Қыркүйектің үші
Сынып жұмысы
« Тіл-қатынас құралы »
Сабақтың
тақырыбы:
Көне түркі жазбалары
және қазақ жазуы
Бөлім:
Оқу
мақсаты:
5. Т/А 1. Тірек сөздер мен
ұсынылған иллюстралар арқылы
тақырыпты болжау
Бағалау критерийлері:
Тақырыпты болжай алады;
Тақырыпқа байланысты сөздердің мағынасын ажыратады
Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!
1-тапсырма .
Мәтінмен жұмыс . Мәтіннен маңызды ақпараттарды жазу
2-тапсырма. Топтық жұмыс
Топтар өзара бағалайды:
1. Топтың жұмысында не ұнады?
2. Нені әлі жетілдіру керек?
Парталас көршіңе 1 пікір таңда:
- Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын.
- Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің.
Рефлексия.
1. Менің жұмысымның жетістігі
2. Менің жұмысымдағы кедергі
3. Мен неліктен кедергіге тап болдым?
4. Мен ........... білім алдым.
Үйге тапсырма : 5-беттегі ережені оқу
Рефлексия.
«ПОПС формуласы» арқылы
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
Рефлексия.
«Аяқталмаған сөйлемдер»
1. Бүгін мен…….. білдім
2. …..қызықты болды, ….қиын болды.
3. .............. екенін түсіндім.
4. Мен ........... Білім алдым.
5. ............ Мені таң қалдырды.
«Бес саусақ» әдісі
Бас бармақ - Неден қиналдым?
Балаң үйрек -Кімге көмектестім, ой бөлістім?
Ортан терек – Көңіл-күйім
Шылдыр шүмек – Қандай жетістікке қол жеткіздім?
Кішкене бөбек- не үйрендім?
Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы :
· Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді ( қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті ).
· Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
· Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
1. «Табыс сатысы».
Іс-әрекет кезеңдерін бөлуге және тақтада жазуға болады. Сабақ соңында оқушыларға табысқа апаратын баспалдақ түрінде әрбір кезеңде өз жұмысын бағалауын ұсыну.
Бұл оп-оңай ғой!
Мен оны істеймін!
Мен оны істей аламын!
Мен тырысып көремін...
Мен оны қалай істей аламын?
Мен оны істегім келеді!
Мен оны істей алмаймын (істеу білмеймін, қолымнан келмейді)
Мен оны істемеймін.
2. «Рефлексиялық нысана» техникасы
Тақтаға нысананың суреті салынады, ол екі секторға бөлінеді. Сектордың әрқайсысына параметрлер-қалыптасқан әрекеттің рефлексия мәселелері жазылады. Мысалы, мазмұнын бағалау, сабақты өткізу нысандары мен әдістерін бағалау, педагогтің қызметін бағалау, өз әрекетін бағалау. Қатысушы нәтижені бағалауға сәйкес секторларға белгі қояды: нысана орталығына жақын болса, баға ондыққа жақын, нысана шеттерінде баға нөлге тең. Кейін оған қысқаша талдау жүргізеді.
Белсенді қатысты
Қызықты болды
Түсінікті болды
Жаңаны білдім
3. «Аралдар» әдісі
Үлкен қағаз парағына эмоциялық «аралдардың» бейнесі бар карта салынады: Қуаныш а., Мұң а., Түсінбестік а., Үрей а., Күту а., Сергектік а., Шабыттану а., Сүйсіну а., Ляззат а., Бермуд үшбұрышы және т.б.
Аралдар картасы тақтаға (қабырғаға) ілінеді және оқушылар картаға шығып, картаның тиісті ауданына сабақтан кейін немесе күннің соңында және апта соңында ішкі, эмоциялық-сезімдік жай-күйін көрсететін өз қайығын маркермен (фломастермен) салады немесе бекітеді.
Мұң а-лы
Бермуд
үшбұрышы
Шабыттану а-лы
Сергектік а-лы
Сүйсіну а-лы
Қуаныш а-лы
Үрей а-лы
Күту а-лы
Белгісіздік а-лы
Түсінбестік а-лы
Ләззат а-лы
Клименко Л.В. №10 топ тренер Нурпеисова А.Т.
4. «Шынығу» әдісі
Белгілі қозғалыстарды орындау арқылы рефлексиялық баға беруді ұсынамыз. Келесі қозғалыстар ұсынылуы мүмкін:
- Жүресінен отыру – өте төмен баға, келеңсіз көзқарас;
- Аяғын тізесіне біршама бүгіп отыру, - жоғары емес баға, немқұрайлы көзқарас;
- Әдеттегі тұрған бағыты, жым болып тұру – қанағаттанарлық баға, қалыпты көзқарас;
- Қолын шынтағымен көтеру – жақсы баға, оң көзқарас;
- Қолын жоғары көтеріп, алақанын соғып, аяқтың ұшымен тұру – өте жоғары баға, масаттанған көзқарас.
5. «Қосу-алу-қызықты» әдісі
Осы жаттығуды уақыттың болуына байланысты ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындау үшін үш бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады. «Қ» бағанына – «қосу» - сабақта ұнағанның барлығы жазылады, жағымды эмоция тудырған немесе оқушының пікірі бойынша оған қандай да бір мақсатқа жету үшін пайдалы болған ақпарат және жұмыс нысандары. «А» бағанына – «алу» – сабақта ұнамағанның барлығы, жалықтырғыш көрінген, жақтырмаған, түсініксіз болған немесе оқушының пікірі бойынша оған қажетсіз, пайдасыз болып көрінген ақпарат жазылады. «Қыз» бағанына – «қызықты» – оқушылар сабақта солар туралы білген барлық қызықты фактілерді, осы проблема бойынша тағы нені білгісі келетінін, мұғалімге қоятын сұрақтарын жазады.
Қосу
Алу
Қызықты
6. «Сауалнама» әдісі
Мектеп оқушыларына шағын сауалнама ұсынылады, оны сабақтың қандай элементтеріне ерекше назар аударылуына байланысты өзгертуге, толықтыруға болады. Білім алушылардан өз жауабын дәлелдеуді сұрауға болады.
1. Сабақта мен … жұмыс істедім
2. Мен сабақта өз жұмысыма…
Белсенді/енжар
Ризамын/риза емеспін
3. Сабақ маған …көрінді
4. Сабақта мен…
Қысқа/ұзын болып
Шаршамадым/шаршадым
5. Менің көңіл-күйім…
6. Сабақ материалы маған…
Жақсы болды/нашарлады
Түсінікті/түсініксіз
Пайдалы/пайдасыз
Қызықты/зеріктіретін
7. Үй тапсырмасы маған … көрінеді
Жеңіл/қиын
Қызықты/қызықсыз
7. Көп нұсқалы жауап талап ететін сұрақтар:
- Неліктен қиын болды?
- Сабақта не аштыңыз, білдіңіз?
- Сабақтан сіздің күткеніңіз расталды ма?
- Сіз бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
- Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етті?
8. «Алғыс білдіремін» әдісі
Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға ынтымақтастық үшін рахмет айтқысы келетін балалардың бірін таңдауды және осы ынтымақтастық нақты неден байқалғанын түсіндіруді сұрайды. Таңдалатындар санынан мұғалімді алып тастау керек. Педагогтің алғыс айту сөзі соңғы болады. Бұл ретте ол қошеметтің ең төмен мөлшері тиген оқушыларды таңдап, оқиғаның осы қатысушысына да ризашылық сөздерін табуға тырысады.
9. «Өзін-өзі бағалау парағы»
Жаңа нәрсе білдім
Ләззат алдым
Я
Ештеңе түсінбедім
Жаңа нәрсе білдім
Таң қалдым
Ренжідім
10. Өзін-өзі бақылау парағы
Бүкіл сабақ бойы жүргізіледі.
Оқушының тегі, аты_____________________________
Тапсырма түрі
Белгі
11. «Борт журналы»
Түйінді сөздер, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер және ой-тұжырымдар, сұрақтар арқылы ақпаратты тіркеу нысаны. Оқушылар толтыратын, мұғалім құрастыратын «борт журналының» бөліктеріне мысал: тақырыптың түйінді ұғымдары, оқушы анықтауы тиіс байланыстар, маңызды сұрақтар.
12. «Күнделіктер»
Күнделіктің сан алуан түрлері : кәдімгі, күнделік – көркемөнер альбом, екі бөлікті күнделік (бір бағанда – қадағалайтын фактілер, пікірлер дәйексөз, екіншісінде – түсіндірмелер) және басқасы. Эссе мен «борт журналына» қарағанда, күнделік ұзақ уақыт аралығында жүргізіледі және оқушыға тікелей үдерісті қадағалай отыра, сондай-ақ уақытта өз әрекеттерін салыстыра отыра, анағұрлым терең рефлексия жасауға мүмкіндік береді (кейінге қалдырылған» рефлексия).
13. «Үш М және Ә»
Оқушыларға сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады.
14. "Ал ең соңында айтарым"
Оқушыларға жүйелі үш сұраққа жауап беру ұсынылады:
- Үміттеріңіз қаншалықты расталды және ол үшін кімге алғыс білдіресіз (мұғалімді қоспағанда)?
- Не расталмады және неліктен?
- Менің және біздің келешегіміз?
15. «Бағалау парағы
Рефлексия»
Мен ойлаған нәрсені орындадым ба? _____________________________________
Мен жобаның басты нәтижесі ретінде жазғанды істеу қолымнан келді ме?__________
Барлығы мен ойластырғандай болды ма?__________________________
Не жақсы орындалды?_________________________________________________
Не жаман орындалды?_________________________________________________
Нені орындау жеңіл болды, ал не кенеттен қиынға соқты?____________
Кім маған жоба үшін РАХМЕТ айтар еді?_________________________
Ересектерден өз жұмысымды бағалауын сұраймын:
Анам не деді:____________________
Мұғалім не деді:_______________________________
Жобаны достар қалай бағалады:______________________________
Мен олармен неден келісемін, неден келіспеймін ?_________________________
17. «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»
Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.
Ереже шығанағы
Білім теңізі
18. «Чемодан, еттартқыш, себет»
- - Кейін керек болуы мүмкін
- Ақпаратты өңдеймін
- Барлығын лақтырамын
19. «Көңіл-күй таразысы»
Сол жақта суретте - бұлыңғыр күн, бұлт, жаңбыр.
Оң жақта күннің көзі, бұлтсыз аспан. Көңіл-күйдің «күнді» немесе «жауынды» болуына байланысты, таразы аяқтары күннің соңында солға немесе оңға ауытқиды. Бұл ретте, төменде, олар соған дейін ауытқыған секторда маятник, саны мен себебі белгіленеді.
20. « SMS»
Оқушыларға қағаз ұялы телефондарға
сабақтың қалай өткендігі туралы, ол қалай
жемісті жұмыс істегені туралы бір-біріне
қысқа хабарлама (SMS) жазу ұсынылады