Билет № 1.
1.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
2.Құрмалас сөйлемге мысал келтіріп, сөйлем мүшесіне талда.
3.Бағдарлау дегеніміз не?
4.Жылдамдықты табу үшін не істейміз?
5. 17487/(х+56)=87
Билет № 2.
1.Етістік дегеніміз не?
2. «Оқы» сөзін жікте.
3.Жазық дегеніміз не?
4. «0» туралы білетініңді жаз.
5.(а-86)*204=7548
Билет № 3.
1.Сөйлем мүшелерін ата. Баяндауыш дегеніміз не?
2. Кестені толтыр.
Керекті сөздер: барасың, көреді, ақылды, айттым, оқыдың, көремін, білесіз, күткенсіз, жазамын, үйрендің, кеседі, қағасың, жинайсыз, суарады, тазаладың, жедім, келесіз, оқимын, тұрасыз, жүреді.
3.Үгілу дегеніміз не?
4.Көбейтудің заңдарын ата, формулаларын жаз.
5.а/70-912=304*3
Билет № 4.
1.Мәтін дегеніміз не?
2. Тәуелдік жалғаудың 1 жағында тұрған сөздерді теріп жаз.
Басым, шашың, көзі, құлағым, саусағы, бөлмем, заттары, добым, компьютерің, киімдеріңіз, дәптерім, қаламыңыз, ойыншықтарым, аяғың.
3.Кен дегеніміз не?
4.Ауданды табу үшін не істейміз? Формуласын жаз.
5. Ауылдан екі велосипедші бірдей уақытта қарама-қарсы бағытта жүріп кетті. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 12км/сағ, ал екіншінікі 10 км/сағ. 2 сағаттан соң олардың бір-бірінен арақашықтығы қандай болады?
Билет № 5.
1.Жалаң және жайылма сөйлем дегеніміз не?
2.Жалаң және жайылма сөйлемге мысал келтір.
3. Жер шарында қанша мұхит бар? Оларды атап шық.
4.Периметрді табу үшін не істейміз? Формуласын жаз.
5. Килограммен жаз: 2 ц 50 кг, 1 т, 3ц 2кг
Билет № 6.
1.Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?
2. «Қуыршақ» сөзін септе.
3.Жанғыш пайдалы қазбаларды ата.
4.Шаршы дегеніміз не? Суретін сал.
5.(4118-х)/68=56
Билет № 7.
1.Зат есім дегеніміз не?
2. Жіктік жалғаулы сөздерді бір бағанға, тәуелдік жалғаулы сөздерді бір бағанға бөліп жаз.
Келдім, үйім, бауырың, айттың, бердік, көреміз, біледі, жүзігі, сақинаң, келеді, кітабым,оқулығы, білесің, дәптері, тауым, өзені, жүгірдік, айттың.
3. Жер шарында қанша материк бар? Оларды атап шық.
4.Қосудың заңдарын ата, формуласын жаз.
5.49*х-17301=12050
Билет № 8.
1.Мәтіннің түрлерін ата. Олардың анықтамасын айт.
2. «Жолбарыс» сөзін септе.
3.Минералды сулар дегеніміз не?
4.Азайту амалының компоненттерін ата.
5.а*165613=413*2005
Билет № 9.
1.Етістіктің шақтарын ата. Олардың анықтамасын айт.
2. Сөйлемдерді ретімен өз орындарына қойып жаз.
1.Жаттығу жасадым. 2.Сабақтан соң кітапханаға бардым. 3.Мектепте төрт сабақ болды. 4.Бет-қолымды жудым. 5.Таңертеңгі ас іштім. 6.Мектепке бардым. 7.Төсек жинадым. 8.Таңертең мен ерте тұрдым.
3.Ауа туралы не білесің?
4.Ауданды табу үшін не істейміз? Формуласын жаз.
5.с/210=18741-15986
Билет № 10.
1.Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
2. Реттік сан есімдерді теріп жаз.
Алты, бесінші, он, он бірінші, тоқсан, жиырма үш, қырық екінші, елу бес, алпыс алтыншы, сексен тоғыз, жүз, отыз үшінші, елу жетінші, жетпіс сегіз, жүз төртінші.
3.Метеорология дегеніміз не?
4.Қосу амалының компоненттерін ата.
5.147300/100=х*3
Билет № 11.
1.Сан есім дегеніміз не?
2. Жіктік жалғауларын тауып, белгіле.
Мен оқушы баламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
3.Жұлдыз дегеніміз не?
4. «0» туралы білетініңді жаз.
5. Әлиасқар бір санды 127 - ге бөлді, ал Нұржан 72 - ге бөлді. Нұржанның жауабы 508 шықты, ал Әлиасқардың жауабы қанша?
Билет № 12.
1.Бастауыш дегеніміз не?
2. «Ақын» сөзін септе.
3.Шөл дегеніміз не?
4.Көбейту және бөлу амалдарының компоненттерін ата.
5. Арақашықтығы 81км болатын екі ауылдан, бірдей уақытта бір-біріне қарай 2 көлік шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншінікі 15км/сағ. Қанша сағаттан соң олар кездеседі?
Билет № 13.
1.Жалқы және жалпы есім дегеніміз не?
2. Болымсыз етістік жұрнақтарын дұрыс жалғап, көшіріп жаз.
Бар, ал, отыр, көр, қара, жаз, оқы, іш, айт, сал, тұр, жүр, жат, ойна, күл.
3.Ғарыш дегеніміз не?
4.Периметрді табу үшін не істейміз? Формуласын жаз.
5. 17619 • 5 + 6120 • 3
Билет № 14.
1.Қарсы мәндес сын есім дегеніміз не?
2.Сөйлем мүшесіне талда.
Көк кит – жануарлар әлеміндегі ең ірісі. Оның салмағы жүз алпыс тонна, ұзындығы отыз метр. Бір қызығы, ұсақ шаяндармен қоректенеді. Аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей.
3.Глобус дегеніміз не?
4.Ауданды табу үшін не істейміз? Формуласын жаз.
5. Төртбұрыштың ұзындығы - ? см
Ені – 7 см
Ауданы - 84 см²
Периметр -? см
Билет № 15.
1.Есімдік дегеніміз не? Бірнеше есімдіктерді ата.
2. Мәтіннен болымсыз етістіктерді теріп жаз.
Тыйым сөздер:
Есікті теппе! Жатқан кісінің үстінен аттама! Бос бесікті тербетпе! Жерді таянба! Жақыныңа пышақ сыйлама! Үлкеннің алдын кеспе! Жұма күні кір жума!
3.Экватор дегеніміз не?
4.Радиус дегеніміз не?
5. Жүк машина V - 55км/сағ
Жеңіл машина V - 65км/сағ
S - 89км
t - 3 сағ S -? км
t - 7сағ S -? км
Билет № 16.
1.Сөйлем мүшелерін ата. оларға анықтама бер.
2. Дауысты дыбыстан басталатын сөзді бір бағанға, дауыссыздан басталатын сөзді екінші бағанға теріп жаз.
Табиғат, жапырақ, гүл, орман, ағаш, тал, аң, жануар, бал, тоғай, теңіз, арал, емен, қарағай, өсімдік, тамыр, алма, алхоры.