(Т) Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мұғалім сұрақ жауап әдісі арқылы оқушылармен диалог құра отырып жауа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар негізгі мәліметтерді дәптерлеріне жазып отырады. Гидроаэромеханика — сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттерін, олардың қозгалысын және олардың ішіндегі қатты денелердің қоғгалысын зерттейтін физиканың бөлімі. Гидроаэростатика сұйық немесе газдың тыныштық күйін немесе олардың қозғалыс жылдамдығы аз күйін зерттейді. Гидроаэродинамика -сұйық пен газдардың қозғалысын, ұшқыш аппараттар мен су асты қайығының, су көліктерінің, денелердің (мысалы, метеориттердің, кометалардың) атмосферадағы қозғалысын, құстардың, жәндіктердің ұшуын зерттейді Бернулли теңдеуі — гидромеханиканың негізгі теңдеулерінің бірі. Бұл теңдеуді швейцариялық ғалым Д. Бернулли (1700 — 1782) өзінің 1738 жылы Страсбургте жарық көрген “Гидродинамика” деген еңбегінде тұжырымдаған. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет. Тұтқырлық – сұйықтардың негізгі қасиеттерінің бірі, сұйықтың қозғалысы барысында оның өз өңірінде үйкеліс күшін тудыру қабілеті. Сұйықтың тұтқырлығы қатты жылдамдықпен қозғалған сұйық қабаттарының қозғалысын азырақ жылдамдықпен қозғалған сұйық қабаттарына беруге қабілеті. Физикалық тұрғыдан сұйықтың тұтқырлығы тұтқырлық коэффициентімен бағаланады. -
Тұтқырлық- сұйыктың қозғалысына кедергі жасайтын ішкі үйкеліс күштері. -
Бұл күш ішкі үйкелісті, яғни сұйық пен қатты дененің арасындағы емес, бір-біріне қатысты сырғанап бара жатқан сұйық қабаттарының арасындағы үйкелісті сипаттайды. Ламинарлық ағыс деп- сұйықтың қабаттары бір-біріне араласпай ағатын тәртіпті айтады, яғни бір қабат екіншісіне араласпай сырғанап өтеді. Ламинарлық ағыс стационарлы. Сұйықтық қабаттары бір-бірімен араласып, құйындану арқылы өтетін ағысты турбулентті деп атаймыз. Турбуленттік ағыс кезінде бөлшектердің жылдамдығы әрбір берілген орында барлық уақытта ретсіз қозғалыста болады, яғни ағыс стационарлы емес. |