СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

5 сыныпта математика сабағынан "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбына ашық сабақ, ҚМЖ

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 сыныпта математика сабағынан "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбына ашық сабақ, ҚМЖ

Просмотр содержимого документа
«5 сыныпта математика сабағынан "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбына ашық сабақ, ҚМЖ»

24 орта мектеп

Қысқамерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту

Бөлім:

5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні:

Абдиева Жанарай Қатарбойқызы

Күні:

23.02.2022ж

Сыныбы: 5 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшектерді көбейту

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.1.2.28

ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар:

Ондық бөлшектерді көбепйту алгоритмін біледі.

Ондық бөлшектерді көбейтуді орындай алады

Ондық бөлшектерді көбейту ережесін қолданып мәтінді есептерді орындайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

«Мозаика әдісі» СТО жүргізіледі: 30 жылдық бойынша

Біз нестеуіміз керек? Әрине отанымызды сүйіп, оның Біз нестеуіміз керек? Әрине отанымызды сүйіп, оның 30 елдің қатарында болуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Ал өз үлесімізді қалай қосамыз? Жақсы оқып, білім алу арқылы, ендеше бастайық.

Үй тапсырмасын тексеру. Тақтадағы жауап арқылы оң жағындағы оқушыға дәптерін беріп тексереді. Үй жұмысын орындауда қандай ереже пайдаландық?

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Практикалық тапсырма» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында тапсырмаларды ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


.

1 топ. Топтағы екі оқушының бойларын салыстыру.


2 топ. Математика және тағы бір оқулықтың салмақтарын өлшеп қанша артық екенін табу.


3 топ. Бір партаның бетінің ауданын табу


4 топ. Алманы бөлікке бөлу. (Пышақпен жұмыс жасағанда абай болуды ескерту)


Шыққан нәтижелерді ондық бөлшек түрінде жазу.

Дескриптор:

-тапсырма дұрыс орындайды

Оқулық, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Орындалған тапсырмаларды қорыта отырып, оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.

Үтірлерін ескермей,

Көбейте бер сескенбей

Натурал сан деп есепте,

Бұрын оқып кеткендей

Үтірден соң қанша сан

Бөлшек орнын санаңыз

Оңнан солға сонша сан,

Аттап үтір қоямыз



Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмін еске түсіру мақсатын анықтайды.

Ондық бөлшектерді көбейту алгоритмі:

  1. Баған түрінде жазып аламыз

  2. Үтірге мән бермей натурал сандар сияқты көбейтеміз

  3. Шыққан нәтиженің оң жағынан екі көбейткіште үтірден кейін қанша цифр болса, сонша орыннан кейін үтір айыру қажет.


Интербелсенді тақта

Ұжымдық жұмыс

Топтарға тапсырмаларды орындатады, бақылайды. «РISA» есебі

Аквариум.

Аквариум.

1-сұрақ: Аквариумның биіктігі 2,5 дм, ұзындығы 5дм, ені 3,2 дм болса, оған қанша су құюға болады?(1дм3=1л)

Жауабы: ______________дм3

Түсіндір:______________________________

2cұрақ: Аквариумға 45л су құюға бола ма?

Жауабы:_________________Неге?__________

Шешімі:1. Аквариум көлемі V=abc формуласынан V= 2,5*5*3,2=40(дм3)

2. Аквариумға 45 л су құюға болмайды, себебі оның көлемі 40л тең.



«Бас саусақ» әдісі арқылы бағалау

Дескриптор:

- бірінші сұрақтың дұрыс шешімін табады

- екінші сұрақтың дұрыс шешімін табады

- жауаптарын түсіндіреді.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындатады, бағыт бағдар береді, бақылайды.

1-тапсырма
Алдар көсе ежелгі театрлар отанына баруды жоспарлайды. Өрнектердің мәндерін дұрыс
тауып, қаланың атын анықтаңыз. Өрнектердің жауаптарын екінші жолға, ал оларға сәйкес
әріптерді үшінші жолға жазыңыз.


2,5x12

8,3x16

0,7x 0,6

5,1x2,3

1,8x6,2













0,42=И 25,77=Ш 11,16-Ы 11,73=Н 132,8=Ф 30=А 95,219=Д 0,777=К




Дескриптор:

- ондық бөлшектерді көбейтуді орындайды.

-жасырын сөзді табады

«білімметр» арқылы бағалау


Топтық жұмыс

«Шығармашылық жұмыс»

Әр топқа жеке қағаз қиындылары таратамын.

Қағаз артындағы есептерді постерге шығарып, жауабын сәйкестендіріп жабыстыру керек.

1-топ М.Әуезов (1897 жылы 28 қыркүйекте) 125жыл

2-топ Д.Қонаев (1912 жылы 12 қаңтарда) 110жыл

3-топ ҚР мемлекеттік рәміздері (1992 жылы 4маусымда) 30 жыл

4-топ фан чипсы

Топтар бір-бірін қол шапалақтау арқылы бағалайды


Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан чипсыдың ағзаға зияндығы туралы видео көрсетіледі.

Видеоны көреді өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру


Жұптық жұмыс

(уақытқа байланысты қосымша тапсырма)

Онлайн жаттығу «bilimland»

платформасы арқылы

Жұппен бірге онлайн тапсырма орындайды

Дескриптор


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Екі жұлдыз бір тілек» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Үйге тапсырма №677, 34-бет

.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы бағалайды



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: