Жаңа сабақты түсіндіру үшін «Карусель» стратегиясн пайдаланамын. Оқушыларға түстерді таңдау арқылы үш топқа бөлінеді. Топ басшысын сайлайды. Стратегия «Карусель» - (Әр топ столында бір-бірден әр топта әртүрлі бөлінгіштік белгісімен теориялық материал таратылады. Оқушылар барлық белгілерді меңгеруі үшін мұғалімнің белгісі бойынша бір топтан екінші топқа ауысады. Әр топ өзіне берілген теориялық материалды оқып, тапсырманы орындайды. Әрбір топ тек бір бөлінгіштік белгісін меңгереді. Спикерлер–эксперт болады. Мұғалім спикерден топтардың тапсырманы дұрыс орындағанын тексереді, ал спикер бүкіл топты тексереді. Тапсырма: 1.Карточканы мұқият оқып шығу 2. Карточкада берілген бөлінгіштік белгісін меңгеру 3. Тапсырманы орындау Топтарға арналған тапсырма ТОП № 1 2 бөлінгіштік белгісі Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 2-ге бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? 2 бөлінгіштік белгісі: Егер сан 0, 2, 4, 6, 8 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 2-ге бөлінеді. Мысалы: 208 саны 2-ге бөлінеді, себебі 8 цифрымен аяқталған. Тапсырма: мына сандар қатарынан 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазыңыз: 25, 28, 205, 10010, 16, 128, 203, 500, 902, 846. ТОП № 2 5 бөлінгіштік белгісі Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 5-ке бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? 5 бөлінгіштік белгісі: Егер сан 0 және 5 цифрларымен аяқталса, онда ол сан 5-ке бөлінеді. Мысалы:100 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған. 895 саны 5-ке бөлінеді, өйткені 5 цифрымен аяқталған. Тапсырма:мына сандар қатарынан 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазыңыз: 35, 18, 205, 1000, 16, 124, 205, 500, 802, 745. ТОП № 3 10 бөлінгіштік белгісі Қалай ойлайсыздар сандарға қарап оның 10-ға бөлінетінін немесе бөлінбейтіндігін айтуға бола ма? 10 бөлінгіштік белгісі: Егер сан 0 цифрымен аяқталса, онда ол сан 10-ға бөлінеді. Мысалы:100 саны 10-ға бөлінеді, өйткені 0 цифрымен аяқталған. 455 саны 10-ға бөлінбейді, себебі 0 цифрымен аяқталмаған. Тапсырма:мына сандар қатарынан 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазыңыз: 150, 10, 205, 1000, 171, 22010, 164, 2030, 500, 802, 745. Барлық оқушылар өз тобына оралады. Тапсырмаға талдау жасалады. Спикерлер оқушылар жұмысын бағалайды. Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» bilimland.kz сайтынан тақырыпты толықтырамын. Жұптық жұмыс: «Серіктесті оқыту» әдісі арқылы басым бөлігі орындай алатын деңгейдегі жұптық жұмыс беріледі. Оқушылар жұпта төмендегі есептерді шығарады. Одан кейін жауап парақтарын көрші жұппен ауыстырып жауаптарын салыстырады. 1. 5-ке еселі, бірақ 2-ге еселі емес ең үлкен төрт таңбалы санды жазыңыз. 2. 610* санында жұлдызша орнына цифрды қойыңыз а) сан 5-ке бөлініп, бірақ 2-ге бөлінбейтіндей; б) сан 5-ке де, 2-ге де бөлінбейтіндей. Дескриптор: 1 .5-ке бөлінгіштік белгісін біледі. 2. 2-ке бөлінгіштік белгісін біледі. 3. 5– ке бөлінетін 2-ге бөлінбейтін сандарға қорытынды жасайды. 4.5-ке бөлінетін 2-ге бөлінбейтін төрт таңбалы сандардың ішінен ең үлкенін табады. 5. 5–ке де 2-ге бөлінбейтін сандарға қорытынды жасайды. 6.Есептің сұрағы бойынша дұрыс қорытынды жасайды. Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» бағалау Жеке тапсырма: Төмендегі шарт орындалатындай х-тің орнына екі таңбалы натурал санды қойыңыз: a) 222+x қосындысы 2-ке бөлінеді; b) 48−x айырмасы 5-ке бөлінеді. Дескриптор: Білім алушы - 2-ке бөлінгіштік белгілерін қолданады; - 5-ке бөлінгіштік белгілерін қолданады; - айнымалының сәйкес мәнін табады. Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» бағалау Сергіту сәті: Көзге жаттығу жасайды. Саралау тапсырмалары: 1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз: a) 872, 5042, 875, 980, 4301,6200 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз бөлінеді? Дескриптор: - 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады; -5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады; -10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады; -бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды. 2-тапсырма Көбейтінді 2-ке бөлінетіндей бос торкөздерге ең үлкен екі таңбалы санды жазыңыз: **17 Дескриптор: - 2-ге бөлінгіштік белгісін қолданады; - екі таңбалы санды таңдайды Қалыптастырушы бағалау:«Смайлик» әдісі бойынша бағаланады. |