Г.Т. Орынбаева
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Мәтін
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтін жайлы біліктілікке жаттықтыру.
Жаттығуды орындау барысында оқушының ой -өрісін
дамыту,шығармашылықпен өз бетінше жұмыс істеу.
Оқушыларды еңбекшіл болуға ,байланыстырып
сөйлеуге,сөздік қорын молайтуға жетелеу.
Сабақ түрі: деңгейлеп - саралап оқыту
Сабақтың әдісі: топтық және жеке жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану
Көрнекілігі :қима қағаздар,энциклопедия
Техникалық құрал: интерактивті тақта
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оқу- құралдарындайындатып,сабаққа назарларын аударту
II Ауызша
Интерактивті тақтадан бір оқушыға мәтін оқытамын.
Осы оқыған не ? Оны қалай дәлелдейсіңдер ?
Сөйлем бір-бірімен байланысып тұрады
Тиянақты ойды білдіреді
Екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады
Мәтінге ат қойылады.
Интерактивті тақтадан «Мәтін» деген сөз шығады.
Ендеше ,осы сабақта мәтін жайлы біліктілікке жаттығамыз.Мәтіндерді айырып ат қоямыз.Жаттығулар орындап талдаймыз.
Есімізге түсірейікші мәтіннің қандай түрлерін білеміз ?
(оқушылардың жауабы) Мәтін: әңгімелеу,сипаттау,пайымдау
Әңгімелеу мәтіні бір нәрсе жөнінде хабарлайды,баяндайды.Әңгімелеу мәтінінің кіріспе,негізгі бөлімі,соңы болады.
Сипаттау мәтіні белгілі бір заттың ,құбылыстың белгілерін көрсетеді,қандай екенін сипаттап,суреттейді.
Пайымдау мәтіні бір нәрсе туралы неліктен солай айтылатынын дәлеледейді.
Кез –келген мәтінді жазатын кім? Автор
Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Әріптерді жинақтау арқылы сөйлем құрастыру .ытпакіт тпаыжр. тікап лықаңыш ңысод.
Оқулықпен жұмыс. 119 жаттығу
I т .Мәтінді көшіріп жазады
II т.Мәтінді1,2 бала оқиды,ат қояды
III т. Мәтіннің қай түріне жататынын айтып, дәлелдейді.
IV т. Мәтіннен қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді тауып,тақтаға жазады.Қалған топтың балалары да жазып,отырады.
Лашын жайлы қосымша материал дайындаған оқушылардың жауабын тыңдайық.(энциклопедиямен жұмыс)
Сергіту кезеңі «Жалғасын тап »Мұғалім бастайды,оқушылар жалғастырады.
120 жаттығу Мәтінді әр топтан бірнеше бала оқиды,талдаймыз.
I т . шопан сөзіне дыбыстық талдау жасайды. 1оқушы тақтада өрісте сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
II т.Суық,қарт ,лезде сөздеріне қарсы мағыналы сөздер жазады. (ауызша тексеріледі)
III т. Мәтінге 1 сөйлем қосып толықтыр.Буынға бөліп жаз.1оқушы тақтада орындайды.
IV т. Ердосқа хат жазады. (ауызша тексеріледі)
Шығармашылық диктант
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазу.
Бекіту
1.Жұмбақтың шешуін тауып,мәтіннің қай түріне жататынын айту
Тақтадан көрсетіліп тұрады, оқиды,мәтіннің қай түрі екенін айтады,дәлелдейді. (сипаттау)
2.Интерактивті тақтада көрсетіліп тұрған сурет бойынша әңгіме құрастырады. Мәтіннің қай түрі екенін айтып,дәлелдейді. (әңгімелеу)
3.Интерактивті тақтадан «Қазақстан таулары» деген мәтінді оқиды.Әр топ осы мәтін бойынша сұрақ дайындайды,сұрақтарын ауыстырып,жауап береді.дәлейдейді (пайымдау)
Үйге тапсырма :41бет 121 жаттығу «Еңбекқор құмырсқа»жаттығуды «Еңбек етуді құмырсқаданүйрену керек » деген сөйлемнен бастайсыңдар.
Қорыту .
Тартымды жауабымен,белсенділігіменоқушылар бізді қуантты.
Бағалау .Белсене араласқан оқушыларды бағалау,барлығына рахмет айту
Сабақ аяқталды. Рахмет!