| Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық? Олардың ішіндегі ең үлкен сан қай сан? Үстелдің үстіне 1-5 ке дейін кеспеқағаз орналастыру. Тақтаға бес оқушыны шығарып кез –келген бір санды таңдатып, сандардың өсу ретімен тұрғызу, одан кейін кему реті бойынша тұрғызу. Үндемес ойыны Оқушыларға бір сан көрсетіп,осы кеспеқағаздағы санның 5-ке қаншасы жетпей тұрғандығын қарындаш санымен көрсетуін сұрау. Шалқан ертегісін еске түсіру. Ондағы барлық кейіпкерлерді атау. Шалқан ертегісін сахналау. Ертегіде қанша кейіпкер шалқан тартып жатыр? - Бес кейіпкер. -Үстелдің үстіне сонша қарындаш қойыңдар. - Кім оларға көмекке келе жатыр? - тышқан - Тышқан нешінші кейіпкер? -Алтыншы - Алдарыңа тағы бір қарындаш қойыңдар. - Енді барлығы неше қарындаш болды? - 6 санын қалай шығарып алуға болады екен. - 6 саны 5-тен үлкен бе? Әлде кіші ме? Оқушыларды 6 санымен таныстыру. Тірек сөзбен жұмыс. Сөздерді үш тілде айту алты-шесть-six (Ж) Ертегі кейіпкерлерін санау (алты) Гүлшоғындағы түймедақ гүлін санау (алты) Сергіту сәті (Ұ) Орындап көр. 6 саныны қалай алуға болады. Қатырма қағаздан жасалған 6 балық және 6 саны жазылған шелек дайындау. Оқушылар тақтаға шығып шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салу керек. Мысалы: екі рет 3 балықтан салу немесе 4 балық салып үстіне тағы 2 балық қосу. (Ж) Шығарып көр. Оқушыларға түймелер топтамасын ұсыну. 6 санын әр түрлі тәсілмен қойып көрсету. 3 пен 3; 4 пен 2;1 мен 5; 2, 2, 1, 1 Сызба бойынша 6 cанының құрамын анықтау Дидактикалық тапсырмалар орындау   6 саны туралы не білеміз? ( 3 –4 слайд) Сандар сыр шертеді. 6 саны: Бұл сан туралы не айтуға болады? 6 саны 5 санынан кейін тұрады. Ауызша есептер: Берілген санның алдындағы санды ата. ( 4 – слайд) Берілген саннан кейінгі санды ата ( 5 – слайд) Оқы және есептеп шығар ( 6 – слайд) (Ж) Фигуралардың қабырғалары мен бұрыштарын сана (7- слайд) Алты аю келеді, Балды жақсы көреді. Қалып қойса біреуі, Нешеуі қайтып келеді? ( 8 – слайд) Логикалық тапсырма. Қонжық вагонның бірінші және соңғы вагонында емес.Балапан вагонның ортасында және соңғысында емес. Қонжық пен балапан қай вагондарда келеді? ( 10– слайд) (Ұ) Дәптермен жұмыс. 6 санын жазу (11 слайд) |