Таңғажайып сәт.
Балалар біреу тарсылдататын сияқты кім екен?
-Есік тарсылдатып ,Дымбілмес келеді.
Дымбілмес:Балалар мен Дымбілмеспін. Мен сендер сияқты сандар үйренгім келеді.Маған көмектесесіңдер ме?.
-Балалар көмектесеміз бе?
-Ендеше, Дымбілмес бізбен бірге отыр,сандарды үйрен .
Кәне, балалар мына суретке назар аударайық.
-Себетте не тұр?
Себетте тұрған яғни алма мен саңырауқұлақ.
-Кәне балалар алманы санайық,себетте неше алма екен?
Келесі себетте неше саңырауқұлақ екен?
-Кәне санайық?
-Дұрыс айтасыңдар себетте үш алма ,үш саңырауқұлақ екен.
-Бірінші себеттен бір алма түсіп қалыпты,осы алманы салғанда неше алма болады екен ?
Кәне санайық.
-Екінші себеттен де бір саңырауқұлақ түсіп қалыпты кәне кім салады?
-Енді санай қойшы қанша саңырауқұлақ болды.
-Өте жақсы тамаша
Ендеше кәне бәріміз төрт санына байланысты санамақ айтайықшы.
-Кәне балалар орнымыздан тұрайық.
-Балалар мына жерге караңдаршы не шәшіліп жатқан.
Балалар осы текшелерді мына жатқан жапырақтардың үстеріне қойып шығайық.
-Балалар қандай сан пайда болды.
-Ендеше балалар осы төрт санына біздің топта қандай заттар ұқсайды?-Басқа ешқандай зат ұқсамайды ма?
-Өте жақсы балалар
-Балалар,ендеше шеңберге тұрып ,денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті.
-Балалар менім қолымда тұрған не?
-Балалар неше шар бар қолымда?
-Түстері қандай?
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
-Дұрыс айтасыңдар
-Балалар бұл шарлар жай шарлар емес, сиқырлы шарлар,шарлардың ішінде тапсырмалар бар.Осы тапсырмаларды орындау арқылы біз Дымбілмеске көмектесе аламыз.
-Ендеше бастайық.
-Кәне кім бірінші шарды жарады?
-1 тапсырма: Төрт саны жазылған асықтарды жинау.
-2 тапсырма: Төрт санына тең келетін суреттерді қорша.(игровизор қолдану арқылы )
-3 тапсырма:Бос орынға төртінші затты қой.(интеративті тақтамен жұмыс)
-4 тапсырма:Сандарға байланысты жалаушалар көтеру.
-Балалар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.Сендерге тапсырмалар ұнады ма?
-Ендеше балалар бәріміз шеңберге тұрайық.
|