СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 21.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сынып тәрбие жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып жетекшісіне арналған тәрбие жоспары

Просмотр содержимого документа
«5 сынып тәрбие жоспары»



«БЕКІТЕМІН»

Мектеп директоры:

Сманов Е.К.______________________

Мектеп директорының тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары:

Мамаш Ж.Ә._______________________





«Сарыкөл ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Ө.Сұлтанғазин атындағы орта мектебі» ММ

5 сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысының жылдық жоспары




Сынып жетекшісі: Махамбетова Дария Ауесханқызы








2020-2021 оқу жылы


Мектеп оқушыларымен жүргізілетін тәрбие жұмысының жылдық жоспарын әзірлеу үшін негізге алынуы тиіс құжаттар:

-

«Бала құқықтарытуралы» БҰҰ конвенциясы;

-

Қазақстан Республикасының Конституциясы;

-

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР-ның 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014.17.11.берілген өзгертулер мен толықтыруларымен);

-

Қазақстан Республикасының «Бала құқығы туралы» Заңы;

-

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы;

-

«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI Заңы;

-

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»;

-

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;

-

ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы.Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген;

-

Қазақстан Республикасында СПИД-тің алдын алу және және онымен күрес жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 13 ақпан №1993;

-

2020-2021 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат;

-

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңы ;

-

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы, 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

-

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы №525 бұйрығымен бекітілген, ҚР өлкетануды дамытудың Тұжырымдамалық негіздері.

-

2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 355 бұйрығы;




5 сынып жетекші Махамбетова Д.А. өткен 2019-2020 оқу жылындағы сыныпта жүргізілген жұмыстардың есебі


Өткен 2019-2020 оқу жылының аяғында 4 сыныпта 5 оқушы болды, оның ішінде 2 ұл бала, 3 қыз бала. Оқу жылын үш оқушы Сейлханова Айым, Ескендирова Фатима, Балахмет Ажар үздік, 1 оқушы Шоканов Нияз жақсы «4»-пен «5»-ке, аяқтады. Жыл бойы оқушылардың тәртібі жақсы болды. Оқушылармен ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастырылу бойынша жыл бойы консультациялар өткізілді. Мектепшілік іс-шараларға оқушылар белсене қатысып отырды. Аудандық пән олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, қашықтықтан ПОНИ, Ақбота және т.б. интеллектуалдық және спорттық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.

5 оқушыдан 1 оқушы отбасылық жағдайымен, басқа мектепке ауысып кетті. Қазіргі уақытта 5-ші сыныпта 4 оқушы оқып жатыр.










Сынып жетекшісі: Махамбетова Д.А.








Сынып мінездемесі



Сынып оқушыларының саны: _____

Сыныптың жасы бойынша құрамы: ______________________________________________________________________

Өзара қарым – қатынас талдауы: сыныпта оқушылардың қарым-қатынастары жақсы

Қоғамдық байланыс мінездемесі: жақсы

Көшбасшылар қатарына ұмтылатын оқушылар: __________________________________________________________

Ата–ана және мұғалімдермен қарым–қатынас: жақсы

Сыныптың ұйымшылдық дәрежесі: сыныпта оқушылар ұйымшыл

Сынып оқушыларының мектеп іс-шараларына қатысуы, берілген қоғамдық тапсырманы орындауы: мектеп іс-шараларына белсене қатысады және берілген тапсырманы уақытында орындайды

Педагогикалық ерекше қарауды қажет ететін балалар: ондай оқушылар жоқ

Денсаулығы нашар оқушылар: ондай оқушылар жоқ

Лидерлердің қысқаша мінездемесі: әрқашан өзін жан-жақты көрсете біледі

Шеттетілген оқушылардың қысқаша мінездемесі: ондай оқушылар жоқ

Сынып жұмысының мінездемесі: ұйымшыл, әрқашан бір-біріне көмектеседі

Сыныпта қандай жұмыс түрлерін жасағанды тәуір көреді: __________________________________________________

Сыныптың мектептегі орны: ерекше

Сынып өзінің біртұтас екенін сезіне ме? ия

Сыныптың басқа сыныптармен, мұғалімдермен қарым – қатынасы қалай? өте жақсы







Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері



Мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.


Міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым және практикалық жетістіктер негізінде тұлғаның дамуы мен құруды қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау;

2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімдік қабілеттерін дамыту, моральды, салауатты өмір салтын нығайту негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, сыни ойлау және функционалдық сауаттылықты (компьютерлік, цифрлық, математикалық, жаратылыстану, оқу сауаттылығын) дамыту үшін жағдай жасауда өзбетінше шешім қабылдау проблемалары арқылы интеллектіні байыту;

3) Қазақстан Республикасының Отанға деген махаббатын, азаматтылықты және отансүйгіштікті тәрбиелеу, мемлекеттік символдар мен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет, кез келген конституцияға және қоғамға қарсы жағдайларда қарсылық таныту;

4) еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқығын және міндетін сезінуді қалыптасытру;

5) отандық және әлемдік мәдениет жетістіктеріне қосылу; қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрін зерттеу; мемлекеттік, ресми және шет тілдерін білу;

6) психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті және ата-аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыру, жастарды дені сау отбасын құруға даярлау, отбасы институтын нығайтуда саналы атсалысу;

7)әлеуметтік маңызы бар балалық, отбасылық және ата-аналық бастамаларды, балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қызметін дамыту және қолдау;

8) тұлғаның экономикалық ойлауын дамыту және кәсіби қалыптасуға саналы қатынасын және өзін-өзі жетілдіруге; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық жағдайды; экологиялық сауаттылықты және мәдениетті ұстану;

9) бала тәрбиесіндежалпы және қосымша білім беружүйесінің рөлін арттыру; сондай-ақ, денешынықтыру және спорт, мәдениет саласындағы ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыру;

10) бала тәрбиесі саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру;

11) балалардың ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру.













Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары бойынша ұйымдастырылатын жұмыс











  1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу.


Мақсаты:патриот пен азаматтың Отанға ұтымды және эмоционалды қатынасы, мемлекеттің және қоғамның заңдарын ұғыну мен сақтау, саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұру, баланың және жасөспірім ортасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын ұлтжанды азамат қалыптастыру.

Тақырыбы

Өтілу формасы

Мерзімі

1

«Ел болашағы-білімді ұрпақ»

ZOOM-мен, қашықтықтан

02.09

2

«Бақытты балалық шақ»

галереяға саяхат

04.11

3

«Тәуелсіздік таңы»

көркем сөз оқу сайысы

09.12

4

«Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді»

пікірталас

10.02

5

Б.Момышұлы –батыр тұлға

Б.Момышұлы 110 жыл

Танымдық сабақ

03.03

6

«Отан деп соққан жүрегі»

Танымдық сабақ

05.05













2. Рухани-танымдық тәрбие

Мақсаты: адамның рухани, моральдық-этикалық қағидаттарын, оның адамгершілік құндылықтарына және қазақстандық қоғамның әдет-ғұрыптарына сәйкес келетін рухани-адамгершілік қасиеттері мен көзқарастарын жандандыру туралы «Рухани жаңғырудың» құндылық негіздерін терең түсінуді қалыптастыру.





Тақырыбы

Форма

Мерзімі

1

«Төрімізден қарттарымыз кетпесін!»

кездесу

07.10

2

«Абай- дара,Абай-дана қазақта»

көркем сөз оқу сайысы

27.01

3

«Жаныңда жүр жақсы адам»

тренинг

28.04

4

Адамгершілік – рухани байлық

Дөңгелек үстел

19.05













3.Ұлттық тәрбие


Тақырыбы

Форма

Мерзімі

1

«Тілім менің –тіршілігім тынысым»

тәрбие сағаты

23.09

2

«Салт-дәстүріңді білесің бе?»

сайыс сабағы

28.10

3

«Ұлттық тәрбие –ұлағат көзі» ырым-тыйым сөздер

танымдық сабақ

23.12

4

Қазақтың ұлттық ойындарын білесіз бе?

сайыс сабақ

24.02

5

«Наурыз тойы мерекем,

Салт-дәстүрім -берекем»

мерекелік кеш

17.03

Мақсаты: тұлғаны жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағыттау, туған және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, этносына және Қазақстан Республикасындағы этникалық топтарға құрмет көрсету
















4. Отбасылық тәрбие


Тақырыбы

Форма

Мерзімі

1

«Әке-дана қорғаның»

дөңгелек үстел

16.09

2

«Шаңырағым шаттығым!»

саяхат сабақ

12.05

Мақсаты: ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігін көтеру және балаларды тәрбиелеу бойынша жауапкершіліктерін арттыру.






















5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға, адамның экономикалық ой-өрісін және экологиялық мәдениетін дамытуға деген саналы қатынасты қалыптастыру.



Тақырыбы

Форма

Мерзімі

1

«Қоршаған ортаны аялай білейік!»

Пікірлесу

18.11

2

«Еңбек- мұратқа жеткізер»

сахналық қойылым

03.02

3

«Еңбек бәрін жеңбек»

Дөңгелек үстел

21.04

















6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие


Мақсаты: жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның тәрбиеге дайындығын дамыту, меңгеру, өнердегі эстетикалық нысандардың бағасы, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті ортаны құру.

Тақырыбы

Форма

Мерзімі

1

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ___ жыл

танымдық сабақ

14.10

2

«Адам әдептілігімен әдемі»

«Мәдени ескерткіштер сыр шертеді»

ақпарат беру

14.04

3


















7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиеле.


Мақсаты: әр адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қабілеті мен дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетінің дамуын қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.




Тақырыбы

Форма

Мерзімі

1

«Ұлт тәрбиесінің қайнар көзі - кітапхана»


дөңгелек үстел

21.10

2

«Білімді бала-ел ертеңі»

интеллектуалдық сайыс

13.01

3

«Шығыстың бәйтерегі» Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын таныстыру (1150 жылдығына орай)

танымдық сабағы

17.02













8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты


Мақсаты: салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру. Нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы көзқарасты қалыптастыру


Тақырыбы

Өтілу формасы

Мерзімі

1

«Мен және менің отбасым»

Видеоролик көру

30.09

2

Денсаулығы ғаламның-денсаулығы адамның

Сұхбаттасу дәрігерлермен

02.12

3

«Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі бола ала ма?»

пікірталас

10.03

4

«Жеке бас гигиенасы»

медбикемен кездесу

07.04





















9. Мінез-құлық мәдениетіне, оның ішінде интернет кеңістігінде мінез-құлық мәдениетіне, киберқауіпсіздік мәдениетіне тәрбие

Мақсаты: Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру; Интернет-сауаттылықты, сандық және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру; ақпараттық қызметтегі этикалық нормалар жеке мәліметтердің құпиялығының сақталуы; жоғары ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.

Тақырыбы

Өтілу формасы

Мерзімі

1

Мектептегі қауіпсіздік ережелері

түсіндірме сабақ

09.09

2

«Интернет кеңістігінің әсері»

ақпарат беру

25.11

3

«Жақсы мінез –жан азығы»

тренинг

30.12

4

«Интернетсіз бір күн»

Науқанға қатысу

20.01

















Балаларға төнетін кез-келген қауіп қатер түрлерінен сақтандыру және алдын алу

Тақырыбы

Өтілу формасы, мерзімі

Мазмұны

  1. Бала өмірінің қауіпсіздігі немесе ӨҚН (жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру, су, өрт, өзен-көлдерден, биік ғимараттардан, зорлық-зомбылыққа тап болуы т.б бала өміріне қандай да бір зиян келтіретін жайттардан сақтандырып, алдын алу)




1

«Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды»

баяндама

бала өмірінің қауіпсіздігі туралы

2

«Жол-көлік оқиғасының себептері мен алдын алушаралары»

тәрбие сағаты

жол-көлік оқиғасының себептері мен алдын алу шаралары

Суицидалды мінез-құлықтың алдын алу

1

Суицидалды мінез-құлықты балалармен профилактикалық және коррекциялық жұмыс

тәрбие сағаты

жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу

2

«Жасөспірімдерді суицидалды мінез-құлықтан алдын алу»

баяндама

жасөспірімдер арасында суицидтік әрекетті алдын алу

Құқықбұзушылықтың алдын алу

1

«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»

тәрбие сағаты

Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы

2

Құқықтық тәрбие және балалар мен жасөпірімдер

баяндама

Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы

Жыныстық қол сұғылмаушылықтың және жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу

1

«Инфекциялық аурулардың алдын алу»

тәрбие сағаты

Инфекциялық аурулардың алдын алу

2

Жыныстық жолмен жұғатын аурулар

баяндама

Жыныстық қол сұғылмаушылықтың және жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар алдын алу туралы

Діни экстремизмнің алдын алу

1

«Діни экстремизмнің алдын алу»

баяндама

Діни түсінігін дұрыс қалыптастыру

2

«Сыйбайлас жемқорлықтың алдын алу»

баяндама

Діни түсінігін дұрыс қалыптастыру

Нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы көзқарасты қалыптастыру (темекі, насыбай, есірткі, алкоголь, т.б зиянды әрекеттерден сақтандыру)

1

Жасөспірім және зиянды әдеттер

тәрбие сағаты

Есірткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері

2

Нашақорлық-ғасыр дерті

тәрбие сағаты

Нашақорлықпен күрес бағытындағы
















Сыныптағы қыз және ұл балалармен жүргізілетін жұмыстар жоспары

Тақырыбы

Өтілу формасы, мерзімі

Мақсаты, мазмұны

  1. Қыз балалармен жүргізілетін жұмыстар




1

«Қыз бала-жолдасының жары, келін, ана» 

тәрбие сағаты

кеңес беру

2

«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

дөңгелек үстел

кеңес беру

Ұл балалармен жүргізілетін жұмыстары

1

«Аулақ бол жаман әдеттен» темекінің  зияны туралы түсіндіру

дөңгелек үстел

темекінің  зияны туралы түсіндіру

2

Салауатты өмір салты-денсаулық кепілі

тәрбие сағаты

денсаулық сақтау



















Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс



р/с

М а з м ұ н ы

Мерзімі

Жауапты


1

Сынып ата-аналар комитетін сайлау.

1 тоқсан көрсеткіші, қорытынды


1- тоқсан

Сынып жетекші, ата-аналар

2

«Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы»

2 тоқсан көрсеткіші, қорытынды

2- тоқсан

Сынып жетекші, ата-аналар



3

«Денсаулық басты байлық ішімдік ішесіз бе?»

3 тоқсан көрсеткіші, қорытынды


3- тоқсан

Сынып жетекші, ата-аналар

4

«Балаңызды қандай мінезін ұнатпайсыз?»

4 тоқсан және жылдық көрсеткіші, қорытынды

4- тоқсан

Сынып жетекші, ата-аналар






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!