Ойынды жаттығу «Жыпылықтағыш адамдар»
Өткізген:Жакуова Б.Ж.
Өткізу мерзімі:23.02.2018ж.
Мақсаты:Жолда жүру ережелері жайлы балалардың білімдерін кеңейту.
Міндеттері:
БМ:Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
ДМ: Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту
ТМ: Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: бағдаршам,жолақ жол, жер асты өтпе жол бейнеленген суреттер, қатырма қағазадан жасалған қызыл, сары, жасыл түсті дөңгелектер
Сөздік жұмыс: жер асты өтпе жол
Қостілділік компонент: бағдаршам – светофор, жол – дорого.
Сабақтың барысы:
Таңырқат сәті:
Орманнан қоян келеді, ол жүру ережелерін білмейді де, балаларды доп ойнауға жол үстіне шақырады.
Тәрбиеші:Қоян, сен жолдың үстінде ойнауға болмайтынын білмейсің бе?
Қоян: Неге? Бізде, орманда, түгел жерде ойнауға болады.
Тәрбиеші: Ол, орманда, ал мында жол ережесін сақтамаса болмайды. Бұл- көше ғой. Көшеде бәріде бір тәртіпке бағынуы керек. Біз сені жолда жүру ережесімен таныстырайық.
Тәрбиеші: Балалар жолдың үстімен жүруге бола ма?
-Жоқ (балалардың жауаптары)
- Жаяу жүргіншілер қай жермен жүруі керек?
-Жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен(балалардың жауаптары)
Қоян: Сонда мен мына жермен жүруім керек пе? Ал мынау жаққа барғым келеді, сонда мен қалай өтуім керек?
Балалар қоянды жаяу жүргіншілерге арналған жолақшамен, бағдаршаммен таныстырады. Бұл белгілері белгіленген орындардан ғана кесіп өтуге болады.
Тәрбиеші Ә.Табылдиевтың «Бағдаршам» оқып береді.
Бағдаршам
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзім ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба»
Көзін ашып- жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
Қоян: Жол реттеушіні көрсетіп: «Ал анау неге тұр?»- деген сұрақ қояды.
Тәрбиеші: Ол жол реттеуші.Оның қимылдарын біз оқып білуіміз керек.
1.Егер жүргізуші бізге қарап тұрса, немесе теріс қарап тұрса ол бағдаршамның қызыл көзі жанғанмен бірдей. Бізге онда «жүруге болмайды» дегені.
2.Егер қолын жоғары көтерсе ол бағдаршамның сары көзі жаңғандай бірдей. Ол бізге «Дайындал» дегені.
3.Жасыл бізге жанымен қарап тұрса, ол бағдаршамның жасыл көзі жаңғандай бірдей. Ол бізге «Өте беріңдер» дегені.
Ойын: «Бағдаршам»
Тәрбиеші балалады рольдарға бөледі:
4-5бала- жеңіл көлік,1бала- бағдаршам,2-3 бала- автобус көлігі,1бала-
реттеуші,1бала- жедел жәрдем көлігі,4-5 бала -жолаушылар.
Балалар белгіленген орындарға барып тұрады, ойын басталады. Ойынды өз желісімен жинақтап аяқтау.
Рефлексия:
-Балалар, ұйымдастырылған ойын іс – әркетіне өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік,деп,жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін.