 10.3.3.4 жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдану; | 3 |
Сұйық және қатты денелер | -
Қаныққан және қанықпаған бу. Ауаның ылғалдылығы. -
Фазалық диаграммалар. Үштік нүкте. Заттың кризистiк күйi | 10.3.4.1 - гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау; | 3 |
-
Сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар | 10.3.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау; | 2 |
-
Кристалл және аморф денелер. -
Қатты денелердің механикалық қасиеттері | 10.3.4.3 - әр түрлі қатты денелер мысалында кристалдық және аморфты денелердің құрылымын ажырату; 10.3.4.4 - серпімді деформация кезіндегі Юнг модулін анықтау; | 3 |
Жиынтық бақылау жұмысы | 2 |
3 тоқсан (11 апта 42+2 сағат) |
Электростатика | Электр заряды. Зарядтың беттік және көлемдік тығыздығы. Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы | 10.4.1.1 - электр эарядының сақталу заңы мен Кулон заңын есептер шығаруда қолдану; | 2 |
Электр өрісі. Біртекті және біртекті емес электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің суперпозиция принципі | 10.4.1.2 - суперпозиция принципін электр өрісінің қорытқы кернеулігін анықтау үшін пайдалану; | 2 |
Электр өрісінің кернеулік векторының ағыны. Гаусс теоремасы | 10.4.1.3 - зарядталған жазықтықтың, шардың, сфераның және шексіз жіптің электр өрісінің кернеулігін анықтау үшін Гаусс теоремасын қолдану; | 2 |
Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы. Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы | 10.4.1.4 - нүктелік зарядтың электр өрісінің потенциалы мен жұмысын есептеу; | 2 |
Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс | 10.4.1.5 - электростатикалық өрістің күштік және энергетикалық сипаттамаларын байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану; 10.4.1.6 - гравитациялық және электростатикалық өрістердің күштік және энергетикалық сипаттамаларын салыстыру. | 3 |
Электр өрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер; | 10.4.1.7 - диэлектриктердегі поляризация құбылысы мен өткізгіштердегі электросттикалық индукция құбылысына салыстырмалы талдау жасау; | 2 |
Электрсыйымдылығы. Конденсаторлар. Конденсаторларды жалғау | 10.4.1.8 - конденсатор сыйымдылығының оның параметрлерінен тәуелділігін зерттеу; 10.4.1.9 - конденсаторларды тізбектей және параллель жалғаудың формулаларын есептер шығаруда қолдану; | 3 |
Электр өрісінің энергиясы; | 10.4.1.10 - электр өрісінің энергиясын есептеу; | 2 |
Тұрақты ток | Электр тогы. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Өткізгіштерді аралас жалғау | 10.4.2.1 - аралас жалғанған өткізгіштерден тұратын тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану; | 2 |
№6 Зертханалық жұмыс «Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып үйрену» | 10.4.2.2 - өткізгіштерді аралас жалғауды зерттеу; | 2 |
Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісі. | 10.4.2.3 - ток көзінің әртүрлі жұмыс режимі (жұмыстық, бос жүріс, қысқа тұйықталу) кезіндегі кернеу мен ЭҚК -інің арасындағы байланысты зерттеу; | 2 |
Толық тізбек үшін Ом заңы; | 10.4.2.4 - толық тізбек үшін Ом заңын қолдану; | 2 |
№7 Зертханалық жұмыс «Ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау» | 10.4.2.5 - эксперимент арқылы ток көзінің ЭҚК мен ішкі кедергісін анықтау; | 1 |
Кирхгоф заңдары | 10.4.2.6 - тармақталған электр тізбегіне Кирхгоф заңын қолдану; | 2 |
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль–Ленц заңы. Ток көзінің ПӘК-і | 10.4.2.7 - электр тогының жұмысы, қуаты және ток көзінің ПӘК-ң формулаларын есептер шығаруда қолдану; | 2 |
Әр түрлі ортадағы электр тогы | Металдардағы электр тогы. Асқын өткiзгiштiк | 10.4.3.1 - металдардағы электр тоғын сипаттау және кедергінің температураға тәуелділігін талдау; 10.4.3.2 - жоғары температурадағы асқын өткізгішті материалдарды алудың жолдарын талқылау; | 2 |
Жартылайөткiзгiштердегi электр тогы. Жартылайөткізгішті құралдар; | 10.4.3.3 - жартылайөткізгіштердегі электр тогын сипаттау және жартылайөткізгішті құралдардың қолданылу принципін түсіндіру; | 2 |
№8 Зертханалық жұмыс «Шамның қылсымының, резистордың және жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы» | 10.4.3.4 - шамның қылсымының, резистордың және жартылайөткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасын зерттеу; | 2 |
Электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы. Электролиз заңы | 10.4.3.5 - электролиттердегі электр тогын сипаттау және электролиз заңын есептер шығаруда қолдану; | 2 |
№9 Зертханалық жұмыс «Бір валетті ионның электр зарядын өлшеу» | 10.4.3.6 - электролиз үдерісіндегі электронның зарядын эксперимент арқылы анықтау; | 1 |
Газдардағы электр тогы. Вакуумдегi электр тогы. Электронды-сәулелік түтікше | 10.4.3.7 - газдардағы және вакуумдағы электр тогын сипаттау; 10.4.3.8 - электронды-сәулелік түтікшенің жұмыс істеу принципін және қолданылуын түсіндіру; | 2 |
Жиынтық бақылау жұмысы | 2 |
4 –тоқсан (8 апта 30+2 сағат) |
Магнит өрiсi | Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі. Ампер тәжірибелері Магнит индукция векторы. Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің индукциясы. Бұрғы ережесі | 10.4.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)мен есептер шығару арқылы түсіндіру; | 4 |
Ампер күші, сол қолы ережесі; | 10.4.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру; | 4 |
Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы | 10.4.4.3 - токомак, циклотрон, андронды коллайдер, магниттік тордың жұмы істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру; 10.4.4.4 - зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу; | 4 |
Заттың магниттік қасиеттері. Кюри температуры | 10.4.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау; 10.4.4.6 - магниттік материалдардың(неодим магниттер, датчиктер, сейсмометрлер, металл детекторлар) заманауи қолдану аймағын және олардың қолдану үрдісін талқылау; | 4 |
Электромагниттiк индукция | Ампер күшінің жұмысы. Магнит ағыны. Электромагниттiк индукция құбылысы | 10.4.5.1 - Электромагниттік құралдардың( электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу; | 4 |
Электромагниттiк индукция заңы. Ленц ережесі. Өздік индукция. Индуктивтілік | 10.4.5.2 - электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану; | 3 |
Магнит өрісінің энергиясы | 10.4.5.3 - механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу; | 3 |
Электр қозғалтқыш және тұрақты токтың электр генераторы | 10.4.5.4 - қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесі арқылы, ЭҚК-ң пайда болуын дәлел келтіре отырып түсіндіру; | 4 |
Жиынтық бақылау жұмысы | 2 |