СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

61-сабақ тақырыбы:Қилометр.Миллиметр

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын 3-сынып оқытушыларына арналған сабақ жоспары.

Просмотр содержимого документа
«61-сабақ тақырыбы:Қилометр.Миллиметр»

61-сабақ тақырыбы:Қилометр.Миллиметр

Мектеп:№13 орта мектеп

Күні:04.12.18.

Мұғалімнің аты –жөні:Кетебаева Г.Э.

3 «Ә»сынып

Қатысқандар саны:24

Оқу мақсаттары:

3.1.3.2.мм,км/г,т/см,дм,м/сек өлшем бірліктерін қолданып өлшеу.

3.1.3.3. шамалар мәндерін (мм,см,дм,м/г,кг,ц,т/,л/см,дм,м,мин,сағ)

салыстыру және амалдар орындау.

3.1.3.4 ұзындық(мм,см,дм,м,км)/аудан (см,дм,м)/масса (г,кг,ц,т)/уақыт(сек,мин,сағ,тәул,ғас) бірліктерін олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру)

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: ұзындықтың өлшем бірліктерін және олардың арасындағы тәуелділікті біледі


Бірқатар оқушылар: ұзындықты өлшем бірліктерін түрлендіреді,салыстырады және олармен амалдар орындайды


Кейбір оқушылар:өлшем бірліктерін күнделікті тұрмыста қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ұзындық өлшем бірліктерін салыстыру

Пәндік лексика және терминология:

Ұзындық,км,мм.


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:


-Ұзындықты немен өлшейді?

-Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін қолданады?


Жазу:


Өрнектер,дм,мм,м,км шамалардың атауы

Тірек білім,білік,дағдылар

Ұзындық,см,дм,м.


жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Әріптерден «Астана ғимараттары»сөзін құрастыру.

Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін біз алдын зерттегенбіз?(см,дм,м)

Осы сөздерді қима қағаздарда тақтаға ілу.


4-6

Білімді өзектендіру.

-Есімізге осы өлшем бірліктерінің арақатынасын түсірейік ше..

Оқушылар өздігінше қима қағаздардағы тапсырмаларды орындайды.

1дм-...см

1м-.....дм

1м--...см

-Тексерейік.(тақтаға дұрыс жауаптарын ілдіру)

-Кім дұрыс орындады –қолдарыңды көтеріңдер.

-Бәрекелді!


7-10

Мақсат қою(мәселелі жағдаят)

-Оқушылар біздер қай жерде ұзындықты өлшеу бірліктерін қолдана аламыз?

-Неге біздерге әртүрлі өлшем бірліктері қажет?

-Бүгін біздер ұзындықты өлшеудің екі жаңа бірлігімен танысамыз.

-Дәптерлерімізді ашамыз,сызғыштарымызды аламыз.

-Мен сіздерге өте кішкентай затты өлшеуді ұсынамын.

-Дәптерлеріңіздің 1торкөзінің бір жағын өлшеп көріңдер.

-Торкөздің 1 жағының ұзындығы қанша екен?(5мм)

-Сіздер ұзындықты өлшеудің жаңа бірлігімен таныстыңыздар.

-Бұл миллиметр,ол не үшін керек?(Ұсақ заттарды өлшеу үшін)

-Ал енді өте үлкен қашықтықтарды өлшеу керек делік.

-Мысалы,Рудный мен Астана қалаларының аралығын өлшеу керек.Ол үшін қандай өлшем бірлігін пайдаланамыз?

-Дұрыс,ол километр.

-Сіздер бүгін үйренетін 2-ұзындық бірілігінің атауын естідіңіздер.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-км,мм.

-Сабақтың соңында біздер нелерді білуіміз керек?

Мм,км ұзындықты өлшеу бірліктерін және олардың басқа бірліктермен тәуелділіктерін білетін боламыз.

Ұзындықты өлшеу бірліктерін түрлендіруді,салыстыруды және олармен амалдар орындауды білемін.

Ұзындық бірліктерін күнделікті тұрмыста қолданамын.


























11-29




































































30-36

Жаңаны ашу.

Жаңа өлшем бірліктерін тақтаға өсу ретімен қай жерге орналастыруға болады?(хормен оқытып шығу)

-Оқулығымыздың 48-бетін ашамыз.

Жаңа өлшем бірлігінің басқа өлшем бірліктерімен тәуелділігін оқып шығайық.(дауыстап айтып шығу)

1см-10мм

1дм-10см

1м-10дм-100см

1км-1000м

-Енді оны дәптерлеріңе жазып алыңдар.

Жұппен жұмыс.

-Түсініктеріңді жұптарыңа айтып беріңдер.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Балалар 2-тапсырманы ұжыммен орындайды.

-Кесінілерді әртүрлі өлшем бірліктерімен түрлендіріңдер.

АВ-2см-20мм ДК-2,5см-25мм АВ-1см-10мм ОN-5мм

-Кесінділердің қайсысы ең ұзыны,қайсысы ең қысқасы?Қаншаға ұзын екен?-Қалай табамыз?

-Ең ұзын кесіндіден ең қысқаны азайту керек.

Сергіту сәті

Ғимараттар Астанада өте биік,

Төбелері жатады бұлттарға тиіп

Өлшей алмаймыз оны құлаштап,

Өлшейміз қабатты метрмен санап.

№3-тапсырма тақтада орындау.

Көрсетілген өлшем бірліктеріне түрлендір.

1см=,,,,,мм

2дм 1см =,,,,,см

690см=,,,дм=,,,,м,,,дм

5км=,,,,,м

7000м=,,,км

650 000м=,,,км

500км=,,,м (тексереміз)

Топтық жұмыс

-Енді ұзындық өлшемдерімен амалдар орындаймыз.Ол үшін алдарыңыздағы суреттерге қараңыздар.Онда Астана қаласына қыдырып келген саяхатшыларға жолдарын есептеуге көмектесіңіздер.Суреттердегі қызыл шеңбермен белгіленген жолымыздың басынан бастап, «Бейбітшілік»көшесімен 6 км жүреміз.Соң «Жамбыл»көшесіне түсіп 5км және 4км жүріп,машина тұрағына жетеміз.Осы жолдың қашықтығын өлшеп шығайық.

Ш:6км+5км+4км-15км

-Бұл маршруттың ара қашықтығы 15 км екен.

-Есептің шешуін дәптерлерімізге жазып аламыз.

-Дәл осы тәсілмен біз саяхатшыларға жаңа маршрутты есептеп беруіміз керек.

-Оны сіздер топпен орындайсыңдар.

-Сіздерге 3 минут уақыт беріледі.Уақыт біткен соң,жауап парақшаларыңды тақтаға ілесіңдер де біргелікте тексеріп шығамыз.

Ендігі жол-қалалық емхана:Абай көшесінен басталып,Тәуелсіздік даңғылына бұрыламыз.Тәуелсіздік даңғылымен15 және 18км қашықтықты жүреміз.Осы жолдың ара қашықтығын есептеп беріңдер.

Ш:6км+15км+18км=39км

-Қайсы топ есепті дұрыс орындады?

-Осы есепті орындай отырып біздер неге үйрендік?

(Ұзындық бірліктерімен амалдар орындауға үйрендік)

-Ал енді біздер бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді көрейік-ші.

Жұмыс дәптерлеріміздің 42-бетін ашамыз,ондағы тапсырмаларды орындаймыз.

-Зейінмен оқып шығыңдар.

-Не істеу керек екен?

-Өзендердің ұзындықтарын метрден километрге түрлендіреміз.

-Өзендерді ұзындықтары өсу барысымен нөмірлеп шығыңдар.

-Нұра мен Іле,Іле мен Талас салыстырып,қаншаға ұзын екендігін есептеу керек.

Дұрыс жауаптармен салыстырып өзін-өзі тексеріп бағалаңдар.

Критерийлері бойынша бағалау,бояп шығу.

-Кімде барлық шеңберлер боялған?-Кім сабақтың мақсаттарына жетті?

Үйге тапсырма.

Ұзындық бірліктерінің тәуелдік кестесін жаттау.

-№3-есептің 2-бағанын шығару.

№6-тапсырамда доғал бұрышты үшбұрыштардың периметрін тауып.см-ді мм-ге түрлендіру.


37-40

Рефлексия

Мм,км ұзындықты өлшеу бірліктерін және олардың басқа бірліктермен тәуелділіктерін білетін боламыз.

Ұзындықты өлшеу бірліктерін түрлендіруді,салыстыруды және олармен амалдар орындауды білемін.

Ұзындық бірліктерін күнделікті тұрмыста қолданамын.