| Пән: Математика Мектеп: Мұғалім |
| Күні: 16.06.2017ж. Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | 7 саны және цифры |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.1.1.1 Натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну; он көлеміндегі сандарды тура, кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. |
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Натурал сандардың және 0 санының құрылуын меңгереді. Көптеген оқушылар: Цифрлар мен сандарды ажыратып, 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. Кейбір оқушылар: Натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды, «+», «-», «=», «» таңбаларын қолданады. |
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну, қолдану |
| Бағалау критерийлері | 1. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. 2. Натурал сандардың және 0 санының құрылуын анықтайды. |
| Тілдік мақсаттары | Цифр, сан, санның құрамы. |
| Құндылықтарды дарыту | 7 – киелі сан. |
| Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, көркемеңбек |
| АКТ пайдалану дағдылары | Бейнежазба, таныстырылым. |
| Бастапқы білім | 6 саны және цифры |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы Психологиялық хал-ахуал | Өсеміз біз күліп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсеміз біз күліп-ойнап, Бір адамның баласындай. - Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! | Шаттық шебері
|
| Сабақтың ортасы | «Қызығушылықты ояту». Кемпірқосақты көргендерің бар ма? Кемпірқосақта неше түс бар? (7 түс) Олар қандай түстер? 1) Ұжымдық жұмыс. «Сандық сәуле» әдісі. - Сандық сәуледе 6 санынан кейін қай сан тұрады?  Тиісті таңбаны қой: 6 □ 1 =7 6 1 □ 6 =7 7 6 Бағалау түрі: «Шапалақ». 2) Жеке жұмыс. «Мұқият ойлан!» Бағалау критерийлері: 1. 7 көлеміндегі сандардың құрамын анықтайды. 1- тапсырма Берілген сандардың құрамын толықтырып жаз: | | 7 | | 5 | 6 | 1 | | | 2 | | 4 | | | 2 | | | 4 | | 3 | 4 | | | 0 | | 5 | | | 7 | Дескриптор: 1. «5» санының құрамын анықтайды. 2. «6» санының құрамын анықтайды. 3. «7» санының құрамын анықтайды. Бағалау түрі: «Жарайсың!». 3) Топпен жұмыс. «Топтас, ақылдас» әдісі. «Кім кемпірқосақты тез, әрі дұрыс жинап бітіреді?» жарысы.  Бағалау түрі: «Бағдаршам». | 7 санының жазбаша үлгісі, үлестірме қағаз (сандық сәулелер). Кесте Кемпірқосақтың қиылған жеті түсті жолақтары (3). |
| Сергіту сәті: | Аспанға қарадым - ай көрдім Төменге қарадым – жер көрдім Оңға, солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. | |
| Қызықты тапсырма: | Жұмбақ. Қызыл, сары, жасылды Көкте бір зат асылды (кемпірқосақ) Ойын. «Мен білемін». - Мен жеті қыз есімін білемін: ....... - Мен жеті ұл есімін білемін: ........ - Мен жеті қала атын білемін: ..... - Мен жеті атамды білемін: ...... |
|
| Тапсырмалар | Есте сақта! 7 7 7 7 7 7 / \ / \ / \ / \ / \ / \ 6 1 1 6 5 2 2 5 4 3 3 4 Шығарып көр. Руслан неше жасқа толды? Сен оны қалай білдің?  | Оқулықпен, дәптермен жұмыс
|
| | 4) Жұптық жұмыс. «Сен білесің бе?» әдісі. - Бала қолында не ұстап тұр? (Шалғы) . Өткір шалғы ғой. Шалғыңды ал да, ора ғой. Қай санға ұқсайды?  Бағалау түрі: «Бас бармақ». | «Күн шуағы» суреті. |
| Сабақтың соңы | Рефлексия Білемін, білгім келеді, түсінбедім.  | Смайликтер |