Сыныбы: 5
Тақырыбы: «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді Сабақтыңмақсаты: Біліміділік:«Ақынқонақтар» шығармасынталдайотырып, шығарма
кейіпкерлерінің ішкі сарайын, сезім сырларын ұға отырып,
кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту, есте
сақтау, танымдық дағдысын қалыптастыру, ой
белсенділігін арттыру, шығармашылыққа баулу. Тәрбиелік:Ұлы адамдардың еңбек жолын құрметтеп үлгі алуға, елінің
саналы азаматы болуға, шәкірттерді рухани құндылықтар
арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі:Құрылымдық талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік
жұмыс, проблемалық сұрақтар қою. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, халықтық педагогика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: • Оқушылармен амандасу • Оқушыларды түгендеу • Сабаққа қажетті құралдарды тексеру • Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау: 1.Молықбай күйшінің күй тартуын әсерлі суреттейтін жерін баянда 2 . Ботасынан айырылған Бозінгеннің халін суреттейтін шумақтарды
тауып оқы. 4. “Бозінген” күйінің тарихына ұқсас аңыз білесіңдер ме?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің сөзі: Тарих қана, халық қана туатын
Алыптардың арқа тұтпас кім атын?
Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа
Керек болды Абай сынды ұлы ақын!
Айдың орнын баса алады күн ғана,
Таудың орнын баса алады шың ғана,
Ұлы ақынды тану үшін қазаққа
Керек болды Мұхтар сынды бір дана! Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. «Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай». Абай Құнанбаев та, Мұхтар Әуезов те - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне, Абайдай ұлы бабамыздың барлық ғұмыры арқылы халқымыздың биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің «Абай жолы» романын оқыған адам тебіренбей қоймайды. Кіріспе: «Ортадағы қаламсап»
І топ ІІ топ
Абай туралы мен не білемін? Мұхтар туралы мен не білемін?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ақын қонақтар» әңгімесі, әңгіменің құрылымын талдау. (Күнін, тақырыбын дәптерге жазғызу) (Абай туралы видео көрсету)
Сөздікпен жұмыс: 1. Тәуір болу - жазылабастау 2. Елдіңшабысы – ел ішіндегі дау-дамай, қақтығыс 3. Қажымай – шаршамай 4. Қошалу - келісу 5. Қанбазардай - өтекөпадамдар 6. Термелеу – белгілібірмақамғаалыпорындау 7. Ұғымтал – түсінікті 8. Сүленауқас – созылмалыдерт, ауру 9. Құлан таза болыпарылу - толықжазылу 10. Ырымбайлау – құрмет көрсету 11. Жетеккеалу – жылқылардыжетектеп кету 12. Дән риза – қатты разы болу X. Әдеби - теориялық ұғым: Көркем әдебиеттеадамның сырт бітімін, кескін - кейпін, жүріс - тұрысынсуреттеуді портрет дейді.
ІVӘңгіменің қысқаша сюжетімен таныстыру Ал, балалар, кез - келген шығарманың оқиғасы қалай болса солай берілмейді, ол белгілі бір тәртіппен өрістеп отырады, оқиғаның болған жері, орны, мезгілі көрсетіледі, ондағы адамдардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы, іс - әрекеті, сөйлеген сөзі, күйінуі, сүйінуі, еске түсіруі болады, оқиғаның неден басталғаны, қалай өрбігені, аяқталған соң немен тынғаны да айтылады. Ал, жазушы осы бөлшектерді келістіріп құрастырады. Оны шығарманың құрылымы немесе композиция дейміз. V. Оқушыларды бағалау:
VІ. Үйге тапсырма: «Ақын қонақтар» әңгімесіне сценарий жазу. «Абайдың балалық шағы» портретін салу.