СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

8 наурыз аналар мерекесіне арнал?ан ашы? т?рбие са?ат

Нажмите, чтобы узнать подробности

сынып о?ушылары  аналарына арнап ?ле? , та?па?тар айтып сыйлы?тар берді сонымен  ?атар сыныпта?ы ?ыздарды да  ??тты?тап ?нмен шашу  шашты

Просмотр содержимого документа
«8 наурыз аналар мерекесіне арнал?ан ашы? т?рбие са?ат»

Сабақтың тақырыбы: « Анамызға мың алғыс!»

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойында 8 наурыз мейрамын қастерлеу сезімін дамыту.Өздерінің сүйікті аналарына деген сыйластығын тәрбиелеу.Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.

Сабақтың барысы

1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.

Мұғалім:

Құрметті аналар мен әжелер, қыз-қызғалдақтар!

Сіздерді келе жатқан 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын.Деңдеріңізге саулық,отбасыңызға амандық, құт-береке, татулық, бақыт тілеймін.Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркен деген өмір құдіретті күннің ақ шуақ нұрынан, аяулы ананың ақ сүтінен жаралған.

Сіздерге өмір сыйлаған аяулы жан-асыл аналарыңа өмір бойы қызмет етсең де, оның бір түнгі ұйқысына да татымайды.

Ана балаға тек жақсылық тілейді, ұрпағының кейбір кемшіліктерін әр кез кешіреді. «Баланың табанына кірген тікен,менің маңдайыма қадалсын»деген мақал осының дәлелі.

Міне, сондықтан да ананың ақ сүтін ақтау үшін, оның өсиетін тыңдап, өнегесін орындап өсу, біздің перзенттік борышымыз екенін бар жан-тәнімізбен сезініп, тәрбиеленуге тиіспіз.

Аналар көктемгі күндей жарқырап гүлдей құлпырған, гүл мерекеңіз күн мерекеңіз құтты болсын!

Осы аналар мерекесіне арнап « Анамызға мың алғыс!» деп аталуының өзі, жайдан жай емес. Аналар аман болыңыздар! Күндей жарқырай беріңіздер!

І жүргізуші:

Наурыздың келер сегізі

Сәті түсті бүгін сізге

Балаңыздың жүрек жарды

Анаға айтар лебізі

І жүргізуші:

бүгін ерекше күн гой және келген қонақтар да жай қонақтар емес «Аналар». Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін уілдеген үнімен білдірсе, мен ер жете келе ерекше сезімді әнмен жеткізгім келеді.

. Бүгінгі күн, аяулы аналар, сіздер үшін де, сәбилеріңіз үшін де ерекше күн болмақ. Қиын да қысылтаң кезде шыдамдылықпен, ақылмен, мейірімділікпен аялай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, алғысымыз, әсем әніміз,көңілді күйіміз, демалыс кешіміз сіздерге арналады.

Қош келдіңіздер!Аяулы аналар, құрметті қыздар!



Дильназ

Аяулы да ардақты

Ашық аспан тілеймін

Ана сөзі жан-жақты

Бар баланы демеймін

Өмірге маған жол нұсқап

Тәрбие беріп өсірген

Қыңыр кетсем қолды ұстап

Қателігімді кешірген

Әлемдегі ең қымбат

Анашым менің анашым

Алысқа кетсем қол бұлғап

Сағынумен қаласың.

Аққайым

Күн сәулелі анашым,

Рухыңмен панасың.

Жадымда әркез қаласың,

Жүрегім боп соғасың.

Күн мейірімі төгілген

Ана ғана ғаламда.

Жақсы ананың шуағы

Мәңгі қалар санаңда.

Аналардың мейірімі

Тірлікті еткен ғаламат.

Ұмытпайық біз мұны,

Үлкен, кіші азамат.

Ән.Кешір ана ұлдар

Еркегүл

Ана деген - өмірімнің шырағы,

Өмір көзі – алтын күннің шуағы.

Дем беретін, сүйетұғын жанымен,

Шөл далада сусындайтын бұлағың.

Бала деген – анасының жүрегі,

Бала үшін ана өмір сүреді.

Егер бала көңілденіп, қуанса,

Анасы да қуанады, күледі.

Бегаділ

Анашым менің анашым

Көңілімді табасың

Сен ғой мені ойлайтын

Ерекшесін,панасын

Бір шытпайды қабағын,

Пісіретін тамағын.

Ана ғана бала үшін,

Бар бейнетке қалады

Анам менің данамсың

Қорғанымсың панамсың

Сені ғана жырлайтын

Жүректегі дара әнсін.

Армысыңдар сыныбымыздың асылдары

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй өлең мен би

Сіздер үшін бишілердің шашулары

Би: қыздар

Саяхат

Титтей бөбек кезімнен

Әлдилеген емізген

Еркелетіп клгізген

Алғаш «апа» дегізген

Кішкентайы мен үшін

Тағат байыз таппайтын

Не жемесін,не ішсін

Менсіз тағам татпайды

Шомылдырып кешкісін

Мен жатпасам жатпайды.

Анам менің қандай-ды!

Дархан

Ана деген ақылшың

Анаң барда батылсың

Қасында кім болса да

Тек анаңа жақынсың

Ән ой жеңге

Ортаға 7 аналарымызды шақырамыз шардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз

1. Сіздің жұмысқа баратын уақытыңыз. Сізді мектепке міндетті түрде шақыртады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде жұмысқа кетесіз бе?

2.Сізді достарыңыз туған күніне шақырды. Бірақ, сіздің балаларыңыз жалғыз қалады. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармайсыз ба?

3. Телеарнадан жақсы концерт болып жатыр. Балаңыз көркем фильм көрем деп сұрап отыр. Сіз не істейсіз?

4.Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз аузыңызға түседі?

5.Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?

6. Балаңыздың ренжігенің қалай білесіз?

І жүргізуші:

Ана – әлемдегі ең ардақты, құрметке ие, аяулы асыл жан. Елдің болашағын, заманының дарабозын, өмірдің сәйгүлігін тәрбиелеп, қанатын қатайтып, өмір нұрын сыйлаушы. Өмірдің соққан дауылды желінен, тағдырдың ойлы-қырлы соқпағынан жеңілмей, жеңіп өтуді үйретеді.

Адалдықтың сиқырын түсіндіру де нағыз аналардың арқасында асқақ қыздар, арыстандай ұлдар Отанның перзенттері болып өсіп жатыр.

Елдің тірегін тәрбиелеу халықтың тілегі мен аналардың құдіретінен қуат алады.

Көрініс: «Ананың жұмбағы».
Автор Бірде көп балалы ана ұлдарына былай депті:
Ана: Балапандарым, мен сендерге бір жұмбақ айтамын, сендер соны шешіңдер. Сендердің бәріңді 9 ай абақтыға жапса, одан шыққан соң ауызыңа өкпе тықса, арқанды ағашқа таңса, сол адамға не істер едіңіздер?
Тұңғыш ұл: Мен оның басын балтамен шабар едім.
Екінші ұл: Мен оны мылтықпен атып тастар едім.
Үшінші ұл: Оның мұрнын бұзар едім.
Кенже ұл: Жоқ, ана, мына үшеуінің жасайтындары ақымақтың ісі. Ал мен болсам, ол адамды аялап, өлгенше алақаныма салып бағар едім. Ол мені жарық дүние әкелуші адам. ол – асыл ана. Сіз бізді 9 ай көтердіңіз, бізге жарық дүние сыйладыңыз. Қырқынан шығардыңыз, ағаш бесікке бөледіңіз. Міне жұмбағыңыздың шешуі осы.
Ана: Жарайсың, кенжетайым!
Хан: Әй, кенже ұлым! Көркіңе ақылың сай болып өсіпсің. Анаң екеуіміздің көңіліміз толды. «Көктем» атты патшалықты өзіңе сеніп тапсырамын.
Хан батасы: Ізетті, инабатты, иманды ұл - қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар, бірлік пен татулықты серік етіңдер! Ана сыйлағанды Алла жарылқайды, аналарыңды сыйлаңдар!
Автор: Сонымен, хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұл ата тағына отырыпты

Гүлнұр

Ана деген - өмірдегі ардақтым,

Ана деген – баға жетпес қымбаттым,

Жаралды ғой барлық дана анадан,

Ана деген – қолдаушым мен қорғаушым,

Кейбіреулер жылатады анасын,

Қадіріне жете алмайды ананың,

Ана деген – қасиетті ұлы жан,

Анасыз бұл өмір деген құр қараң.

Аналар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын шарты бойынша үйдегі күнделікті атқаратын  тірліктерін пантомимо арқылы көрсетеді.Ол үшін  мына конверттерден өз қалауларыңызбен біреуін таңдаңыздар Анасы понтомимомен канвертте берілген тапсырманы бейнелейді,балалар қандай қимыл екендігін табуларың керек

Анель

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың

Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Анашым тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Бүгін сіз шаршамаңыз біздер үшін.

Әр балаң өсер ертең болып жүлдең.

Әнуар

Анашымның жылы-жылы сөздері,

Көңілімнің өсуіне себепкер.

Анашымның мейірімді көздері,

Өмірімді өмір бақи өбектер

Анашымның қас-қабағы түспесін,

Қайғыланып қара шайын ішпесін

Анасына еркелеген бар бала,

Анасы үшін тек жақсылық істесін.

Ән: Әжетайым

Көз алдыңа қыз десең гүл келеді,
Гүлсіз дала әлбетте сұр келеді,
Табиғаттың оларсыз еш сәні жоқ,
Гүлмен ғана дала әсем түрге енеді.
Көз алдыңа қыз десең, гүл келеді,
Жайқалады жер үсті, күллі әлемі
Соларменен қызықты мынау өмір
Лықсып - лықсып жүрекке жыр келеді дей келе сыныбымыздың ұлдары қыздарға арнаған әні мен тақпақтарын айтсын

Ән:Сұлу қыз

Анам маған күн мейірімін төгеді

Анам менің алтын айым көктегі

Ана деген әрқашанда асыл жан

Анам маған жүрек нұрын себеді

Анашым менің алиыным

Сенсің менің жақыным

Саған деген өмірде

Ақ алғысым көп менің

Ана асыл білемісің ол жайлы

Ол жанарды ренжітуге болмайды

Жан анасын аямаған адамзат,

Ғұмыр бойы тіршілікте оңбайды.

Осымен шағын мерекелік шарамыз аяқталды, назарларыңызға рахмет!


АНА ТУРАЛЫ ЖЫР


Сөзі Ғ.Қайырбековтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі


1.Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін жинадың сен маған.

Сен бердің құстардың қанатын самғаған,

Балалық құштарым өзіңе арнаған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің,

Самал жел, сая бақ құшағың мен үшін.

Есейіп кетсем де мен саған сәбимін.

Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

2.Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.

Іздедім сен үшін әлемнің асылын.

Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,

Сыйлар ем ай, күнін, қолыма түспеді.

Қайырмасы.

3.Ете гөр қанағат, әзірге берерім,

Балалық махаббат, балалық жүрегім.

Бол риза анашым, қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

Қайырмасы.























№ 37 жалпы орта білім беретін мектебі











Тәрбие сағаты



«Анамызға мың алғыс!»





Хор: «Анашым»

Әні: М.Омаровтікі

Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!