| Сабақтыңортасы | 4 саны туралы: Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді. Суреттер бойынша 4 санының құрамы мен қатарын табу. (4 – слайд) 4 санының құрамын есептету. 4 4     2 2 3 1  2. Жұмбақтар: Жан-жаққа кетті зымырап, Мысықтан қорыққан тышқандар. Қорапқа кірді біреуі, Соңынан кетті екеуі. Тығылды сонда нешеуі? (1+2=3) (6 – слайд) Қазда бар екі аяқ, Құста бар екі аяқ. Екеуін қосып санаса, Болады сонда қанша аяқ? (4 аяқ) (7 – слайд) Далада тұр екі ешкі, Қорада тұр екі ешкі. Екі ешкі мен екі ешкі, Болады бәрі неше ешкі? (2 +2 = 4 ешкі) ( 8 –слайд) Екі балапан тұр, Екі балапан отыр. Шатаспай тез ойлансақ, Тура тауып атасақ, Тұрғаны бар, отырған, Барлығы қанша балапан? ( 10 –слайд) «Әдемі жазайық» өлеңін хормен айтқызу 4 цифрын жазғызу. Қолға қалам алайық. Дәптерімізді ашайық. Дәптерімізді ашқан соң, Әдемі етіп жазайық. (11 – слайд) «Суреттер талдауы» | |