СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

сабақ жоспары жаңа бағдарлама негізінде жасалған. 

Просмотр содержимого документа
«7 сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар»

Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Құдайбергенова Н.С.

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мұхит суларының қозғалыстары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

7.3.3.6. Мұхит суының қозғалыстарын жіктеп түсіндіреді.

Сабақтың мақсаты

Барлығы біледі: мұхит суының қозғалысқа түсетінін біледі.

Көпшілігі біледі: дүниежүзіндегі ағыстарды біледі.

Кейбірі біледі: мұхит ағыстардың маңызын біледі.

Бағалау критерийі

Толқынның құрылысын суретке түсіреді.

Мұхит суының қозғалысын тудыратын себептерді түсіндіреді.

Мұхит суы қозғалысының құрлық климатына тигізетін әсерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: тақырып бойынша берілген мәтінді оқиды.

Тыңдалым, айтылым: ағыстардың климатқа әсерін талдап сипаттайды.

Жазылым: толқын элементтерін дәптерге түсіреді.

Құндылықтарға баулу

Қарым – қатынас жасау қабілеті.

Шығармашылық – сын тұрғысынан ойлау.



Пəнаралық байланыс

Физика – толқыннан энергия алу.

Алдыңғы білім

Ыстық орындық әдісі арқылы өткен сыныптардан алған білімдерін қайталау.

Жоспар



Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Түгелдеу. Психологиялық ахуал туғызу. Мұхит атауларын құрастыру арқылы топтарға бөлу. Топ атаулары: Тынық, Атлан т, Үнді, Солтүстік Мұзды.

1. Миға шабуыл әдісі (БС):

1. Ертеде теңізшілер бөтелкеге хат жазып, мұхитқа тастаған. Нәтижесінде батыстан жіберілген хат шығыстағы теңізшілерге жеткен. Мұның себебі неде?

Д: Ағыстардың әсерін дәлелдейді.

2. Атласта теңіз бетінде көк және қызыл түспен сызықтар берілген. Бұл сызықтардың себебін және түстердің әртүрлі берілуін түсіндіріңіз?

Д: Ағыстардың суық және жылы бөлып бөлінетінін біледі.

Олардың географиялық орынын біледі.

Толқын бөліктері арқылы бағалау:

Толқынның табаны - түсінбедім

Толқынның ұзындығы -

Толқын қыры – түсіндім.


Сабақтың ортасы

2. Видеоролик «Толқын және оның бөліктері» (Жж)

Тапсырмалар: Видеороликтен толқын элементтерін теріп жазыңыз.

Суретке толқынның элементтерін белгілеңіз.

Оқушылар бірін-бірін бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.

Д: Видероликтен толқын элементтерін дәптерге жазып алады. Суреттен толқын элементтерін белгілейді.

3. Картамен жұмыс(Ж):

Атластан жылы және суық ағыстарды тауып, кескін картаға түсіріңіз.

Мұхит ағыстарының құрлық климатына тигізетін әсерін анықтаңыз. (Қазақстан мен Ұлыбритания мысалында)

Топтар бір-бірін баспалдақ әдісі арқылы бағалайды.

Д: Ағыстардың кескін картаға түсіреді.

Климатқа ағыстардың әсерін талдай алады. Оларға мысал келтіреді.



Сабақтың соңы

4. Суреттерді мұхит суының қозғалысы түрлерінің атауларына сәйкестендіріңіз: цунами, ағыс, жел әсерінен пайда болған толқын.

Оқушылар өздерін өзі бағалайды.

Д: мұхит суының қозғалыс түрлерін ажырата алады.


Саралау – Сіз оқушыларға қандай тəсілмен көмектесесіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пəнаралық байланыстар.

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану

тапсырманы жандарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземін.

Әр тапсырмадан соң толқын бөліктері, өзін өзі, баспалдақ әдістері арқылы бағалау.




Сабақ бойынша рефлексия



Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында оқушыларға берілген тапсырмалар толығымен дерлік орындалды. Сабақ басында берілген мақсаттар мен бағалау критерилеріне негізделе тапсырмалар беріліп, көрсетілген мақсатқа жеттік.

Қорытынды бағалау



1




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!