| (Ө) «Өзім жайлы» тақырыбы аясында: киімдегі түймелерді, үстелдегі қарындаштарды және т.б. заттарды санату.   Өз киімдеріндегі түймелерін, гүлдерін, қалталарын санату. Екі затты көрсету арқылы, 3 саны және цифрымен таныстыру. Бірден кейін тұрамын. Сандар іші тұрағым. Бірді, бірге қосқанда Мен иіліп шығамын. Екі аяқпен жүремін, Екі көзбен көремін. Екі қолым бар менің, Екеу құлақ, білемін. (Ж) Оқушыларға өзі ұнататын заттардың топтамасын санату, оқушылар топқа немесе сыныпқа ұнататын түсі және сол түсті заттың қаншасын анықтағанын айтады. (Ж,Т,Ф) Оқушыларға жұппен немесе кішірек топтарда 1-ден 10-ға дейінгі әр санға мысал келтіру ұсынамын. Мысалы: 1- бөлмедегі мұғалімнің саны болуы мүмкін, 2- оқушының көздері болуы мүмкін және т.с.с. 0-ден басқа санау барысында аталатын сандар - натурал сандар деп аталады. Оқулықпен жұмыс Сан түзуінде 3 санының орнын анықтау. Сурет бойынша түсіп қалған сандарды табу. Сыныптан саны үшеу болатын заттарды табу. Шаңғышыға кедергіден өтуге көмектесу. 3 санының құрамын анықтау. Келесі сан қандай сан? Алдыңғы сан қандай? 1 және 3 сандары арасында қандай сан бар? Сандардың қайсысы үлкен, қайсысы кіші? Сергіту сәті Енді қолымызбен 3 цифрін мүсіндеп көрейік. 2 саны: Бірден кейін тұрамын, Сандар іші тұрағым. Бірге бірді қосқанда, Иіліп мен шығамын. 3 саны: Екіден соң әрқашан, Үш саны болып қаламын. Қос мүйізі майысқан, Ұлттық ою саламын. Балалар, біздің ұлтымыз қай ұлт? (Қазақ). Қазақ халқын бірлікке, татулыққа шақырған қандай билер? Үш бидің суретін көрсету. Үшбұрыштың неше бұрышы бар? Жұмбақ Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та, Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам) Бағдаршамның неше көзі бар? Дәптермен жұмыс. 3 цифрын ауада жазу Түсіп қалған сандарды жаз Үлгі бойынша толықтырып жаз Сан құрамын анықтау Сан түзуінде көрсету + 1 1 2 3 Қалыптастырушы бағалау Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңіз.  Миға шабуыл 1. Дүкеннен Ұланға анасы төртбұрышты 2 доп әкелді. Біреуін досыма бердім. Нешеуі қалды? Төртбұрышты доп болмайды 2. Құстың тұмсығы нешеу? 1 - еу 3. Қоянның неше құлағы бар? 2 - еу Үшбұрыштың неше бұрышы бар? 3 бұрышы бар 5. Дөңгелектің неше бұрышы бар? Бұрышы жоқ Төрт дөңгелек арбада, Төрт аяқ бар малда да... «Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5 деген сандарды тастаймын, «Ал, балалар, қараңдар, сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалуы керек. |