СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жаңа жылдық бағдарлама - 2018 жыл

Категория: ОРК

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі

Жаңа жылдық бағдарлама-2018 жыл

Мақсаты:  оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жыл мерекесінде бойларындағы өнерлерін ортаға салып, көңілді өткізу өз қолдарынан келетінін түсіндіру.

Мерекелік кеш басталмас бұрын барлық қатысушыларға лоторея билеті таратылады.

Фанфар!!!

Ортаға екі жүргізуші шығады

Барысы:

( Жүргізушілер сахнаға шығады)

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын, ел ағалары мен ұстаздар!

2-жүргізуші: Бармысыздар, ауданымыздың шабытты да озат шәкірттері!

1 – жүргізуші:

Армысыздар, жиналған халқым менің

Жаңғырып көкке өрлесін даңқың сенің

Бүгінгі Жаңа жылда көкке өрлетпек

Өрендер ұлы өнердің алтын кенін

2- жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын

Ай жүзіндей айшықтанып арайың

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген

Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!

Санаулы уақыттан соң сіздермен бірге Жаңа 2018 жылдың табалдырығын аттағалы тұрмыз. Бұл ой елегімен өткенге көз жүгіртіп, алдағы айшықты күндерді арман ететін сәт. Олай болса,  баршаңызды үлкен үміт артқан, асыға, аңсай күткен Жаңа жылдарыңызбен құттықтап, ерекше лебізімен келіп отырған, аудан бойынша мектеп оқушыларының басын қосып, көңілді мерекені ұйымдастыруға тікелей себепші  тұлға        Мұғалжар ауданының әкімі Данагулов Ербол Жеткергенұлын  қошеметпен ортаға шақырамыз.

( Аудан әкімі ортаға бүлдіршіндерді жетектеп шығады.Арнайы дайындалған жерге орналасады. Одан кейін аудан әкімінің  мектеп оқушыларына арналған сыйлықтарын керуенмен кіргізіледі) 

1-жүргізуші:

     Олай болса, және  аудан әкімінің балаларға арнаған сыйлықтар  керуенін қошеметпен ортаға шақырамыз!

( Ортада «Би » күйін «Домбырашылар» орындап тұрады. сыйлықтар тиелген Түйе  керуені  кіреді. )

1-жүргізуші:

Той тойлауда қазағымның халқы шын

Бүгін шаттық ақ кептері қалқысын

Жаңа жылда биіктерден көрініп,

Алармыз біз  алдымен Ел ағаларының  алғысын

( Слайдта облыс әкімі  сөзі)

Жүргізуші: Биылғы жыл тарихи оқиғаларға толы жыл. Биылғы жылда дүйім жұрт көз тіккен Халықаралық ЭСПО-2017 көрмесін абыроймен өткіздік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру » бағдарламасының жарияланған жылы. Алысқа көз тастамай, Мұнарлы Мұғалжардың 20 жылдығы мен сүйікті қаламыз Қадыағаш қаласының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.Еліміздің қарқынды дамуына үлес қосып, Қазақстанды халықаралық аренада биік белестен көрсетіп жүрген Елбасымызға алғыс айтайық!

Рахмет! Рахмет! Рахмет!

1-жүргізуші.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру »атты мақаласында  «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер -  әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт – дәстүріне айрықша іңкәрлікпен ат салысу- шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі »- деген болатын.

 Осы сөздерді  ерекше назарға алып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясыда жан аямай тер төгіп, қаламыздың көркеюі мен гүлденуіне себепші болып отырған Мұғалжар ауданының әкімі Данагулов Ербол Жеткергенұлын мерекелік құтықтау сөз және марапаттау  үшін  ортаға шақырамыз.

Әкімнің сөзі. Марапат

ӘН:  Сайлау Умирхулов    «Жаңа жыл »

Шыршаның жағылуы

( 1 ән айтылып болған соң, шырша жағу рәсімі өткізіледі. Жүргізушілер 1 шумақ өлең жолдарын оқып, ортаға аудан әкімін шақырады. Аудан әкімі Е.Ж.Данагулов шыршаның жанына келеді. Шыршаны жағатын сиқырлы таяқшаны ұстап тұратын қыздан таяқшаны алып, зал 5,4,3,2,1 деп санаған уақытта қолындағы таяқшаны шыршаға жақындатады. Сол кезде шырша жанады.)

Шыршаны Алмас ағай жағады

2-жүргізуші:

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен  жағайық шыршамызды

Ал, канеки  жиналайық , достарым

    Мерекелік шыршамызды жағу үшін ортаға аудан әкімі  Е.Ж.Данагуловты шақырамыз!

1-жүргізуші:

Бәрекелді балалар ! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның құрметіне ән айтылып, шыршаны айналып өтейік!

ӘН: «Жаңа жыл » хормен

( Залда жүрген кейіпкерлер әнге қосылып, залдағы балаларды жетектеп шыршаны айналады.Хоровод )

ІІ бөлім- Қойылым:

      Көңілді әуен ойналып тұрады. Ортаға қолында шанасы бар, қалың киім киіп алған Айым шығады. Далада балалар ойнап жүр. Айналасына тамсана қарап, аққала жасап, қарды домалатып ойнайды.  Оны анасы шақырады

Анасы:- Айым, күн суық үйге кіре ғой, қызым

Қыз:- Қазір, анашым -дейді

Қыз мойнындағы шарфын аққаланың  мойнына орап, қолындағы хатты сүйіп, үйіне кетіп қалады.  Сиқырдың әуені ойналып, Кенеттен аққалаға жан бітіп, қозғалып, жан-жағына қарап  жаттығу жасап жатқанда, қалтасынан хат тауып алады.

Аққала:

  • Ой, мынау не деген хат, қане оқып көрейін...

Хатта : «Құрметті досым, аққала! Менің атым- Айым . Мен  Қандыағаш қаласының тұрғынымын. Біздің қала өте әдемі де көрікті. Оның дәлелі қаламыз жылдан-жылға көркейіп, жаңа ғимараттар мен гүлзарылар, балалар ойнайтын алаңдар салынды. Сонымен қатар, біздің қаламызда көп шыршалар отырғызылды. Біз отбасымызбен қаланың көрікті жерлеріне серуенге шығамыз. Мен өте бақытты баламын. Бірақ та менің балалық арманым- биылғы жаңа жыл мерекесін ерекше өткізіп, ертегі әлеміндегі кейіпкерлерді көргім келеді. Осы арманымды орындасаң....  »

( Хатты оқып жатқанда сайқымазақ қозғалып, шыршаның артында қимылдар жасап тұрады)

Аққала:

-Мен, Айым досымның арманын орындауға тырысайын. Әрқашан менің қалтамда сиқырлы сөздерім бар еді....

     Сол кезде сайқымазақ хатты алып қашып кетеді, аққала хатты бер деп қуа жөнеледі.

Аққала «хатты бер, ол менікі» деп қуады, сайқымазақ көрермендердің арасына тығылып, көңілді қимылдар жасап қашып жүреді.

Аққала:

-Сайқымазақ, бер дедім хатты. Ол менің көңілді Жаңа жыл кешін бастайтын сиқырлы сөзім ғой....

Сонда сайқымазақ көңілді деген сөзге елеңі етіп, тоқтап қалады.

Сайқымазақ сөзі:

- «Көңілді кеш деймісің? Мен көңілді кештерді жақсы көремін. Мен бастайыншы. Балалар, өтінемін.....Егер де мен кешті бастасам, біздерді , сіздерді құттықтау үшін достарымды шақырамын.»

Аққала: Балалар, келісесіздер ме? Құпия сөзді оқытайық па ?

Балалар: ЯЯЯЯЯ

Сайқымазақ хатты ашып сиқырлы сөзді оқиды.

Сиқырлы сөз:  Жылға шашу шашамыз, Тойлап көңіл ашамыз

Сол кезде ортаға  кірпілер келеді.

Сайқымазақ:

Көрдің дер ме достар, мен уәдемде тұрдым. Бізді жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін орман жануарлары кірпілер келіп қалыпты. Сәлеметсің дер достар, қош келдіңіздер, төрлетіңіздер.

БИ: «Ежики»

Би біткен бойда залға мультфильм кейіпкерлері кіріп келеді.

Аққала : - Алақай, алақай, бізге қонақтар келе жатыр.Барлығымыз кошеметпен қонақтарды қарсы алайық!

Кейіпкерлер ( микки маус, ..........................................

Көңілді музыка ойнатылады, бірақ кейіпкерлер көңілсіз келе жатады.

Сайқымазақ:

  • Достар, неге көңілсіз келе жатырсыздар. Бүгін мереке емес пе? Аяз Ата мен Ақшақар қайда?

Тазша бала:

  • Біз Аяз Ата, Ақшақар барлығымыз балаларды құттықтау үшін келе жатқанбыз. Кенеттен алдымыздан  жалмауыз кемпір келіп, Аяз атаны сиқырлап  басқа ертегілер әлеміне енгізіп жіберді.

Аққала :

-  Мен Бізге көмектесетін адамды білетін сияқтымын.

  • Перизатты  шақырады . Аққала Үш рет  Перизат айқайлайды.
  • Перизат! Перизат! Перизат!
  • Ортаға әдемі музыкамен фея келеді.

Фея:

 - Сәлем, достар, мереке құтты болсын!

Аққала :

 - Сәлем Перизат қыз , жаңа жыл мерекесіне келе жатқан Аяз атамыз бен ақшақарды жалмауыз кемпір сиқырлап басқа ертегі әлеміне енгізіп жіберіпті. Сен Аяз атаны құтқара аласың ба?

Фея:

-Менің сиқырлы таяқшам зұлымдықты қаламайтындықтан, мен Аяз атаны құтқара алмаймын. Дегенмен де, ортамызға жалмауыз кемпірді шақыра аламын.

 Сиқырлы таяқшасымен Жалмауыз кемпірді шақырады. Жалмауыз кемпір ортаға келеді. Жалмауызкемпір аң-таң болып, қалай келдім деп айтады.

Жалмауыз:

  • Тоқта, тоқта тоқта деймін саған.......

Фея:

-Жалмауыз кемпір, бүгін мереке. Балалар жыл бойы бұл мерекені асыға күтеді. Ал, сен болсаң, аяз ата мен ақшақарды басқа ертегілер әлеміне жіберіп қойдың, бұл қалай болғаны...

Жалмауыз кемпір:

  • Қалай зұлымдық жасамаймын.Өйткені барлық балалар әдемі, шырша қандай  әдемі. Қандай әсерлі кеш...Ал, мен болсам..... ( жылайды).................

Фея:

  • Қамықпа, біз саған  көмектесеміз. Солай ма, балалар?

Балалар: ЯЯЯЯ

Жалмауыз кемпір: Жоқ. Бірақ та менің бір шартым бар. Мені таңқалдырыңдар.

Аққала:

Олай болса, жалмауыз кемпір болашақта таза, әдемі болу үшін барлығымыз тазалық пен салауатты өмір салтын қалай ұстану керектігін көрсетіп жіберейік. Кеттік достар....

БИ  «Тазалық»

Сайқымазақ:

  • Жалмауыз кемпір, біз сені тазалыққа, әдемілікке, әдептілікке үйреттік қой. Аяз атаны жібересің бе!

Жалмауыз кемпір:

- Жарайды, жіберейін....- деп мысқылдайды.

Сол кезде көңілді әуен ойналып, залға жалған аяз аталар  билеп келеді.Жалмауыз кемпір кекетіп  күліп тұрады.

Фея: Балалар, бұл біздің Аяз ата ма?

Балалар: Жоқ

Екінші аяз ата шығады:

Фея: Бұл біздің аяз ата ма?

Балалар: Жоқ

Фея: Қап, бәлем жалмауыз кемпір, сен жақсылықты білмейді екенсің, ал саған керек болса.........

(Фея сиқырлы таяғымен сермеп жібереді, көңілді әуен ойналады жалмауыз кемпір билей кетеді)

Жалмауыз кемпір:

  • Ойбай, тоқтат, тоқтат..........

Аққала:

-Жалмауыз кемпір, балаларды алдамай Аяз ата мен Ақшақарды жіберіңіз.

Жалмауыз кемпір келісіп, аяз атаны шақырады.

Сайқымазақ:

Ал, енді, балалар, ортаға Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық!

Қоңыраудың даусы, қардың сықырлаған даусы естіліп аяз ата , ақшақар, кішкентай қарша қыздар арбамен кіріп келеді.

Аяз Ата:

Уа, жұртым, жиналған

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяқ Ата, ақшақар

Жетті жолдан қиналған

Ештеңе емес барлығы,

Алдымызда күллі арман

Мықтылығым мәлім ғой

Өтіп кеткен жылдардан

Ақшақар:

Бойынан шалқып тасқан, небір дарын

Бәрің де ұлысың, дара бәрің

Жаңа жыл сіздерге құт әкелсін

Құрметті, балаларым, озаттарым

Аяз ата:

Амансыңдар ма, ұстаздар, балалар мен ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Келер ит жылы табыс, береке, бірлік әкелсін.Тарихы мол жыл болсын. Ал, балалар қалдарың қалай? Мен сіздермен қауышып, сыйлықтар тарату  үшін, дала кезіп, боран мен дүлейлерге қарамай келіп отырмын.

Көңіл –күйлеріңіз қалай, ойын-ойнап, өз өнерлеріңізді көрсетуге дайынсыздар  ма?

Балалар: ЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯ

Олай болса, шаршағанымды басу үшін әсем ән тыңдағым келіп отыр. Араларыңызда өнерлі балалар, жез таңдай әншілер бар ма?

Сайқымазақ: Аяз Ата , бұл балаларымыздың бәрі шетінен өнерлі екен. Барлығы дарынды.. Әсем әндері де дайын. Ендеше, жайғаса беріңіз, балаларымыздың өнерін тамашалап, шарашағаныңызды басыңыз.

ӘН:  «Жаңа жыл»Бөлековаи Жадыра, Султанмурадова Нуршат

Аяз Ата:

-Қызым-ау,  балалардың көңілін көтеру үшін, өзің балаларды билетіп, ойнатсаң қайтеді....

Ақшақар:

-Жарайды, ата. Олай болса, мен өзімнің көмекшілерімді шақырамын.

БИ: «Ақшақар биі»

Жалмауызкемпір:

  • Аяз Ата, сізді сиқырлап басқа ертегі әлеміне жіберген ісіме қатты ұялып тұрмын. Балалар маған сыпайылықтың. Әдеміліктің қандай екенін үйретті.Енді мен балалармен бір ойын ойнасам қайтеді...
  • Сайқымазақ: - Мен де, ойнайыншы...

Аяз Ата: Ал, жарайды...

Сайқымазақ: Мен де ойнайыншы.....

Ойын: Қар лақтыру , топ болып билеу.

Ортаға сайқымазақ пен жалмауыз кемпір шығып, залды 2 топқа бөліп, ойын ойнатады.

Ойын ойналады, Аяз ата ойыншыларға сыйлық береді.

ӘН: Серікбаев Ерасыл «Кел, Жаңа жыл!»

Сағаттың тықылы естіліп, тауықтар кіріп келеді.

Тауық балапандарымен кіріп келіп, көңілді билеп кіреді.

Аяз Ата: Қош келдің ,тауық! Байқаймын уақыт жақындағасын бізбен қоштасуға келдің. Ал, бізге  айтар тілегің бар ма?

Тауық :

 Менің жылым барлықтарымыз үшін өте қолайлы жыл болды деп есептеймін. Уақыттың тығыздығына байланысты нақты тарихқа шолу жасасам. Біздің мұнарлы ауданымыз Мұғалжардың құрылғанына 20 жыл, Сүйікті қаламыз Қандыағаш қаласына 50 жылдық мерей тойы басталды. Мерейтой қарсаңында қаламыз көркейіп, гүлденіп, жаңа ғимараттар мен мәдени орталықтар бой көтеруде. Ақтөбе қаласында өткен «Туған жерім-нұрлы елім» бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданының күндері тойланды.  Алда жоспарланған жұмыстарды  аманаттау үшін ортаға келер жыл итті шақырайық!

Ортаға ит жылы билеп кіреді.

Ит:

Сәлем достар, аяулы ұстаздар!

Аман  - есен сіздердің орталарыңызға қайта келгеніме қуаныштымын.

Жаңа жылда жаңа қадам, жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса, достық бірлік, туыстық.

Құттықтайық жаңа жылды өнермен,

Қуаныштың әр минуты тым ыстық

Тауық досым, байқаймын. Біраз жұмыстар атқарыпсың. Сенің аманаттаған жұмыстарыңды орындауға, менің жылым берекелі болады деп сендіремін.

Тауық:- Ендеше,

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2018 жылы қадам басқан

Гүлденіп, көркейе бер, Қазақстан! –деп қоштасып шығып кетеді.

Аққала: Тауықты көңілді әнмен көңілді шығарып салайық!

ӘН: Хоровод «В лесу родилась елочка»

Тауық қоштасып кетеді. Сағат 11:00 болады. ( сағат даусы естіледі)

Сайқымазақтың сөзі:

  • Сағат 11 болып қалыпты ғой, олай болса, мен балалармен лоторея ойынын ойнап жіберейін.

Сайқымазақ лоторея ойнатады.

«Ең үздік костюм» номинациясы 5 оқушыға беріледі.

ӘН: Саршина Диана «Новый год»

Сағат 12:00 болғанда  сағат даусы естіліп, дабыл соғылады.

Аяз Ата құттықтау сөзі.

  • Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда бақыт, жаңа табыс тілеймін .Аман болайық, айналайындар. Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай.

Аққала ортаға шығып:

-Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Мен ортаға жаңа жыл мерекесінің тағы бір кейіпкерін шақырайыншы.

Аяз ата: Ал, шақыра ғой....

Керемет музыканың дауысымен Айым ортаға шығады.

Аққала шығып, Айымды  ертіп келеді. Зал шапалақтайды, қошемет көрсетеді.

Айым:

  • Саламатсыздар ма, биылғы жыл мен үшін ерекшелігімен басталды. Ең алдымен, балалық арманым орындалып, ертегі кейіпкерлерімен, Аяз ата, ақшақармен жүзбе-жүз кездестім. Барлықтарыңызға рахмет. Сіздердің құрметтеріңізге арнап жаңа жылдық шашуым бар, қабыл алыңыздар!

ӘН: Жалғас Айым «Жаңа жыл »

Аяз Ата: Талабың оң болсын айналайын!

 Өнерлерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын,

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын,

Келер жылы келермін,

Тағы да өнер көрермін,

Сыйлық әкеп сендерге

Көптен – көптен беремін.

Қош сау болыңыздар, балалар!

Ақшақар: Келесі кездескенще, достар, аман – сау болыңыздар!  Көптеген жетістіктерге жетіп, дарынды балалар саны көбейе берсін.

(Аяз Ата мен ақшақар коштасып кетеді. )

Жүргізушілер қоштасады.

1-жүргізуші:

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары

Он екіні күтер , қалмай тағаттары

Ғасырдың он сегізінші жылы келді

Құстай ұшып қырау шалған қанаттары

2-жүргізуші:

Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым

Құтқа орансын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан, таң шапағын

Концерттік номерлер

1 мектеп

2 мектеп

3 мектеп

5 мектеп

1 – жүргізуші:  Достар, осы жыл барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін, еңбектеріңіз жемісті болсын!

2 – жүргізуші: Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тоқшылықта болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1 – жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын,осымен Жаңа жыл мерекесіне арнаған мерекелік бағдарламамыз аяқталды.  Келесі кездескенше сау – саламатта болыңыздар

Просмотр содержимого документа
«Жаңа жылдық бағдарлама - 2018 жыл»