1 вариант.
1.Шаянтектестерге жататын буынаяқтылар
A) Бит
B) Өзен шаяны
C) Кене
D) Шегіртке
E) Тарақан
2.Балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма.
A) Асцидия
B) Археоптерикс
C) Ихтиозавр
D) Латимерия
E) Ехидна
3.Артқы аяқтары саусақтарының арасында терілі жарғақшалары болатын ағза
A) қосмекенді
B) құс
C) сүтқоректі
D) жорғалаушы
E) буынаяқты
4.Омыртқалылар мишығының атқаратын қызметі
A) Тері тітіркеністерін ( температура, қысым, т.б.) қабылдайды
B) Көру және есту тітіркендіргіштерін бағдарлау рефлекстерін атқарады
C) Көру тітіркеністерін қабылдап, талдайды
D) Тынысалу, асқорыту және жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметін атқарады
E) Қозғалыс үйлесімділігі мен тепе-теңдігін басқарады
5.Құмырсқалар өз отбасының иісін сезеді. «Жауынгер» құмырсқалар өз илеуіне бөтендерді жолатпайды. Олар бөтен құмырсқа дернәсілін илеу маңына тастаса, өсіп жауынгерге айналғанда, оны
A) илеуіне кіргізбейді
B) қабылдамайды
C) қуып жібереді
D) қабылдап алады
E) жеп қояды
6.Жорғалаушылардың қаңқа бөлімдері:
A) кеуде қуысы
B) бұғана
C) құйымшақ
D) ми сауыты
E) қол белдеуі
7. Бунақденелілердің қанаттары арқа жағында және бекінеді:
А) көкірек пен құрсаққа В) көкірекке
C) баскөкірекке және қүрсаққа D) баскөкірекке
8. Жұмысшы аралар дегеніміз:
A) жұмыртқа салып, ұрпағына қамқор жасайтын аналықтар
B) жыныс бездері дамымаған аналықтар
C) бір жылдан соң, жұмыртқа салуға қабілетті жас аналықтар
D) ұрықтанбаған жұмыртқадан пайда болған аталықтар
9.Омыртқасы жоқ желілі жануар:
А) Қандауыршалар
В) Қосмекенділер
С) Құстар
D) Балықтар
Е) Бауырымен жорғалаушылар
10.Қандауыршаның көбеюі мен дамуын зерттеген ғалым:
А) А. Ковалевский D) С. Навашин
В) Н. Вавилов Е) Л. Пастер
С) Ч. Дарвин
11.Айқышты өрмекшінің аяқтарының саны:
А) Екі жұп D) Үш жұп
В) Төрт жұп Е) Бес жұп
С) Алты жұп
12. Құс денесінің ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайтын қауырсындары:
А) Қанат үсті D) Бағыттаушы
В) Қанатты қағушы Е) Мамық
С) Жабындық
13. Балықтарды зерттеумен айналысатын зоология ғылымының саласы:
А) Гельминтология D) Палеонтология
В) Микология Е) Ихтиология
С) Герпентология
14. Бунақденелілерге жатады:
А) Шыбындар D) Кенелер
В) Қандалалар Е) Инеліктер
С) Сушалқақ
15. Балықтың денесіне бағыт беретін жүзбеқанаты:
А) Арқа D) Құйрық
В) Көкірек Е) Аналь
С) Бүйір
Жауаптары:
1.в 2.д 3.а 4.е 5.д 6.а 7.в 8.д 9.а 10.а 11.в 12.с 13.е 14.а 15.с
2 вариант.
1.Көбелектің ауыз мүшесі:
А) Сорғыш-түтік D) Кеміргіш
В) Кеміріп-жалағыш Е) Сүзіп-жалаушы
С) Шанщып сорғыш
2.Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің отряды:
A) Биттер
B) Инеліктер
C) Тарақандар
D) Бүргелер
E) Дәуіттер
3.Сұр кесірткенің тіршілік етуі:
A) өзенде
B) құрғақ, күн жақсы қыздыратын жерде
C) көлдерде
D) теңізді орындарда мекендейді
E) батпақты жерде
4.Қыста орамжапырақ (қырыққабат) көбелегі -
A) Ересек күйінде қыстап шығады.
B) Жұмыртқа қалпында қыстап шығады.
C) Қырылады.
D) Дернәсіл қалпында қыстап шығады.
E) Қуыршақ күйінде қыстап шығады.
5.Жүрегі төрт бөлікті жорғалаушы:
A) келес
B) тасбақа
C) жылан
D) қолтырауын
E) кесіртке
6.Кесірткенің терісі:
A) тері безінен сұйық шырыш бөлініп тұрады
B) жалаңаш(жылтыр)
C) қабыршақты, құрғақ
D) дымқыл
E) тікенекті өскіншелі
7.Құстарға зиян келтіретін бунақдене:
A) Сона.
B) Түкжегі.
C) Мамықжегі.
D) Құлық.
E) Біте.
8.Аяқтары буын арқылы жақсы қимылдайтын бірнеше бунақтардан тұратын жәндіктер типі:
A) Ішекқуыстылар
B) Буынаяқтылар
C) Былқылдақденелілер
D) Жалпақ құраттар
E) Қарапайымдар
9.Балықтардың судың бағытын, ағын күшін қабылдайтын мүшесі:
A) торсылдағы
B) көруі
C) естуі
D) иіс сезуі
E) бүйір сызығы
10.Жорғалаушыларға жататын:
A) саламандрлар
B) кесірткелер
C) бақбақылдар
D) бақалар
E) тритондар
11.Клоакасы бар жануар:
A) қоян
B) аю
C) бақа
D) қасқыр
E) түлкі
12.Энцефалит ауруын тарататын жәндік:
A) Берішкене.
B) Тайга кенесі.
C) Ұн кенесі.
D) Құс кенесі.
E) Алма кенесі.
13.Бунақденелілер класына жататын жәндіктер:
A) Қыршаяндар
B) Кенелер
C) Шаяндар
D) Өрмекшілер
E) Тарақандар
14.Балықтардың мекен ету ортасы:
A) Құрлық.
B) Жер астында.
C) Орман.
D) Ауа.
E) Су.
15.Латимерия келесі балықтар өкіліне жатады:
A) Бекіретәрізділерге.
B) Саусаққанатты балықтарға.
C) Албырттәрізділерге.
D) Тұқытәрізділерге.
E) Шеміршекті балыққа.
Жауаптары:
1.в 2.а 3.в 4.е 5.д 6.с 7.с 8.в 9.е 10.в 11.с 12.в 13.е 14.е 15.в