| (Ө) «Өзім жайлы» тақырыбы аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі борларды және т.б. заттарды санатыңыз.  Ұлттық киім киген адамдардың киімдеріндегі заттарды санату. Екі затты көрсету арқылы, 2 саны және цифрымен таныстыру. Бірден кейін тұрамын. Сандар іші тұрағым. Бірді, бірге қосқанда Мен иіліп шығамын. Екі аяқпен жүремін, Екі көзбен көремін. Екі қолым бар менің, Екеу құлақ, білемін. (Ж) Оқушыларға өзі ұнататын түсті заттардың топтамасын табуын сұрау. Оларды санату, оқушылар топқа немесе сыныпқа ұнататын түсі және сол түсті заттың қаншасын анықтағанын айтады. (Ж,Т,Ф) Оқушыларға жұппен немесе кішірек топтарда 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысал келтіру ұсынамын. Мысалы: 1- бөлмедегі мұғалімнің саны болуы мүмкін, 2- оқушының көздері болуы мүмкін және т.с.с. әр санды беттегі қалдырылған орынға сурет арқылы беруге болады немесе оқушылар өз ұсыныстарын айта алады. (Б) Мысал келтіре алмайтын сандарға оқушылардың арасында талқылау пайда болуы мүмкін (осы сандар қайдан пайда болды?). қандай сандарды натурал сандар деп атайтынын түсіндіремін. 0-ден басқа санауда қолдануға болатын заттардың барлығын НАТУРАЛ сандар дейміз. Санау барысында аталатын сандар - натурал сандар деп аталады. (Ж) Жұппен жұмыс Бір –біріне қарай отырып, үстілерінде қандай заттар көріп отыр, олар нешеу екенін анықтайды. Сергіту сәті Сағат болайық. Тик-так, тик- так! Құс болып ұшайық. 1-2-3-4! Балық болып жүзейік. 1-2-3-4! Әтеш болып жүрейік. 1-2-3-4! Доп болып секірейік. 1-2-3-4! Ия, ЖОҚ тапсырмасы |