Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп:
Тақырып: Адам мінезімен танылады 2-сабақ
Құндылық:Тыныштық
Қасиеттер:әдептілік, ашуланбау, тыныштық сәтінде дұрыс отыру, шыдамдылық, тәртіп
Мұғалім: Бахиева З.Д
Сынып: 5-сынып
Сабақ мақсаты: адам мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері: - жақсы, жаман мінез –құлықты ажырата білуге үйрету;
- оқушылардың бойында жақсы мінез- құлықты дамытуға ықпал ету;
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) үнтаспа,ақ қағаз,қайшы, түрлі –түсті бояу
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
2.Үй тапсырмасын тексеру . 1. «Таным тағлымы» аңыз әңгімесін айту.
-Мәтіндегі екі данышпанның іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір.
-«Алыстан көруге үйренді» дегендіқалай түсінесіңдер?
-Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?
-Қай данышпанның тағылымы табандылыққ, болашақты болжауға үйретеді?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
3.Дәйек сөз.
Қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының « Жақсы мінез- бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөздің мағанасын ашу.
|
|
2.Әңгiмелеу (сұхбат).
-Мінез дегеніміз не?
-Адамның мінезі қандай және қалай танылады?
-Мінез -құлық адамның қарым-қатынасына әсер етеме? Қалайша?
-Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?
3.Балаларға сый
Тренинг: Алақан
Топ мүшелері ақ параққа өздерінің алақандарын салып, есімдерін жазады да, басқаларға береді. Олар сол алақанға сол адамға байланысты өз көзқарасын , мінез ерекшеліктерін жазады. Ең соңында парақтар оқылып, қатысушылар сол адамның атын табу керек.
Ойын: «Қасиеттер жәрмеңкесі»
Оқушылар «Сатамын» және «Сатып аламын» деген жазулары бар қағаздар алады. «Сатамын» деген қағазға жағымсыз қасиеттерін, ал «сатып аламын» қағазына өзіне жетіспейтін жағымды қасиеттерді жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін талдау жасалады.
|
|
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Көңіл күйді білдіретін смайлитр салу. Әр топ өз жұмыстарын айтып, өз көңіл күйлерін айтады.
|
|
6.Топпен ән айту.
«Балалығым –бал дәуренім»
Сөзі:А.Айтбай Әні:Қ.Сақай
1.Жерім бар ертегінің жұмағындай,
Елім бар нұр сәулелі шырағындай.
Сал-сері батырлардың ұрпағымын,
Жайқалған жасыл желек құрағындай.
Қайырмасы:
Бал дәуренім тәтті балдай,
Өмір деген жақсы қандай.
Еркін елім мәпелеген,
Ұлаңымын жазық маңдай.
2.Орындап ата – ата ананың өсиетін,
Баламын жасы үлкенге бас иетін.
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге,
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін.
Қайырмасы:
|
|
7.Үй тапсырмасы. Б.Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқу ұсынылады
8. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген киптограмманы шешу. «Өзін -өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау.
|
|
9.Соңғы тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
Бір, екі, үш көзімізді жұмамыз. Әуен ырғағымен сабақта тыңдалған аңыз-әңгіменің мазмұнын көз алдымызға елестете отырып, бүгінгі сабақ әрқайсымыз үшін дұрыс әрекет жасауға, ақиқатқа көз жеткізе білуге, қиянат жасамай, сүйіспеншілікпен тыныштыққа бөленуге салынған сара жол екенін ұғынайық.
|
|
Просмотр содержимого документа
«2-сынып 2-сабақ Адам мінезімен танылады»