СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

25 мая - Последний звонок в школе областного противотуберкулезного диспансера (на казахском)

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

25 мая - Последний звонок в школе областного противотуберкулезного диспансера (на казахском).

Просмотр содержимого документа
«25 мая - Последний звонок в школе областного противотуберкулезного диспансера (на казахском)»


«Келісемін» «Бекітемін»

Мектеп меңгерушісі: Бас дәрігер м.ғ.к.:

Ж.Ш.Маханова Б.С.Сагимбеков

____________________ _____________________





Бағдарлама:

  1. Ашылу сәті

  2. Әнұран

  3. Ән: «Ұстазым, менің ұстазым»

  4. Монтаж (бастауыш сыныптар)

  5. Би: Қазақша би

  6. Монтаж (бітіруші түлектер)

  7. Ән: «Мектебім»

  8. Вальс (мектеп вальсі)

  9. Ән: «Ұстазым»

  10. Флешмоб

  11. Хор: «Қош бол, мектебім!»





Өтілу күні: _____________

уақыты: __________









«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі қонақтар!
1-жүргізуші:

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
1-жүргізуші:

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

1-жүргізуші: 2017-2018 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.

1-жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонағы Облыстық туберкулезге қарсы диспансер бас дәрігері Сагимбеков Болатхан Салыбековичке алғашқы құттықтау сөзін береміз


2-жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, оқу үздіктері мен белсенді оқушыларды марапттау рәсімін өткізуге сөз кезегін мектеп меңгерушісі Маханова Жанар Шертаевнаға береміз



2-жүргізуші:

Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,

Жандарың жадырасын, жасымасын.

Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,

Қиындық басқа түссе қасымдасың

Ән: «Ұстазым, менің ұстазым»

1-жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау кезегі бастауыш сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Монтаж (бастауыш сыныптар)

2-жүргізуші:

Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші, мектебіміздің биші қыздарының орындауындағы «Қазақ биін» қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

Ұшырса да өмірдің сан түлегін,

Ұстаз-ғалым, толастамас мәңгі сын.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын – деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

Монтаж (бітіруші түлектер)

2-жүргізуші:

Аяулы әнім – мектебім,

Шуағыңда көктедім.

Жүрсемдағы қай жерде

Қиялымнан кетпедің.

Ән: «Мектебім»


1-жүргізуші:

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,

Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.

Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,

Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!

Вальс (мектеп вальсі)


2-жүргізуші:

Ұстаз деген «Ұстаз» болып туғандар,

Ұлылықты ұлықтаған имандар.

Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

Өмірінің әр шақтарын қуғандар


1-жүргізуші:

Арманым болып аңсаған,

Мәңгілік қалдың мекендеп,

Өзіңе арнап ән салам,

Ардақтап сізді өтем деп.

Ән: «Ұстазым»


2-жүргізуші:

Ұрпақсыз мына өмірде кім түледі,

Жақсы ұрпақ –Еліміздің шын тілегі.

Ортаға шығып, қанекей, би билесін,

Әр сыныптың «Мен» деген түлектері

Флешмоб


1-жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.

2-жүргізуші:

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.
/Қоңырау соғылады, дүрс - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/

1-жүргізуші:

Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.









2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні...

Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.


2-жүргізуші:

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған


1-жүргізуші:

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе, жас түлектерімізді жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Алдарыңызда «Қош бол, Мектебім!» әні

2-жүргізуші: Осымен 2017-2018 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!


















Облыстық туберкулезге қарсы диспансер жанындағы орта мектебі
















Орындаған: Айдарханова А.

Райова Э.

Бекмуратова Қ.

Усипбаева А.

Ниятова А.

Салимбаева А.

Досназарова Ш.


Қабылдаған: Маханова Ж.











Шымкент 2018 ж