Дене шынықтыру пәнінен
«7» сыныпқа арналған
Жоспар – Конспект
Мұғалімнің тегі, аты, әкесінің аты: Әлімбаева Дана Досболғанқызы
Бөлім: Ұлттық ойын.
Сабақ тақырыбы: Алтын сақа.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың әдісі : Оқушылардың ой-өрісін логикалық сұрақтар және матемематикалық әдістер арқылы дамыту сабағы .
Сабақтың мақсаты: Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырын зерттеп , ізденіс жұмыс жасап , асықтың түрлерімен ерекшеліктерін білу және балалардың ойлау қабілеттерін дамыту шыңдау.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан ойынын жаңғырту, бабаларымыздың ойыны туралы түсінік беріп , қызығушылықтарын ояту.
Дамытушылық : Асық ойнату арқылы оқушыларды дәлдікке, мергендікке, ептілікке жеңіске деген құштарлыққа, намысқойлыққа,әділдікке баулу.
Тәрбиелік : Оқушыларды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу , қазақ халқының жәдігерлерін сақтап әлемдік деңгейдегі спорттық ойындар қатарына қостыруға ой туғызу.
Өткізу орны: спорт залы
Құрал – жабдықтар:Асықтар,математика туралы қанатты сөздер, билеттер, сұрақтар, бор.
Кіріспе бөлім:
1.Қатарға тұру
2.Рапорт беру
3.Амандасу
4. Сабақтың тақырыбын айту: Қазақтың ұлттық ойыны «Асық» ойыны.
Мұғалім: Ал , кәне балалар, Кім қазақтың ұлттық ойындарын айтады?
Сіздер білесіздер қазақтың ұлттық ойындары: Теңге алу, Көкпар тарту, Ақ сүйек, Көрші, Алтын сақа т.с.с.
Асық ойыны баланың жастайынан нерв жүйелерін шыңдап,оларды дәлдікке, ұстамдылыққа,байсалдылыққа тәрбиелеу. Асық ойынында тізілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты , ірі болуға тиіс.

Алтын сақа ойыны сақаның салмақты да алшы түсуіне байланысты.
Бұл ұту үшін өте қажет.Ойын басталар алдында ойын жүргізуші барлық ойыншылардың сақаларын жинап алып , ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін , яғникімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін ,сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе , сол бірінші асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді.
Ал енді Алтын сақа ойынын ойнайық
Бүгінгі сабақ математика пәніне икемделген түрі.
2.Екі топқа бөлінеміз.
3. Әділ қазылар мүшелерін сайлайық.
4. Енді сіздерге ойын шартын түсіндірейін.
Мына жерде тізілген әр асықтың астындағы билеттерде есептер бар. Мына атқан сақамыз қай асыққа тисе, сол асықтың астындағы сұраққа жауап бересіңдер, ұпай сол топтыкі.
Енді кім ойынды бірінші бастау үшін асық иіресіңдер, кімнің асығы алшы түссе сол топ бірінші бастайды.Егер есепті дұрыс айтпаса тез шығармаса , онда ол ұпай есептелмейді.
Қай топ көп ұпай жинаса Алтын сақа сайысының жеңімпазы аталады.
Жеңімпаздар ұпайы 10 және 5 деген баллмен бағаланады.


Негізгі бөлім:1) Бір жүз жасаған қария туған күнін тек 25 рет қана атап өткен. Қарияның туған күні қай күн.
(Жауабы: 29 ақпан).
2) Алты 7-ден 100 жаз .
(Жауабы: 777 – 77 =100).
7
3) 2 мен 3 арасына бір таңба қойғанда 2-ден артық 3-тен кем , сан шығады.
(Жауабы: 2,5).
4) 9 – 9
3 - 3 = 6 дәлелде
(Жауабы: (3+3) (3-3)
(3-3) =6)
5) Егер күндізгі 12 сағатта жаңбыр жауса , 36 сағаттан кейін күннің көзі шығуы мүмкінбе?
(Жауабы: Жоқ, түн).
6) Үстел басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны өз ара бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген. Сонда қалай?
(Жауабы: Атасы, баласы, немересі).
7) Көптен күткен қаңтар айы да келді.
Бірінші 1 алма ағашы гүлдеді де содан кейін 3 өрік ағашы гүлдеді. Қанша ағаш гүлдеді? (Жауабы: Қыста ағаш гүлдемейді).

Қорытынды бөлім:
Оқушыларды қатарға тұрғызу
Жақсы ойнап көзге түскен жақсы оқушыларды атау
Сабақты қорытындылау
Бағалау
Үй тапсырмасын айту
1 сұрақ) Бір жүз жасаған қария туған күнін тек 25 рет қана атап өткен. Қарияның туған күні қай күн.
2 сұрақ) Алты 7-ден 100 жаз .
3 сұрақ) 2 мен 3 арасына бір таңба қойғанда 2-ден артық 3-тен кем , сан шығады.
4 сұрақ) 9 – 9
3 - 3 = 6 дәлелде
5 сұрақ) Егер күндізгі 12 сағатта жаңбыр жауса , 36 сағаттан кейін күннің көзі шығуы мүмкінбе?
6 сұрақ) Үстел басында 2 әке және 2 бала отыр. Олар ыдыстағы 3 жұмыртқаны өз ара бөлісіп, әрқайсысы бір-бірден жұмыртқа жеген.
7 сұрақ) Көптен күткен қаңтар айы да келді.
Бірінші 1 алма ағашы гүлдеді де содан кейін 3 өрік ағашы гүлдеді. Қанша ағаш гүлдеді?