Мотивациялық қозғаушы Ұйыдастырушылық -ізденімпаздылық Сергіту сәті Дәптермен жұмыс Сергіту сәті Рефлекция | Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті, Амандасау үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал, қанеки бәріміз Сәлем дейік үлкенге! Балалар біз осы кезге дейін қандай сандармен таныстық? Жарайсыңдар, олай болса бүгін біз жаңа сабақта қандай санмен танысатынымызды білу үшін түлкінің сұрақтарына жауап беруіміз керек, Яғни, балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше болмақ. Біздің сыныпқа сонау «Сандар» әлеміндегі тауықтан хат келіпті. Ол хатта тауық былай деп жазыпты: Сәлеметсіздер ме, мектепалды даярлық ІІ тобының балалары, менің достарым! Мен «Сандар» әлемінің тауығымын. Мен сіздерден көмек сұрағалы отырмын. Айлакер түлкі балапандарымды ұстап алып жемекші. Әр балапанымды құтқару үшін түлкінің бір тапсырмасын орындап отыру қажет. Сол тапсырмаларды орындауға маған көмектесесіңдер ме? -депті. -Балалар, тауық бізден көмек сұрап отыр. Көмектесеміз бе, балалар? Онда сіздерге сәттілік тілеймін. Түлкінің 1 –ші тапсырмасы: Кел, ойнайық! Өрнектердің мәндерін өсу ретімен орналастырып, Түлкінің жасырған сөзін тап: 2 ; +2-2= ж і 1 +3+2= ж 4 +0+1= е 3 +2-1= т Балалар түлкінің бізден жасырған сөзі «жеті» екен. Ендеше бүгінгі біздің танысатын сан 7 саны екен. 7 саны сандар қатарында 6 –дан кейін тұрады. Енді бәріміз бірге тура санап үйренейік: 1,2,3,4,5,6 және 7. Ал, кері санасақ:7,6,5,4,3,2,1 және 0. Мысалы: 4 + 3 = 7 7 - 4 = 3 5 + 2 = 7 7 – 5 = 2 6 + 1 = 7 7 – 6 = 1 Түлкінің 2 –ші тапсырмасы: Қалып қойған сандарды ата:
Жарайсыңдар, балалар, түлкінің 2-ші тапсырмасында шештіңдер. Түлкінің 3–ші тапсырмасы: 3- топқа салыстыру есеп беріпті 6 7 7 7 4 4 5 4 4 7 5 7 3 5 7 6 0 0 Түлкінің 4-ші тапсырмасы: «Дәптердегі 7 санын барлығында әдемі етіп жазсаңдар тағы бір балапанды босатамын» - дейді. Олай болса балалар алдымен 7 санын ауада жазып үйренейік. Балаларға дәптермен жұмыс жасауға тапсырма беру. Жарайсыңдар, балалар. Біз түлкінің 4-ші тапсырмасында орындадық. Енді қалған тапсырмаларын орындап, тезірек балапандарды құтқарайық. Түлкінің 5-ші тапсырмасы: «Балалар сендер тауықтың бесінші балапанын құтқарғыларың келсе математика пәнініе байланысты сергіту жаттығуын жасаңдар» - дейді. Ал, біз қандай сергіту сәтін білеміз: Бір, екі, үш, бір, екі, үш, Бұлшық етте күш. Мен ұшамын кептерше, Еңкейемін қолым жеткенше. Түлкінің 6–шы тапсырмасы: Қандай сандардың қосындысы 7-ге тең?      7 7 7   6 2 4 Жарайсыңдар, балалар. Енді түлкінің 7-ші тапсырмасын орындап көрейік. «Кім жылдам?» ойыны Ойын арқылы 7 санының құрамын табу. 1.Санын білмей сәбіздің, Қоян әбден тосылды. Көмектесіп жіберші, Құтқарып сен досыңды. Оң қолында төрт сәбіз, Сол қолында үш сәбіз. 2. Айболда бес өрік, Нұрболда екі өрік. Барлығын қосқанда, Болады неше өрік? 3. Маратта алты алма, Саматта бір алма. Санашы, санашы Барлығы неше алма? -Балалар, біз тауықтың қанша балапанын құтқардық? - Жеті. - Тауықтың сендерге айтар алғысы шексіз, жарайсыңдар! Сұрақ –жауап - 7 саны қандай сандардың қосындысы? - 7 саны қай сандардан артық? - 7 саны сандар қатарында қай саннан кейін келеді?
|
Балалар қонақтармен амандасады
Балалар сұраққа жауап береді

Балалар жаңа сабақпен танысады Балалар тәрбиешінің түсіндіруіне назар аударады.
Тапсырмаларды орындайды
Ауызша есепке жауапр береді
3-топтан бала шығып тақтамен жұмыс жасайды
7 санын ауада жазады
Дәптермен жұмвыс жасайды
Сергіту сәтін орындайды
Балалар сұраққа жауап береді
7 сәбіз
7 өрік
7 алма
Балалар сұраққа жауап береді
|