Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетініңтехнологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Математика
Тақырыбы: 5 саны
Мақсаты: Балаларға 5 саны мен цифрын таныстыру.5 санының пайда болуы, оның құрамын,есеп құрастыруды үйрету.Балалардың ойын,қабілетін дамыту.
Құрал –жабдықтар: Оқулық, суреттер, дидак.материалдар, 5 саны т.б.
Іс – әрекет
кезеңі
|
Тәрбиешінің іс - әрекеті
|
Баланың іс- әрекеті
|
Мотивациалы ынталандыру кезеңі
|
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздерме! –деп
Сәлемдесіп аламыз.
|
Балалар бір – біріне жылы жүздерімен сәлемдеседі.
|
Ұйымдастырушылық ізденуші
|
Сабақ ‘’Орманда’’ тақырыбындағы әнгімемен басталады.
Оқулықпен жұмыс.
5 санының пайда болуы ,5 –тің алдындағы сан түлкі мен тиіннің әрекеті бойынша анықталады.Жаңғақтар мен саңырауқұлақтарарқылы 5 санының құрамын біліп,бос орындарға балалар тиісті сандарды қояды. Таяқшалар арқылы әр түрлі пішіндер құрастырылады.
Дәптермен жұмыс.
5 санының құрамын ажырату
Тура,кері санау
5 цифрын жазу, есептер құрастыру
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусак.
Алақанымызды қосайық,
Шапалақтап алайық.
|
Балалар суреттерге қарап сұрақтарға толық жауап беріп,сабаққа белсенді қатысуда.
Балалар бос орындарга тиісті сандарды қояды.
Хормен айтып, кимыл – қозғалыспен орындалады.
|
Рефлекциялы түзету кезеңі
|
Ойындар: «Орнын тап», «Кім жылдам» деген ойындар ұсынылады.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
|
Балалар ойындардарга белсене қатысады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:Балалар, бұл сабақтаоқулық дәптерді пайдаланып,берілген суреттерге әңгіме,ертегі,есептер құрастырып 5 санын бекітеміз.
Болу керек: Балалардың сөздік қоры, сабаққа деген қызығушылығы мол болуы керек.
Істей білу керек: Дәптермен жұмыс кезынде 5 санын түзу жаза білу керек.
Просмотр содержимого документа
«5 саны және цифры»