СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

11 сынып. "Өмірді сүйем мен аңсаған"Өзін-өзі тану сабағы

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Өмірге деген құштарлыққа баулу, шәкірттің қызығушылығын ояту. Өмірдің ағымы туралы пікірлесу, өмірге деген көзқарасты жан-жақты бағдарлауға жетелеу, өмір құндылығын сезінуге тәрбиелеу. Өтілу түрі:Пікірталас. Көрнекіліктер: өмір туралы өлең шумақтары, мақал-мәтел, бейнефильм, ән Тәрбие сағатының жүрісі: 1.«Мен өзімді.... таныстырғым келеді» Өздерін өмірге деген құлшынысы қандай екенін айта отырып, таныстырады.  

Просмотр содержимого документа
«11 сынып. "Өмірді сүйем мен аңсаған"Өзін-өзі тану сабағы»

Сыныбы: 11 сынып.Өзін-өзі тану сабағы. Бірмағанбетова Айгүл Айтбаевна

Ашық тәрбие сағаты "Өмірді сүйем мен аңсаған"

Мақсаты: Өмірге деген құштарлыққа баулу, шәкірттің қызығушылығын ояту. Өмірдің ағымы туралы пікірлесу, өмірге деген көзқарасты жан-жақты бағдарлауға жетелеу, өмір құндылығын сезінуге тәрбиелеу.
Өтілу түрі:Пікірталас.
Көрнекіліктер: өмір туралы өлең шумақтары, мақал-мәтел, бейнефильм, ән
Тәрбие сағатының жүрісі:
1.«Мен өзімді.... таныстырғым келеді»
Өздерін өмірге деген құлшынысы қандай екенін айта отырып, таныстырады.
2. Оқушыларға түрлі - түсті қағаздардан кәмпиттер үсынылып, солар арқылы екі топқа бөлінеді.
Сол берілген кәмпиттер бойынша оқушыларды топқа отырғызу.
1. қызыл
2. жасыл
3. Тақтадан бейнебаян көрсетіледі. Бәріміз мұқият бейнебаянды тамашалайық.
Мұғалім сөзі: Оқушылар бейнебаянда не көрдіңдер? Қандай тақырыпқа жазылған?
4. Сұрақтарға өз пікіріңді білдір.
Өмірде қиындық болса не істер едіңдер?
Өмірде алданған болсаң қандай жағдайда оның шешімін табар едің?
Өмірдің құндылығы неде?
Өмір саған не сыйлады?
Сіздерден мәнді де, маңызы бар, әдемі оймен, көркем тілмен өрнектелген
пікірлеріңізді топпен жұмыста постер жасап, ортаға шығуларың қажет. Қорғауда топ шешені пікірлерін постер арқылы білдіреді. Тақырыптың
мазмұнын пікірталас арқылы ашады.
5. Топтас, ойлан, талқыла.
Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, шумақ жазу немесе сурет салу арқылы қорғау
1 - топ Өмірде ешқашан оралмайтын 3 нәрсе.
2 - топ. Өмірде адамды құртатын 3 нәрсе.
Оқушыларға плакат беріледі, сурет салу арқылы ойын жеткізеді.
6. Қорытынды: Әр оқушы "Сырлы сандық" атты сандыққа өз сырларын жазып, аты-жөнін жасырады. ол сырларды ортаға алып ашып айтамыз. Сұрақтар туындаса жауап береміз. Сандық түбінен әр оқушы өз атына сай өмір құндылығына байланысты игі-тілектерді жүрегімен қабылдайды.
Бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдың?
"Сырлы сандық" босап қалмауы үшін, болашақта өмір туралы не білгілерің келеді? Алған әсерің қандай? сұрақтары бойынша таңдаулары бойынша сурет, өлең, мақал, қолтаңба естелікке қалдырады.

Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет!!!