СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

1986 жылғы оқиғалардың маңызын ашып, оқушыларға жеткізу

Просмотр содержимого документа
«1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы»

Тақырыбы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Мақсаты:1.1986жылғы желтоқсан оқиғасының  тарихи   маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.

 2.Оқушылардың қосымша құжаттарды меңгере отырып, өздігінен

 ізденіп, білімдерін толықтыру.

 3.Жасақшылардан қайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентациялар,рефераттар,саяси карта,  газет-журналдардан мақалалар

Сабақтың түрі: ақпараттық-коммуникативтік сабақ   

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы , қазақ әдебиеті ,география  пәндері

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй жұмысын тексеру

   Жоспары:

А).1986жылғы Желтоқсан оқиғасының әлеуметтік-экономикалық және 

саяси астары.

Ә).Желтоқсан оқиғасының сипаты.

Б).Желтоқсан оқиғасының себептері,тарихи маңызы.

 

Эпиграфы: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті».

 

 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Ү пленумы өтті,ол 18 минутқа созылды. КОКП Орталық Комитетінің Хатшысы Г.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен босатылды.Оның орнына Ресей Федерациясында Ульянов облыстық партия ұйымын басқарған Г.Колбинді сайлады.

Шын мәнінде бұл ешқандай сайлау емес, Қазақстанда орталықтың саясатын жүргізуге тиіс болған номенклатура өкілін пленумға жиналғандарға таныстыру рәсімі ғана еді.

17 желтоқсан күні таңертең Алматының Брежнев атындағы алаңға жастар жинала бастады.Кешке қарай жиналғандардың саны 25-30 мыңға жетті.

1.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды.


Интерактивті тақта арқылы видеоролик көрсетеді

2.Видеороликті қарайды.

Видеороликке қатысты өз ойларын ортаға салады.

3.Топтық жұмыс (Постер қорғау)

І топ “Тарихшылар” Қазақ жастары алаңға не үшін барды?

ІІ топ “Саясаткерлер”Алаңға шыққан жастарға үкіметтің қолданған шаралары.

ІІІ топ “Сарапшылар”1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы.

4. 1 топ. Венн диаграммасы. «1916 жылғы және 1986 жылғы оқиғалар».

2топ. «Алаңға шыққан жастарға қандай қасиеттер тән болды?» сипаттау

3 топ. «Сандар сөйлейді». «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы:нәтижиесі, салдары»

5.Рефлексиялық кезең

Мұғалім сабақты қорытындылайды

1. Бұл оқиға туралы не білесіздер?

2. Себебі неде деп ойлайсыздар?

Әр топтың басшылары өз тобындағы оқушылардың тапсырмаларды қалай орындағаны туралы баяндап, бағаларын айтады.

Кері байланыс-сабақ маған ұнады,тақырыпты меңгердім

-сабақты түсіндім,әлі білгім келетінім бар,қиындықтар болды.

- Сабақ маған түсініксіз болды

Оқушылар бүгінгі сабақ туралы пікірлерін стикерге жазып, смйликтердің тұсына іледі.

Жиынтық бағалау

Үй тапсырмасы

  • 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

  • Желтоқсан құрбандары туралы мәліметтер жинақтау