Қазақ тілі
3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: 1. Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Қатесіз, дұрыс жазуға үйрету.
2. Берілген тапсырманы орындай отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз беттерінше ізденуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, суреттер, магнит тақта, жазба материалдар, сандық, алтын кілт, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: пысықтау
Сабақтың әдіс тәсілі: сұрақ - жауап, көрнекілік, топтастыру, семантикалық карта, жаттығулар, өздік жұмыс, жұппен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысыздар, балалар,
Дайынбыз ба сабаққа?
Шебер, шешен өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмамыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым жеп,
Тығылмаймыз қуысқа.
Ойымызда айтайық,
Білімімізді бастайық
Мына отырған ұстаздар
Қалсын бір сәт марқайып.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Заттарды ата. Ол сөздерді сын есіммен тіркестіріп жазу керек болатын. 2 - 3 оқушыдан сұрау.
2. «Жасырынған қосымшаны тап» ойыны. Қосымша түрін ажырату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ шешу.
Кім? Не? Деген сұрақ қойып,
Сөйлемде ой иесі боламын. Зат есім.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыз «Зат есім» Зат есім туралы алған білімдерін пысықтау.
Жұмбақтың шешуі табылғаннан кейін, сұрақтарға жауап алу.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Зат есімге мысал келтіріңдер.
2. Алтын сандық. Ашылмайды, кілті жоқ екен.
- Кілті қандай деп ойлайсыңдар?
- Ішінде не бар деп ойлайсыңдар?
Ішінде не барын сабақтың соңында бірақ білетін боламыз! Өзімізді жақсы жағымыздан көрсетіп, сабаққа белсене қатысайық.
3. Дәптермен жұмыс. Өздік жұмыс.
Сандық сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
Сандық - 2буын, 6 әріп, 6дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 4 дауыссыз дыбыс
С - дауыссыз, қатаң
А - дауысты, жуан
Н - дауыссыз, үнді
Д - дауысыз, ұяң
Ы - дауысты, жуан
Қ - дауыссыз, қатаң
3. Сөзжұмбақ шешу.
4. Оқулықпен жұмыс
2 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. Мәтінді оқу. Ат қою. Зат есімдерді көшіріп жазу.
5. Мамандық иелеріне қажетті құралдарын табуға көмектесейік.
6. Сергіту сәті.
7. 3 - жаттығу Топтастыру.
Адамдар: нағашы, аға, мұғалім
Құстар: аққу, қарлығаш, қарға т. б.
ІV. Қорытынды. Семантикалық карта. Жұппен жұмыс. Бірін - бірі тексеріп баға қояды.
Біз нені үйрендік?
Зат есім туралы не білеміз?
Зат есімге мысал келтір.
V. Алтын сандық кілті табылды. Ашып қарайық. Хат шықты. Оқу.
Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді.
Адамның досы – кітап, өмір кілті. Міне, сендер білімдеріңнің арқасында алтын сандықты аштыңдар.
Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 5 – жаттығу
Сабақтың тақырыбы: Сын есім. Жаттығу жұмысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сын есімге жаттығулар орындай отырып,
мағынасына қарай топтап жаза білуге баулу. Сөйлем ішінен сын есімді таба білуді үйрету.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру. Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке,ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
1. Заттың сапасын, түрін, түсін анықтау.
2. Сұрақ қоя білуге үйрету.
3. Бір-бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО әдістері
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Күтілетін нәтиже:
1. Сын есімнің сұрақтарын біледі.
2. Заттың түрін, түсін, сапасын аныктайды.
3. Сөйлемнен, мәтіннен сын есімді таба алады.
4. Сөз таптарын қайталайды.
Көренекілігі: түсті дөңгелекше, слайдтар, суреттер, ребустар, сөз жұмбақтар
Ұйымдастыру кезеңі
Псхихологиялық дайындық
Түстер арқылы топ құру. (Сары, қызыл, көк)
Үй тапсырмасын тексеру.
424-жаттығу. «Автор орындығы» әдісі
Берілген сөздерді сын есімнің мағынасына қарай топтастырып, автор орындығында қорғайды.
І.Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл» әдісі
І топ. Сары түстер.
(Берілген тапсырмаларды орындай отырып әр топ өздерінің аттарын қояды.Тапсырма топтағы оқушыларды толық қамтиды.)
1-тапсырма.
Заттың атын білдіретін сөздерді .... дейміз. (зат есім)
2-тапсырма.
(зат есімдерге) ..... кім?, кімдер?, не?, нелер? сұрақтары қойылады.
3-тапсырма
Кісінің аты-жөні, жер-су аттары,жан-жануарларға қойылған атаулар .... деп аталады.(жалқы есім)
4-тапсырма
Кімдер?, нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді .... дейміз. (зат есімнің көпше түрі)
5-тапсырма. Қай сөз табы?
Заттың атын білдіреді кім?, не?,кімдер?, нелер?
Жалқы есім Жекешетүрі
Жалпы есім Көпше түрі
Топқа қандай ат қоямыз? «Зат есім »
ІІ Топ. Қызыл түс
1-тапсырма.
.... білдіретін сөздерді етістік дейміз.
2-тапсырма.
Етістікке .... деген сұрақтар қойылады.
3-тапсырма
Дара етістік .... сөзден тұрады.
4-тапсырма
... етістік екі, үш сөзден тұрады.
5-тапсырма. Қай сөз табы?
Заттың қимылын білдіреді не істеді?, не қылды? қайтті?
Дара Күрделі
Топқа қандай ат қоямыз? «Етістік »
ІІІ Топ. Көк түс1-тапсырма.
.... білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
2-тапсырма.
Сын есімге .... деген сұрақтар қойылады.
3-тапсырма
Берілген сөздерден сын есімді тауып астын сыз.
Қала, жақсы, бес, кіші, ойнады, ащы, секірді, сопақша, орман, жуас.
4-тапсырма. Сипатта. Алма қандай?5-тапсырма. Қай сөз табы?
Заттың сынын білдіреді қандай? қай?
ащы тұщы
үлкен
қызыл домалақ
Топқа қандай ат қоямыз? «Сын есім »
ІІ. Мағынаны тану. 1.Оқулықпен жұмыс. «Ойын» әдісі
«Өз орныңды топ» 429- жаттығу. Тақтамен жұмыс. Берілген сөздерден сөйлем құрап жазу, әр топтан бір-бір оқушы шығып тақтаға жазады.Ішінен сын есімді табады.
1.Көп, Қазақстанда, шұрайлы, жер.
2.Сынып,біздің,кең,және,жарық.
3.Тоғжан, алды, кеудеше, әдемі.
4.Бар, күшігі, қара ала, Шыңғыстың.
2.Көркем етіп жатқа жазу. 430-жаттығу.
Зат есім тобы. Ішінде зат есімі бар жаңылтпаш ойлап жаз.
Етістік тобы. Ішінде етістігі бар жұмбақ ойлап жаз.
Сын есім тобы. Ішінде сын есімі бар мақал ойлап жаз.
ІІІ.Ой толғаныс.1. «Бір айналым сөйлесу» әдісі. Топ аттарын алмастырады.
Терме диктант.
Аңшы, серуендеді, орман, ақылды, сұлу, жеміс, ойнады,секірді, батыр, күлді,жасыл, ауыр.
Зат есім тобы. Берілген сөздердің ішінен зат есімдерді теріп жазу.
Етістік тобы. Берілген сөздердің ішінен етістіктерді теріп жазу.
Сын есім тобы. Берілген сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазу.
2. Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға беріледі.
Сөздер Зат есім Етістік Сын есім
Қызыл
Кітап
Айтты
Сүйкімді
Жапты
Қалың
Қағаз
Орындады
3. «Ассоцациямен» жұмыс. Топ аттары алмастырылады. Бұл әдісте оқушылар ауызша білгендерін ортаға салады.
Зат есім туралы не білеміз?
Сын есім туралы не білеміз?
Етістік туралы не білеміз?
4.Шығармашылық жұмыс. Сөзжұмбақ пен ребус шешу.
Топ аттарын тағы да алмастырылады.
Сын есім тобы. Сөзжұмбақ «Сын есім»
1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрағына жауап беретін сөз таптары.
2. Бас әріппен жазылатын зат есімнің түрі
3. Зат есімнің сұрағы
4. Қосымшаның неше түрі бар?
5. Түбір сөзге ..... жалғанады
6. Келе жатыр, оқып отыр етістіктің қай түріне жатады?
7. Оқушы сөзіне қандай сұрақ қойылады?
Зат есім тобы. Ребусты шеш
1. Етістіктің неше түрі бар?
2. ...тың атын білдіретін сөз
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі
4. Түбір сөзге не жалғанады?
5. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем
6. Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
7. Етістіктің түрі
5.Сабақты қорытындылау. Гүл қандай?
Сын туралы не білдік?
6. Бағалау. Кері байланыс
7. Үйге тапсырма 428,431-жаттығу
Бағалау
Оқушы
ның аты-жөні Өткенді қайта
лау Тақта
мен жұмыс Көркем жазу Терме диктант Семати
калық карта Білгендерін қорыту Шығармашылық жұмыс Қорытынды баға
Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту – өзара кері амалдар
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға қосу мен азайту – өзара кері амалдар бойинша түсінік беру;
2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, тез есептеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
3. Білім алушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, тақырыпқа сай суреттер, ойындар, ноутбук
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Амансың ба алтын күн
Амансың ба кең далам
Амансың ба достарым
Сендерді көрсем қуанамын
Ағылшын тілінде амандасу
Біздің ұранымыз:
Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз,
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
Мұғалім:
Балалар бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан өзгеше болып отыр. Қонақтар келіп отыр. Сол келген қонақтармен бірге мынау буротино бірге келіпті. Бұл буротино бізге билет алып келді. Бұл билетпен біз Астана қаласына барамыз. Ал енді билетті бізге жайғана бере салмайды. Оның бізге бірнеше сұрақтары бар. Сол сұрақтарға жауап берсек біз Астанаға барамыз.
Буротиноның сұрақтары
– Қазір қай мезгіл?
– Күз мезгілінің айларын ата?
– Бір жылда неше мезгіл бар?
– Әр мезгілде неше ай бар?
– Бір аптада неше күн бар?
– Бір жылда неше ай бар?
– Математика сөзі неше әріп, неше буыннан тұрады?
– Екі қандай сан?
– 4 мысықтың неше құлағы бар?
– Ағылшын тілінде 10 ға дейін сана.
Мұғалім:
Жарайсыңдар балалар, сендер буротиноның барлық сұрақтарына жауап бердік. Енді билетті алып поезге отырамыз. (сол кезде есік тоқылдап, бир оқушы кіреді)
Сәлеметсіңдер ме құрметті оқушылар! Мен Астана қаласындағы «Назарбаев» атындағы зияткерлік мектебінің 1-сынып оқушысымын. Бұл мектеп ең үздік, дарынды, талантты оқушылар оқитын мектеп. Мен «Иқан» жалпы орта мектебі ең үздік 100 мектептің қатарына қосылды беп естідім. Сендердің мектептерің аудан бойынша 1 – орынды алды деп естідім. Қане енді мен сендердің білімдеріңді сынап көрейінші.
– ЭКСПО көрмесі қай жылы, қай қалада өтеді? 2017 ж Астана қаласында
– Мектептеріңнен қанша оқушы грантқа түсті? 9 оқушы
– Мектептеріңнен қанша оқушы «Алтын белгі» алды? 2 оқушы
Жарайсыңдар балалар! Сендер де сол аға-әпкелерің сияқты оқыңдар. Қазақстанның келешегі біз жастардың қолында.
Мұғалім:
Ал енді балалар жолға түсейік. Жолда біз әр аялдамада тоқтап, тапсырмаларды орындап өтеміз. Егер тапсырмаларды орындай алмасақ, Астанаға жетпей артқа қайтамыз.
«Түркістан» аялдамасы 1-мысал
Жаңа тақырыпты тақтада түсіндіру
Тиісті санды қой. Теңдікті оқы.
Суреттерге қарап, теңдік құрамыз
2+1=3
1 + = 3
3 – = 2
– 2 = 1
«Шымкент» аялдамасы 2-мысал
Дәптермен жұмыс
Теңдіктер құр. Түсіндір. Жазуды оқы.
+ = – =
«Тараз» аялдамасы 3-мысал
Салыстыр
Суреттер арқылы заттардың санын салыстыру.
3 2 3 1 2 1 0
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық
«Алматы» аялдамасы 4-мысал
Балдырғанға қатесін табуға көмектес.
«Талдықорған» аялдамасы. Жұмбақтар. Қане шешіп көрейік ше.
Тал басында тізіліп,
Он жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның жұлынып
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? ( 4 )
Бір-бірімен жарысқан,
Төрт аю, екі арыстан,
Екі қоян, бір түлкі.
Бәрі нешеу кім білді? ( 9 )
«Қарағанды» аялдамасы. Кел ойнайық!
1. «Үшіншісі артық»
2. «Сатымен жоғарыға дейін көтеріл»
Қорыту:
Соңғы аялдама «Астана» аялдамасы.
Жарайсыңдар балалар, міне біз Астана қаласына да жетіп келдік.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды смайликтермен мадақтау
Сабақты бекіту.
Дүниетану 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Денелер. Заттар. Табиғаттағы құбылыстар
Мақсаты: Табиғи және жасанды денелердің айырмашылығы жайлы түсінік беру. Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыра білуге оқыту.
Күтілетін нәтиже:
1) Тірі және өлі табиғат денелерінің айырмашылығын біледі.
2) Дене мен заттың тәуелділігін анықтайды.
3) Дене, зат және табиғи құбылыстардың өзгеруі кезіндегі өзара байланысты айта алады.
Сабақтың барысы
1. Психологиялық икем..
2. Бақылау күнделігімен жұмыс жасау.
3. Үй тапсырмасын тексеру. Сабақ басталмай тұрып оқушылардың үйде орындаған суреттерін тақтаға іліп қою, қорытындысын шығару.
Әңгімелесу барысында материалды қалай түсінгендігін және күнделікті өмірде оны қалай қолдануға болатындығын анықтау.
4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі.
1) Тірі және өлі табиғаттың бір-бірінен айырмашылығын еске түсіру. Кесте құрастыру. Мұғалім кестені тақтаға, оқушылар дәптерде орындайды.
2) «Миды ойландыру».
Дене неден тұрады?
Бір денені мысалға алып оның құрамын түсіндір?
Табиғатта дене мен заттың қайсысы көп?
5. Жаңа материалмен жұмыс жасау.
Оқулықпен жұмыс жасау.
1) Суреттерге қарап, табиғаттағы тірі және өлі денелерді ажырату.
2) Мәтінді оқу. Мәтінді оқу барысында түсініктермен анықтамаларға тоқталып оқушылардың өз сөздерімен түсіндіруін сұрау. Оқығанды талқылау. Сұрақтар.
1) Дене дегеніміз не?
2) Табиғаттағы дене қандай күйде болады?
3) Табиғи және жасанды денелердің негізгі айырмашылығы. Сызба құрастыру.
4) Қандай қасиетіне қарап заттарды анықтауға болады?
5) Дененің қандай заттардан тұратынын білу қажет пе? Не үшін?
Жұмыс дәптерде орындалады. Дене мен заттың арасалмағы.
Дененің суретін салып оның қандай заттардан тұратындығын жазу.
2 минут уақыт беріліп, кейіннен талқылау.
Сұрақ. Егерде зат қалыпты жағдайын өзгертсе, дене өзгере ме? Мысал келтір.
3) Мәтінді оқу.
«Табиғаттағы құбылыстар» тақырыбын талқылау.
Жұмбақты шешу. Табиғаттың қандай құбылысы туралы айтылған?
6. Ой-қиял. Топпен жұмыс. Тапсырма: жұмбақты шешу, жауабының суретін салу және оның қандай денеге жататынын анықтау.
Келсе де әні құлаққа,
Өзін ешкім көрмейді.
Жұмсақ қопа құраққа,
Тіптен маза бермейді.(Жел)
Ақ сиыр тұрып кетті,
Қара сиыр жатып қалды.(Қыс пен көктемнің ауысуы)
Жұпар иіс еседі,
Жайнап бақта өседі.(Гүл)
Бес балада бір бешпет,
Бір киініп, бір шешпек.(Қолғап)
Әр уақытта өзен үсті тұрағы,
Арғы бетке алып өтіп тұрады.(Көпір)
Орғыған қорқақ, көзі қыли еді
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.(Қоян)
Жұмысқа 3-4минут уақыт беріледі. Таныстыру үшін жұмбақты барлық оқушыларға арнап оқып, жауабын табуын сұрайды. Жауабы табылғаннан кейін көрсетіп оның қандай денеге жататынын айтады.
7. Үйге тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Сарамандық жұмысты орындау.
Сабақтың тақырыбы: «Алтын балта» 3 - сынып
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылар ертегіні түсініп оқиды, мазмұнын ашады,
Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілі дамиды,
Тәрбиелік: оқушылар өз Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиеленеді, бойларына адамгершілік қасиеттерді сіңіреді;
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ;
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, концептуалды кесте
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту;
- Балалар, мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар, болжап көрейік?
Суреттерге қарап, 1 - 2 сөйлем құрастырайық.
/Орманшы отын жарды. Оның балтасының басы ұшып, суға түсіп кетті.
Диірменші балта берді. Алтын балтадан ақшалар түсіп жатыр. /
Сонымен, балалар сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Алтын балта” 2. Мағынаны ашу;
2. 1. мәтінді оқу, талдау
- Балалар мәтін кейіпкерлерін атаңдаршы. Мәтінді қаншалықты түсінгендерімізді байқау үшін, мына кестені толтырайық,
1. Балтаның иесі кім?
2. Балта кімнің қолына түседі?
3. Судан балтаны алуға көмектескен кім?
4. диірменші қандай балталарды ұсынады?
5. Кедей қандай балтаны алады?
6. Бай қандай балтаны алады?
7. Диірменші кедейге қандай балта сыйлайды?
8. Диірменші байға қандай балтаны сыйға ұсынады?
9. Балалар, қалай ойлайсыңдар, диірменші неге олай жасады?
10. Олай болса ертегі бізді қандай адам болуға шақырады?
Ертегі кейіпкерлері
Балтаның иесі
Балта кімнің қолына тиеді?
Балтаны алуға көмектескен кім?
Балта
Сыйға тартқан
Неге?
Ал -тын Кү - міс Қа - ра Ал - тын Қара Ақкө - ңіл Дүниеқо - ңыз
Кедей
Диірмен шал
Бай
2. 2. Мәтінді балаларға оқыту
- ертегіден жасыл түспен ерекшеленген тұсты теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт
- қара түспен ерекшеленген сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт.
- Балалар, осы ертегіден көңілімізге не түйдік?
2. 3. Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.
- Балалар, осы ертегіден көңілімізге не түйдік?
2. 3. Балалар, қолдарыңыздағы дөңгелектеріңізді алып, мәтіндегі кейіпкерлердің бейнесін салыңдар. Күннің сәулелеріне кейіпкеріңіздің мінез - құлқын жазыңдар, Не себептен солай жасағандарыңызды түсіндіріңдер.
- Балалар, қай кейіпкерге ұқсағыңыз келеді?
- Балалар, мінезі жайдары, ақ жарқын адамды да күнге балайды, қалай ойлайсыңдар, не себептен?
Дұрыс айтасыңдар, ондай адам күн сияқты айналасына жылу таратады, кез-келген жағдайда көмекке келеді.
Ой - толғаныс
5 жолды өлең
Күн
шуақты, жылы
нұрландырады, қыздырады
Күн күркіресе, көк дүркірер.
Планета.
Бағалау
Үй тапсырмасы: ертегіні мазмұндау