Сабақ тақырыбы: 2 санын қосу және азайту
Сабақ мақсаты: +2, түріндегі бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу,азайту тәсілімен таныстыру.
Міндеттері: +2 түріндегі бір таңбалы сандарды «онға толтыр және қалған бірліктерді қос» тәсілі негізінде қосу біліктерін қалыптастыру .
Есеп шығару және теңдеуді шеше білу біліктерін бекіту.
Есептеу дағдыларын,логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Таза әдемі жазуға, бір-біріне сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:Оқулық,тірек сызбалар,ондық пенбірлікті бейнелейтін жолақша және дара шаршылар.
Сабақ түрі:Жаңа материалды өту
Сабақ әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,жұппен жұмыс,топтық,жеке.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
«Шатық шеңберіне тұру»
Қуанамын менде
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге-деп жарқын көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
2.Тірек білімдерін актуализациялау
-Ауызша есептеу (10 көлемінде қосу және азайту)
-10 көлеміндегі сандарды салыстыру
-Көркем жазу минуты
-Математикалық диктант
3.Сабақ мақсаттарымен таныстыру
Бүгінгі сабақта біз санға 2-ні қосуды үйренеміз,есептер шығарып,әріптік өрнектерқұрастырып,мәнін тауып үйренеміз.
4.Жаңа тақырыппен жұмыс
(2-ні қосу кестесін құру,ойын түрінде жүргізіледі)
2+2 5+2 7+2
6+2 3+2 4+2
8+2 (9+2)
(Қосындыларлың мәндерін тауып,қосындыларды мәндерінің өсу ретіне қарай орналастыру.Соңғы қосындының мәні табылды ма ,кімде қандай нәтиже шыққанын тексеру,мәнін қалай тапқандарын анықтау)
9+2 және 11-2 теңдігінің мәндерін табуды мұғалім басшылығымен орындау,бұл теңдіктердің өзара байланысты екенін түсіндіру.



9+2=(9+1)+1=10+1=11 11-2=(11-1)-1=10-1=9
1 1 1 1
5.Сергіту сәті
Жел улейді у-у
Құйын келіп билейді зу-зу
Қатты,қатты жел соқтыду-ду
6.Оқулықпен жұмыс
№1Қосындылар мен айырмалардың мәндерін табу.Қосу кестесінен алынған теңдікті табу.
7.Бекіту
Есеп шығару №2 (а)
Есеп шартын оқу
Астында берілген тірек белгілерді пайдаланып белгілі және белгісізді анықтау.
Есеп сұрағын бөлу
Нені табу керек?
Барлығын қалай табамыз?
Бірден барлығын таба аламыз ба?
Неліктен таба алмаймыз?
Есеп шартындағы белгісізді қалай табамыз?
Неше сұрақ болды?
Неше амалмен шығарылады ?
Шығарып жауабын оқу.
Математикалық диктант №5
1 санына 1 және 9 сандарының қосындысын қос
11 және 1 сандарының айырмасынан 9 –ды азайт
2санына 10 және 1 сандарының айырмасын қос
11және 2 сандарының айырмасынан 7-ні азайт
Түзету минөті(Зейін шоғырландыруды және шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту)
Мәне 2-ге тең болатын өрнектерге қол соғу
Өз бетімен жұмыс вариант бойынша
1-вариант 2-вариант 3-вариант
а+2=11 11-а=2 а-2=9
8.Қорытынды
Бүгінгі сабақта кімге қиын болды?
Неліктен?
Қиындықты қалай жеңуге болады?
9.Үй тапсырмасы
50-б №2 (б),51-б №4