СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

11 сыныпқа арналған тест

Нажмите, чтобы узнать подробности

11 сыныпқа арналған тест

Просмотр содержимого документа
«11 сыныпқа арналған тест»

Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған тақырыптық тест

1-нұсқа


1. Термин сөздердi табыңыздар.

А) сөз, буын
В) пай-пай, қап
С) ұрпақ, мұғалiм
Д) бүгiн, кеше
Е) ғанибет, пәтер

2. Белгілі бір ғылым саласында ғана қолданылатын сөздер – ...
А) диалект сөздер

В) термин сөздер

С) кәсіби сөздер
Д) тарихи сөздер

Е) ғылыми сөздер

3. Қысқарған сөзді табыңыздар.
А) кг, ТМД

В) Қызылорда, Ақтөбе

С) сөйтіп, ештеңе

Д) әркім, әлдекім

Е) өнерпаз, суреткер

4. Газет-журналдар тілі қай стильге жататынын анықтаңыздар.

А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми стиль Д) әдеби стиль Е) ауызекі сөйлеу стилі

5. «Жаңа сөз» деген мағынаны беретін терминді табыңыздар.
А) архаизм

В) историзм

С) идиома

Д) метонимия

Е) неологизм

6. Қысқарған сөздерді табыңыздар. А) тасбақа, өндіріс В) ата-ана, есепші С) ҚР, ТМД, журфак Д) кеше келді, күндіз Е) баспахана, азды-көпті

7. Стилистика қай тілдің сөзі екенін анықтаңыздар.

А) араб В) латын С) орыс Д) грек Е) француз


8. Публицистикалық стильдің жазбаша түрін көрсетіңіздер.
A) Лирика
B) Повесть
C) Пьеса
Д) Мақала
E) Поэма

9. Неологизмді көрсетіңіздер.
А) жалпы
В) жалын
С) ғарышкер
Д) оймақ Е) кебеже

10. Термин сөздерді табыңыздар.
А) жаздыр, келтір, оқыт

В) пай-пай, туу, қап

С) сөз, сөз тіркесі, буын

Д) кеше, бүгін, алда

Е) болашақ, ұрпақ

11. Жаңа сөздер немесе неологизмдердің анықтамасын табыңыздар.

А) тілдегі тұтас сөздердің жиынтығы

В) қолданыстан шығып қалған сөздер

С) белгілі бір кәсіпке байланысты сөздер

Д) тілдегі жаңа ұғымды білдіретін сөздер

Е) ауыспалы мағынаны білдіретін сөздер

12. Ғылым мен техниканың әрбір саласына байланысты қолданылатын арнаулы сөзді табыңыздар.
А) саяхат В) табиғат С) термин Д) сахна Е) диалог

13. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыздар.

A) Аяғымен кезек тебу.
B) Беті ашық шелек.
C) Еламан түршігіп кетті.
Д) Қуаныш ұзағынан болсын.
E) Төргі бөлмеде.

14. Архаизм сөздердің анықтамасын белгілеңіздер.
A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
Д) Басқа тілден енген сөздер.
E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.

15. Бірігу арқылы жасалған зат есімді көрсетіңіздер.

А) белбеу

В) ауыл-аймақ

С) Ертіс өзені

Д) қағаз

Е) ата-ана

16. Интернационалдық терминді табыңыздар.

А) өмір, өзен В) заман, дәуір С) телефон, атом Д) жүрек, тыныс Е) қойылым, роль

17. Қос сөзді көрсетіңіздер.

А) бел буу

B) бейне жазба

С) бәйге ат

Д) бәле құмар

E) бәле жала

18. Қазақ тілінде стильдің қанша түрі бар екенін табыңыздар.

А) 4

В) 5

С) 6 Д) 3 Е) 2

19. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіздер.

А) публицистикалық стиль В) ғылыми стиль С) ресми іс қағаздар стилі Д) көркем әдебиет стилі Е) ауызекі сөйлеу стилі

20. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіздер.

A) дефис арқылы

B) бірге C) бөлек Д) сызықша арқылы

E) үтір арқылы



















Қазақ тілі пәні бойынша 11-сыныпқа арналған тақырыптық тест

2-нұсқа

1.Жазушы еңбегі қандай болатынын белгілеңіз.

А) қиын, жауапты

В) жеңіл, қиын

С) көңілді, жауапсыз

D) ардақты, жеңіл

Е) көңілді, мазасыз

2. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерін анықтаңыз.

А) Т.Бегелдінов

В) Л.Беда

С) Т.Әубәкіров

D) Т.Мұсабаев

Е) И.Панфилов

3. Қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқан жылын белгілеңіз.

А) 1990В) 1992С) 1994D) 1991Е) 1993

4. Мұғалім, дәрігер, экономист-бухгалтер маманы болу үшін қай оқу орынды бітіру керек екенін көрсетіңіз.

А) колледжді

В) университетті

С) гимназияны

D) лицейді

Е) академияны

5. Қазақстанның халық суретшісін табыңыз.

А) Мұзафар Әлімбаев

В) Әбілхан Қастеев

С) Тоқтар Әубәкіров

D) Нұрғиса Тілендиев

Е) Мұхтар Әуезов

6. Тек тілегін, талабын, арманын ғана білдіретін етістіктің түрін анықтаңыз.

А) Ашық рай.

В) Шартты рай.

С) Көсемше.

D) Бұйрық рай.

Е) Қалау рай.

7. Қосарлы айқындауышты табыңыз.

А) Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.

В) Мүмкін, сен ертең келерсің.

С) Шынында, осы мәселе не болды?

D) Әрине, міндетті түрде келемін.

Е) Рас, инженер-техниктің жұмысы ауыр.

8. Ресми іс қағаздары стилі дегенді табыңыз.

А) жеке адамның, ұжымның, фирамның, мекеменің атқаратын қызметіне байланысты пайда болған жазбаша, ауызша қарым-қатынас құралы.

В) көркем шығармада қолданылатын сөздер.

С) жергілікті диалектілер

D) термин сөздер

Е) әдеби сөздер.

9. «Кепілхат, сенімхат» стильдің қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) публицистикалық стиль

В) ғылыми стиль

С) көркем әдебиет стилі

D) ауызекі сөйлеу стилі

Е) ресми іс қағаздар стилі

10. «Келгем, келгім кеп, келгесін» сөздері қай стильде жазылғанын анықтаңыз.

А) әдеби стиль

В) көркем әдебиет стилі

С) ғылыми стиль

D) ауызекі сөйлеу стилі

Е) ресми іс қағаздары стилі

11. Бірге жазылатын сөздерді табыңыз.

А) күні бойы, әдемі қыз, ақ қайың

В) жылы су, жарқын болашақ, ала қайың

С) талды аймақ, сабақ кестесі, үй жиһазы

D) сынып бұрышы, кәсіп орын, қисық таяқ

Е) ақ қайың, ақ сарбас, тоқым қағар

12. Қосарланған сан есімдерді анықтаңыз.

А) Министрлік тапсырмасы бойынша биыл 2 миллиард теңге қаржы игерілді.

B) Ірілі-ұсақты он-он бес тоқты отарда жайылып жүр.

C) Бұл – соңғы бес жылдағы алғашқы тұсаукесер.

D) Жиналған қарбыз әрқайсымызға үш-үштен бөлінді.

E) Мұражайда 150-ден астам экспонат қоры бар.

13. Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) Жып-жылы, әке-шеше.
B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.
C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.
D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.
E) Мәдени-ағарту, ат-мат.

14. Әлі тәуелсіздік алмаған есім сөздерді белгілеңіз.

А) Көмекші есімдер

В) Дара зат есімдер

С) Жалқы есімдер

D) Негізгі зат есімдер

Е) Деректі зат есімдер

15. Тек тілегін, талабын, арманын ғана білдіретін етістіктің түрін анықтаңыз.

А) Ашық рай.

В) Шартты рай.

С) Көсемше.

D) Бұйрық рай.

Е) Қалау рай.

16. Туынды зат есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді.

В) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

С) Татулық – табылмас бақыт.

D) Ынтымақ түбі береке.

E) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.

16. Нақыл сөзді жалғасын анықтаңдар: Ұстаздан ... озар.

А) ана

В) кітап

С) білім

Д) мектеп

Е) шәкірт

17. Туынды зат есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Мен интернетті көп қолдандым.

В) Осы аптада тағы да ақпараттар жинадым.

С) Оқулықсыз келген оқушылар да болды.

D) Құжаттарды дұрыс толтыру керек.

E) Мектепте достарыммен кездестім.

18. . «Біл, өнер, сурет» сөздерімен туынды түбір жасауға болатын жұрнақтарды табыңыз.

А) –ша, -ым, -гіш

В) -ім, -лі, -ші

С) –ып, -іп, -шы

Д) –лы, -лі, -ғыш

Е) -ғыш, -гіш, -ш

19. Қос сөз бола алатын сөздерді табыңыз.

А) ұстаз шәкірт, бала шаға

В) өнер білім, лала гүл

С) ата ана, әке шеше

Д) ата мекен, киіз үй

Е) ойын күлкі, жақсы көңіл

20. Өз білмегеніңді кісіден сұра, ... . Мақалдың жалғасын табыңдар.

А) кісі болмаса сұрама

Б) кісі болмаса, кішіден сұра

В) үлкен болмаса, кішіден сұра

Д) кітаптан оқып ал

Е) кіші болмаса, үлкеннен сұра
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!