СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

І курс, "Емдеу ісі" мамандығының студенттеріне арналған ашық сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.»

Орал «Мақсат» медициналық колледжі



Бекітемін : Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

М. И. Трушкова. «___» «_____» 2018 ж




Ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі



Пәні: Қазақстан тарихы

Тобы: Ф-11

Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»





№1 жалпы білім беру,

жалпы гуманитарлық және Құрастырды: Мустафиева Э.Б.

әлеуметтік-экономикалық пәндер

әдістемелік циклдік комиссия

отырысында қаралған

Хаттама № __ «___» желтоқсан 2018 ж



№1 ӘЦК төрайымы: Мустафиева Э.Б.


Келісілді: Колледж әдіскері Коцелл. С. О.






2018 жыл

Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған

ұлт-азаттық қозғалыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, мақсаты, себептері, сипаты, қозғаушы күштері, феодалдық мемлекетінің ерекшеліктері мен жеңілу себептері, тарихи маңызына терең талдау жасау және Кенесары Қасымұлының мәмілегер-саясатшы, батыр, ұлт-азаттық қозғалысты ұйымдастырушылық тұлғасына баға беру;

Дамытушылық: Өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту, дивергентті ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, зерттеу сабағы.

Сабақтың әдістері: топтық, сұрақ-жауап, тірек-сызба арқылы түсіндіру,

СТО стратегиялары.

Сабақтың материалдық-техникалық

жасақталуы: Тақырыпқа қатысты тарихи тұлғалардың суреттері,

Кенесарының суреті, карта, компьютер, тарихи-әдеби кітаптар,

тірек-сызбалар, фильмнен үзінді көрсету, слайдтар қолдану.

Пәнаралық байланыс: «Қазақ әдебиеті», «География»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. – 3 минут. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. – 10 минут.

  1. Бөкей Ордасы қашан құрылды?

  2. Исатай-Махамбет көтерілісі қашан болды?

  3. Көтерілістің негізгі себептері қандай?

  4. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші кімдер?

  5. Көтерілістің басты мақсаты?

  6. Көтерілісшілер қандай ерлік жасады?

  7. Көтерілістің жеңілу себебі неде?

  8. Көтерілістің тарихи маңызы қандай?

  9. Орал қаласындағы жоғары оқу орындарына Махамбет пен Жәңгір хан есімінің берілуі?

  10. Махамбеттің қандай өлеңдерін білесіңдер?

ІІ. Қызығушылығын ояту. - 5 минут. «Сарыарқа» күйін тыңдау. (карта слайдта)

1. Бұл қай күй?

2. Авторы кім?

3. Осы тыңдаған күй бойынша сізде қандай ой пікір пайда болды?

4. Қазақстан тарихымен байланысын атаңыз.



Сарыарқа











Сарыарқа – қазақтың киелі мекені, Қазақстан тарихымен тығыз байланысты.



ІІІ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық кезеңі «Ой-түрткі салу» сәті. – 7 минут.

  1. «Ұлт-азаттық қозғалыс» ұғымын түсіндіріңдер.

  2. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты қандай?

  3. Қазақтардың Ресей империясының үстемдігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалысының (ХҮІІІ-ХХғ.ғ.) ерекшеліктері неде?

  4. Академик М.Қозыбаев Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстарды қандай кезеңдерге бөледі?

  5. Кенесары Қасымұлы туралы не білесіздер?

Кенесарының ата-тегі.

Шыңғыс хан

Жошы

Әз-Жәнібек

Есім

Абылай

Қасым

Кенесары



ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.-35 минут.

Оқушылар топтарға бөлінеді. Топтарға тапсырмалар беріледі.

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

  1. Ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарттары, мақсаты, себептері, сипаты, қозғаушы күштері.

  2. Кенесары Қасымұлы-саясатшы-мәмілегер, батыр, ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы.

  3. Көтерілістің басталуы және етек алуы. Көтерілістің негізгі оқиғалары. Кенесарының хан сайлануы және мемлекетінің өзіндік ерекшеліктері.

  4. Патша өкіметінің көтерілісті тұншықтыруға жасаған әрекеттері. Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

1837-1847 жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

Алғышарты Мақсаты Себебі Сипаты

1837-1847жж.



Ауқымы Басшылары

Барысы Қозғаушы күштері

Жазалаушы топ

Жеңілу себебі Тарихи маңызы





Ү.Топтарға тапсырмалар беру.- 12 минут

1)Топтастыру.

сұлтан

1802-1847 жж. 1837-1847 жж.

Кенесары Қасымұлы



батыр хан



қолбасшы саясаткер



2)Венн диаграммасы. Көтерілістің айырмашылығы мен ұқсастығын тауып толтыру.

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс













3)Ой-толғаныс. Тарихи сөз тізбек.

З

І

Б

Й

Е

Д

Н

Е

Г

Д

Р

Ү

Ж

П

Ы

Р

Ы

Е

І

Г

Ы

З

Ы

У

А

Д

Ж

Ң

Е

Н

Ы

С

А

А

Л

Қ

Қ

Н

Ы

Ң

А

Л

Ғ

А

Я

А

Д

Ұ

Ш

П

А

Н

Ы

А

З

А

Қ

Б

А

Л

А

С

Т




К

І

М

Н

Е

Н

Бұл тарихи сөз тізбеде Кенесарының «Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы, алдырып жүрген дұшпанға ауызының аласы»-деген өсиет сөзі шығады.

4) Зерттеуші, ғалым, тарихшы Ермұқан Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісін зерттеудегі ерекше еңбегіне тоқталу. (суреті слайдтан көрсетіледі).

ҮІ. Бекіту кезеңі. – 10 минут. Дивергентті тапсырмалар.

  1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің ұлт-азаттық сипатта болғанын немен дәлелдейсіз?

  2. Кенесары ұйымдастырған феодалдық мемлекеттің хандық биліктен ерекшеліктері қандай?

  3. Кенесары Қасымұлы жайында ғалымдар әртүрлі айтып келеді. Біреулері оны ханның тұқымы, өзімшіл, баққұмар десе, екіншілері-мемлекет қайраткері, қолбасшы, дипломат дейді. Сіздің пікіріңіз, өз ойыңызды дәлелдеңіз?

  4. Егер Кенесары жеңілмесе, өлмесе, өз іс-әрекетін қалай жалғастырушы еді?

ҮІІ. Қорытындылау. – 5 минут. Мағжан Жұмабаевтың бір шумақ өлеңін талдау.

Арқада Көкшетауға жер жетпейді

Басқа жер көңіліңді ондай тербетпейді,

Ту тіккен Абылай ата кең даламда,

Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді.

Қорыта айтқанда, жасындай жарқылдап өткен Кене хан бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы жалпыұлттық қарсылық-бүгінгі мемлекеттілік тәуелсіздігіміз бен ұлттық жаңғыруымызға жетер жолдағы ешуақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең. Ал Кене хан әрқашанда Отанға қызмет етудің биік үлгісі болып қала бермек.

ҮІІІ.Бағалау.-2 минут.

ІХ. Үйге тапсырма. -1 минут. 1)Кенесарыға мінездеме жазу. «Кенесары менің идеалым».

2)Мынадай қосымша әдеби, тарихи кітаптарды оқу ұсынылады.

  1. М.Әуезов, «Хан Кене».

  2. Е.Бекмаханов, «ХІХ ғасырдағы 20-40 ж-ғы Қазақстандағы қозғалыстар».

  3. «Хан Кене тәуелсіздік жаршысы» «Қазақ тарихы» журналы.