«Қар» өлеңіне байланысты дәптердегі берілген тапсырмаларды орындау.
Тапсырмаларды сабақтың қажетті кезеңдеріне сай таңдап алу.
«Қызық мәлімет» айдарымен: берілген мәліметті магнитофоннан, радиодан, дыбыс ұлғайтқыш құралдардан, т.б. тыңдаса.
Қызық мәлімет.
«Қыстың көркі - қар» демекші, жер-дүниені аппақ мамыққа орап жатқан қардың да өзіндік әсемдіктері бар, өзіне ғана тән ерекшеліктері жетерлік.
Уилсон Бертлей деген ғалым XIX ғасырда 46 жыл бойы «Фотомикрофик» фотоаппараты арқылы қар түйіршіктерін түсіріпті, артынан «Қар түйіршіктері» атты кітабын жазған. Ол өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір- біріне ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін, қардың әр түйіршігі алты бұрышты болып келетінін таңғала айтады. Осы алты бұрышты геометриялы пішінде болуында, сондай – ақ бір-біріне ұқсамауында Ұлы Жаратушымыздың құпиясы, ғибраты жатқан тәрізді. Алты бұрышты болуынан оның ғарыштың шағын пішінін меңзеп тұрғанын түсінуге болады. Мұндай алты бұрыштар тек қарда ғана емес, ара ұяларында да кездеседі. Ал олар қалай пайда болады, бұл – әзірге жұмбағы көп мәселе.
- Ендеше болашақта қар ұлпасын, болмаса араның ұясын зерттеймін десеңдер, бұл әлі ешкімге сырын ашпаған ғылым екен. Ойланыңдар!
- Қыстың суығын қалай сезінесің? Суреттеп жаз.
|