СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

2 кіші топқа арналған жаңа жылдық мерекелік кеші «Жаңа жылдық ертегі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

     (балалар музыка әуенімен кіріп шыршаны айнала тұра қалады))

Жүргізуші:  Келді, міне,

Жаңа Жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.    Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017жылымен құттықтаймыз. Жаңа жыл мейрамын бастаймыз!Балалар сендер неге әдмі болып киініп алғансыңдар

Балалар:Өйткені –Жаңа жыл мерекесіне келдік!

(Балалар мен жүргізуші шыршаны айналып шыршаға шыршаның ойыншықтарына таңдана қарап алады.Сосын орындықтарына отырады.

Просмотр содержимого документа
«2 кіші топқа арналған жаңа жылдық мерекелік кеші «Жаңа жылдық ертегі»»

2 кіші топқа арналған жаңа жылдық мерекелік кеші

«Жаңа жылдық ертегі»

(балалар музыка әуенімен кіріп шыршаны айнала тұра қалады))

Жүргізуші: 
Келді, міне,

Жаңа Жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

Аңсаған арманыңыз орындалып,

Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.
Сәлеметсіздер ме, Құрметті қонақтар, ата-аналар, балалар! Біз сіздерді Жаңа 2017жылымен құттықтаймыз. Жаңа жыл мейрамын бастаймыз!Балалар сендер неге әдмі болып киініп алғансыңдар

Балалар:Өйткені –Жаңа жыл мерекесіне келдік!

(Балалар мен жүргізуші шыршаны айналып шыршаға шыршаның ойыншықтарына таңдана қарап алады.Сосын орындықтарына отырады.



Мадияр: Той мереке салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.



Аида: Жаңа жыл, жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.



Айша Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.



Таир: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа жыр...

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.





Амина: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгінәнсалдым,
Араластымбиге де.



Мансур: Ал сүйіп қарсы алған
Жердің аппақ тұлғасы
Қыстың айы қаңтарда
Басталады жыл басы.





Амир: Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ



Ән: «Жаңа жыл»


Жүргізуші: Ой балалар мен бір дыбыс естіп тұрмын

Бізге біреу келе жатқан сияқты

Бізді тез тауып алу үшін

Қане бәріміз қол соғайық

(Сиқырлы әуен ойнайды залға Ақшақар кіреді)

Ақшақар: 

Ай,қандай көп балалар,

Ұлдар мен қыздар

Ал менде келдім

Сәлеметсіңдер ме балалар

Достар жаңа жыл құтты болсын!

Мен күлегеш –Ақшақармын

Көңілді де

Аяз атадан бұрын келдім

Ай сендердің шыршаларың қандай әдемі

Қаншама ойыншықтар

Қандай әдемі

Бұл шырша сендерге ұнай ма?



(Балалардың жауабы)

Шырша туралы тақпақтар

Аяулым: Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Жаңа жылды көріңдер.



Амирлан: Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса



Нұрислам: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп



Алинур: Жасыл желек жанығып
Асыл моншақ тағылып
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған



Ильяс: Жаңа жылда бастаған
Жаны жайсаң жақсы адам
Аяз ата сізге мен
Айтам әнді жүздеген.



Динмұхамед: Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.



Ақшақар: ой балалар олай атуды білмеймін

Қазір мен шыршаға сыбырлап айтайын

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

Қане бәріміз қол соғайық бір,екі ,үш

Қуант бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!
(залда жарық сөніп тұрады шыршаның шамы жанады)

Жүргізуші: Ой қандай тамаша

Шыршамыз жанды



Жарасхан: Жаңа жылда бастаған
Жаны жайсаң жақсы адам
Аяз ата сізге мен
Айтам әнді жүздеген.



Алина: Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп



Ән «Кішкентай шыршамыз»

Жүргізуші: Қалып едік сағынып, 
Kүтіп алдық жабылып. 
Жолын қойдық жарық қып, 
Шыршаларға шам іліп 

Ақшақар: Ертегі басталды!

Мерекеміз жалғасады

Аққала: (взрослый - из-за ёлки) Мен осы жердемін!

Ақшақар : қайдасын? (шыршаның артына қарай барады)

Аққала: (шыршаның алдында) Мен осы жердемін!тут

Ақшақар: Қай жердесін?

Аққала: (взрослый - из-за ёлки) Мен осы жердемін!

Ақшақар: Қай жердесін? Ой бұл не нәрсе? Бұл қалай болғаны а?

(балалар ертегіден бұнымен кім ойнап тұрғанын біліп қояды)
Ақшақар: Слышишь, как тебя там… мен де осы жердемін «Мен осы жерге аққаланың мұрнына арнап жаңа сәбіз алып келіп едім ,енді оны таба алмай тұрмын,олай сәбізді қоянға беремін.

Аққала : (жүгіріп шығады) Тоқта,Тоқта Ақшақар

Мен осындамын,яғни осы жердемін

Мен аққаламын,аққаламын

Мен ойнағанды жақсы көрем

Би билеп ән салғанды да жақсы көрем

Қане менің достарым шығыңдаршы

Менімен бірге көңіл көтеріңдер



Би «Көңілді аққалалар»


Аққала

Барлық қыс бойы аппақ дала

Мен қыс бойы қардан

Домалақтар жасадым

Аппақ қаршықтар да жасадым

Қане бәрің тұрыңдаршы

Осы қаршықтарды алыңдаршы

Маған қарай атыңдаршы



Ойын

Жүргізуші:Бір,екі,үш,төрт,бес

Ойынымыз аяқталсын тез!

Аққала:ой маған ыстық-ыстық

Менің аяқтарым еріп барады

Маған салқын болу үшін

Балалар қаттырақ үрлеңдерші

(балалар үрлейді)

Жүргізуші: Аққала саған не болды?

Түрің біртүрлі болып тұр?

Сен ауырып қалған жоқсың ба?

Аққала : Ой балалар мен тағыда еріп барамын

Еріп барам еріп барам

Еріп барам еріп барам көмектесіңдерші?

Ал сендер қолдарыңды бұлғаңдар!

Балалар қолдарын бұлғайды

Жүргізуші: Ақшақар су әкелу керек

Аққалаға су беру керек

(ақшақар күрішкеменсу және бірге кәмпит береді)

Аққала: (ішіп алады)   Қандай мөлдір таза су!
Жүргізуші:Сен тағы да бізді қорқыттың!

Аққала: (озорно) Мен сендермен тек қана ойнадым !

Ақшақар: Жарайсың АққалаМолодчина, снеговик!

Көңілімізді көтеріп күлдірдің

Осы үшін саған сәбіз беремін.

(Аққалаға сәбізді береді)

Жүргізуші

Естеймісіңдер біреу жылап келе жатқан сияқты?

(Шыпшаның артынан қоян шығады )балашығады

Ақшақар: Не болды? Саған не болды?

Қоян :Жаңа жыл келе жатыр

Мен Аяз атаға

Сыйлықтар алу үшін бара жатырмын

Мен кішкентай қоянмынғой

Бірақ мен өте қорқақпын

Мен жолда оппа қарға түстім

Қасқыр мен түлкіден де қорқамын

Бәрінен қорқып осы орманға тығылып қалдым

Маған аяз ата қорықпауды сыйласа деймін

Аққала:сен қоян бізден қорықпа

Қорқағым менің сабыр ет

Біз сені ренжітпейміз

Қояндар біздің достарымыз

Тек сен жылама

Бізбен бірге ойна,күл,би биле

Ал аяз ата келіп саған сыйлық алып келеді

Қоян:Мен она ешетенеден де қорықпай сіздермен бірге көңіл көтерейін!

Ақшақар : Аққала сенде сәбіз бар емеспа

Сол сәбізіңмен кішкентай қоянмен де бөліссеңші

Қоян:Қане бөліс бәрімізбен

Ал біз достарымыз бен бірге көңіл көтереміз

Аққала: Уайымдамаңыз

Аяз Ата бізге бөлісуді үйретті

Тек ән айтып Би билесін деді

Ал мына сәбіздерді ала қойыңдар

Ал қояндар

Көңілдеріңді көтеріңдер


Би«Сәбіздер мен қояндар биі»


Аққала: Ой қалай жақсы биледік,ойнадық,ән айттық

Ал жақында жаңа жыл мерекесі,бірақ Аяз ата әлі жоқ

Ақшақар: Ал балалар олай болса аяз Атаны бәріміз бірге шақырайық!

Сиқырлы сөздер айтамыз,ал ата-аналар бізге көмектеседі

Бір дегенде алақандарымызды қатты соғамыз

Екі дегенде аяқтарымызды тарсылдатамыз

Үш дегенде бәріміз бірге Аяз Ата Аяз Ата Аяз Ата деп айқайлаймыз

(Балалар бірге ата анаарды қимылды орындап Аяз атаны шақырады)

Жүргізуші: Ой Аяз атамыз алыста жүріп естімей жатыр ау деймін шамасы,олай болса біздің қыздарымз әдемі билерін билегенше әуенді естіп Аяз Ата да келіп қалар


Би  «Қаршақыздар биі»


Аяз ата

Аяулы ата- аналарға, ардақты ұл - қыздарға 
Бүлдіршін балаларға бip сәлем! 
Қандай жарқын жүздерін, 
Қандай әсем жырларың 
Асаулармен алысқан, 
Асау желмен жарысқан 
Аталарың сендерге 
Шаршап келді алыстан 

Жаң жылдарыңыз құтты болсын!



Аққала: Аяз ата біз сені енді осы шеңберден шығармаймыз.Бізбен бірге ойын ойна


Игра «Қатырамын»


Ақшақар: Ал Аяз ата олай болса көңіліңді көтер ал балалар саған қол соғып қуансын!

Аяз Ата билейді

Жүргізуші: Аяз ата сіз ұзақ жол жүріп шаршадыңыз

Шыршамыздың жанына отырып дем алып алыңыз.Әдемі шыршаның жанында өзіміздің өнерлерімізді көрсетейік.

Балалардың тақпақтары


Жәния: Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.



Алихан: Аққырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.



Томирис: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.



Бекзат: Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп, ойнап бәріміз,

Ән салайық бәріміз



Есет: Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуаныш
Шырқап ән саламыз.



.



Айым: Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша!



Ернұр: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны!



Самида: Аяз Ата келді

Бізге сәлем берді

Қалтасында көп кәмпит

Оны бізге берді



Сымбат: келіңдер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.





Айлана

Аппақ, аппақ қар аппақ,

Аппақ, аппақ дала аппақ.

Қырау, қырау тал аппақ.

Айналаның бәрі аппақ.



Би «Новогодние игрушки» (куклы)


Жүргізуші: аяз Ата бізбен бірге ойнадыма? (балаларИя!)

Ән айттыма? - (балалария!)

Балаларды күлдірді ме? - (балаларИя!)

Ал Аяз ата не ұмытты? – (Балалардың жауабы)

Аяз Ата :

Бәріңді қуантамын достарым

Сыйлықтар туралы мен де ойлап отырмын

Мен орманда қыдырып жүргенде

Сыйлықтарымды жоғалтып алдым

Аяз Ата:
Қоян маған көмектес

Сыйлықтар табылсын тез

Шыршаның жанына табылсын тез

(Қоян секіріп барып шыршаның артынан сыйлыққа толы қап тауып алады)

Аяз Ата:Қояным жарайсың

Сен мықтысың

Сен бізге бүгін көп көмектестің

Көңілді жаңа жылды бірге қарсы аламыз

Қане орындарыңа отырңыдар барлықтарыңа сыйлық берейін.

Кейіпкерлер сыйлықтарды үлестіреді

Аяз ата:Жарайсыңдар , балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. 
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.

Аяз Ата,Ақшақар,Аққала,Қоян барлығы бірге Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! 2017-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

Балалар әуен мен залдан шығып кетеді















































Мадияр

Той мереке салтанат
Думандатты шартарап
Келді міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.



Аида

Жаңа жыл, жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.



Айша

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.



Таир

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа жыр...

Жасыл шырша жанында,





Амина

Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.



Мансур

Ал сүйіп қарсы алған
Жердің аппақ тұлғасы
Қыстың айы қаңтарда
Басталады жыл басы.





Амир

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ

Билеп барлық бала жүр.

Ән: «Жаңа жыл»


Шырша туралы тақпақтар



Нұрислам



Аяулым

Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел балалар келіңдер
Жаңа жылды көріңдер.



Амирлан

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса



Динмұхамед

Қараңдар мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.





Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп



Алинур

Жасыл желек жамылып
Асыл моншақ тағылып
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған



Ильяс-

Әкелсін жыл ырыс құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылмен тамаша.





Жарасхан Алина

Жаңа жылда бастаған
Жаны жайсаң жақсы адам

Аяз ата сізге мен
Айтам әнді жүздеген.



Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп



Ән «Кішкентай шыршамыз»

Балалардың тақпақтары


Жания

Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.



Алихан

Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына



Томирис

Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.



Бекзат

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.







Есет

Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуаныш
Шырқап ән саламыз.



Самида

Аяз Ата келді

Бізге сәлем берді

Қалтасында көп кәмпит

Оны бізге берді



Сымбат

Қайда қызық болса думан, 
Аяз Ата сонда болды. 
Күндіз үйде ойнап бізбен, 
Балалармен бірге болды.

Күліп, ойнап бәріміз,

Ән салайық бәріміз.



Айым

Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша!



Ернұр

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны!



Айлана

Аппақ, аппақ қар аппақ,

Аппақ, аппақ дала аппақ.

Қырау, қырау тал аппақ.

Айналаның бәрі аппақ.

Би «Новогодние игрушки» (куклы)





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!